0 дауыс
7.5k көрілді
Ана-тіл туралы таппақ керек еді, авторлар өзіміздің ұлы ақындар болса екен?

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Сөйлеме тілім, бұлтарып,
 Өзіңді сөз ет - ұлт арын.
 Түтінін түзу түзу қыл,
 Гүлденсін десең ұрпағың.

 Ана тіл - кәусар бұлағым,
 Қана алмас сенсіз құмарым.
 Әр әрпің маған - бір-бір тау,
 Шыңыңа қалай шығамын?

 Тіліңе берік байланғың,
 Тіл - айдын, келіп жайланғың.
 Аққудай аппақ арымсың,
 Ана тіл, сенен айналдым!




Тіл туралы жырлаудан жалықпаймын,
 Қадалам рухсыздарға қазықтайын.
 Тілімнің тіршілігін тұғырлы етер,
 Тірегін осы жырда анықтайын.

 Тілімнің болашағын жарық етер,
 Ана сүтпен тіл сиқыр қаныңа өтер.
 Аясы кең, мың түрлі мағыналы,
 Қазақ тілі жанымды жанып өтер.

 Тілімнің бек беделін үстем етер,
 Тек намыс тілдің туын жүлделі етер.
 Орысша сөйлдейтұғын қазақтардың,
 Қазақпын дегендері мүлдем бекер!

 Сыйлаймын адалдықтың арлыларын,
 Тілменен жайландырар жан құмарын.
 Ұрпағымды сөйлетем өз тілімде




Тіл болмаса, елдің құны көк тиын,
 Ел болмаса, ердің құны көк тиын!
 Анам тілі "қарағым"- деп, айтпаса,
 Ұл боп туып, жер баспағым жоқ мүлдем!

 Тіл болмаса, ел болғаннан не пайда?
 Ел болмаса, ер болғанан не пайда?
 Ақ жаулықты Әжем тілін ұмытсам,
 Жан жүрегім қаңырап бос қалмай ма?

 Тіл болмаса, елдің аты кім болад?
 Ел болмаса, ердің аты кім болад?
 Ана тілім сенен бүгін айрылсам,
 Көк түріктің сүйегі де күл болад!

 Сақау тілді, жауға азық, қара көз,
 Жаның қымбат, тек қазаққа, үлес қос.
 Ата - бабаң, кең даланың қожасы,
 Ана тілмен "Аттандайық" тізе қос










Еркелетіп, мейірленген әкемді,
 «Құлыным»-деп аялаған әжемді.
 Ана тілім мен өзіңнен іздеймін,
 Сағым болған ұмытылмас кезімді.

 Әкем айтқан ұлағаты өзіңде,
 Әлдилеген анашымның сөзі де.
 Туған тілім-нағыз досым өмірде,
 Сөйлемесең жай таппайды көңіл де.

 Туған тілмен ұрандадым «қазақ»-деп,
 Елім болды жат-жұрттықтан азат деп.
 Желтоқсанда жарқырап алға шыққандар,
 Армандады «туған тілім, елім еркін болар»-деп.

 Қазақ елі қалыптасты өзіңмен,
 Ұлдар өсті тәлім алған сөзіңнен.
 Қара көздер ұмытқандай болса егер,
 Жан болғаны өз елінен безінген.

 







Қазақ тілім,ардағым,
 Бұл әнімді бір өзіңе арнадым.
 Сен арқылы биікке мен самғадым,
 Сендей тілде ән жазуға талмадым.
 Ана тілім,тұла бойды жылы сезіммен баурадың,
 Жрегімді асыл тормен торладың.
 Сексен тоғызда дүние есігін ашып сен,
 Елімнің бүкіл жерін аз уақытта шарладың.
 Неткен сұлу,неткен ғажап тіл едің,
 Түнменен алмаспайтын күн едің.
 Өмңрде болдың маған тірегім,
 Жүрекке жылы әсерлі жұпар иісті гүл едің.
 Ардақты ана сүтімен
 Бойымда сен орнадың.
 Жүрегімді жайладың,
 Ана тіліме айналдың.
 Жан бар әлі елімде
 Туған тілін білмейтін,
 Ана тілін шын жүрекпен сүймейтін,
 Қазақ тілдің құдіретін көрмейтін.
 Оян,ұлтым,
 Бағала тілдің байлығын,
 Мойында тілімнің барлығын.
 Сендей тілді иемдеген бұл жұртта,
 Сендей тілде ән тыңдаған халықта,
 Сендей тілде тіл табысып,сөйлескен
 Арман бар ма, тілек бар ма бұл жұртта?
 Шарықтайсың биікте әлі мәңгілік,
 Қалыспайсың өзге тілден,тең келіп.
 Жаса мәңгі,аяулы тілім,бай тілім,
 Қазақ тілім,ана тілім,жан тілім!!!!!!!!!!!!!
кещір араласып кетті. 3-3 шумақтан бөл
көп рахмет!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
...