Діндарлар бұл жерде жындар болуы мүмкін деп санайды. Мәселен, атақты ислам ойшылы Фетхуллаһ Гүлен Бермуд үштағаны жөнінде сұрағандарға, бұл ғайып әлеміндегі метафизикалық күштердің әсері болуы мүмкін екенін айтады. Ол кісі ардақты Пайғамбарымыздың «Шайтанның тағы теңіздің бетінде салтанат құрған» - деген хадисін мысалға келтіреді. Яғни мұны кейбір теңіздерде шайтан тақ құрған деп ұғуға болады. «Жын-шайтандар осы жерде үстемдік құрып, кемелер мен ұшақтардың электронды құралдарын істен шығарып, апатқа ұшырауына сеп болуы бек мүмкін. Жындар мен шайтандар «от» пен «түтіннен» жаратылғандықтан, күннен келетін радиациялық толқындардың төтесінен шарпығанындай, электронды құрал-жабдықтарды тас-талқан етіп, сол арқылы техникалық құрылғыны істен шығаруы да мүмкін. Тіпті «Ұшатын табақша» деп жүргеніміздің өзі жын-шайтандар болуы әбден мүмкін. Ендеше, Бермуд үштағанындағы тылсым жағдайлар шайтанның аспаннан келіп, жер бетінің кейбір мекендеріне ықпал етуінің көрінісі болуы ғажап емес» дейді ғалым.
Толық мына жерден оқи аласыз:http://meshit-kokshe.kz/news/newsread/news_id-62
Менде сол туралы көп ойландым, оқыдым, видеосын көрдім, бірақ шеше алмадым.гуглден Бермудский треугольник деп іздеп көріңіз,видеосын көріңіз сосын!