0 дауыс
5.0k көрілді
Драйвер деген не оның түрлері?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Драйвер - (ағылш. drіver — жүргізуші) — компьютердің сыртқы құрылғылармен өзара әрекеттесуін басқаратын бағдарлама. Драйверлер компьютерді басқаратын операциялық жүйелердің (MS DOS, Wіndows, Unіcs, т.б.) cыртқы құрылғылармен (принтер, сканер, магниттік дискілер, лазерлік дискілер, пернетақта, курсорды өзгерткіш қолтетік, т.б.) байланысын орнатуы арқылы олардың мәлімет алмасу процесін қадағалап, дұрыс жұмыс атқаруын жүзеге асырады. Компьютердің кеңейтілген жедел жадын басқару бағдарламасы да драйвер болып есептеледі. Әрбір сыртқы құрылғының өз драйвері бар. Мысалы, принтер драйвері компьютер процессорынан келіп түскен сигналдарды саралап, қағазға басу процесін басқарады. Драйверлер жаңадан шығып жатқан компьютер құрылғыларының қалыптағы қолданылу өрісін кеңейтіп, олардың дискіден мәліметтер алу жылдамдығын арттыруды, әр түрлі ұлттық әліпби әріптерін пернетақта арқылы енгізу, дисплей экранына шығару, қағазға басу істерін, т.б. жеңілдетуге көмектеседі. Мысалы, компьютерде басқа бір жұмыс атқарылып жатқанда, драйвердің көмегімен бір мезгілде әуен тыңдауға, факс қабылдауға, алдын-ала дайындалған мәліметтерді қағазға шығаруға болады. Драйверлер стандартты (ішкі) және жүктемелі (сыртқы) болып екіге бөлінеді. Ішкі драйверлер операциялық жүйе құрамында орналасып, компьютердің стандартты құрылғыларын басқарады. Сыртқы драйверлер немесе утилиттер магниттік дискіде орналасып, компьютердің стандартынан тыс ерекшеліктері бар құрылғыларды басқарады. Драйверлерді әрбір елдің бағдарлама жасаушы мамандары да жасай береді. Олар тексерістен өткізілгеннен кейін сол елдің стандартты бағдарламалар қорына қосылады. Қазақстанда Алси, Глотур, Ізет фирмалары жасаған драйверлер түрі кең қолданыс табуда (2000).    [Міне драйверлерді осы сайттан алсаң болады][1]      Жауап ұнаса ЖЖб


  [1]: http://Driver.ru

Ұқсас сұрақтар

...