+1 дауыс
81.9k көрілді
Менің сіздерге қоятын сұрағым мынау ғана. Неологизмдер деген не?

12 жауап

0 дауыс
Неологизмдер дегеніміз – тілде қоғамның және түсініктердің дамуына байланысты пайда болған жана сөздер жиынтығы. Осы неологизмдердіаудару технологиясы аударма тәжірибесінде өте маңызды мәселе болып табылады. Кейде белгілі бір сөздерді неологизмдер қатарына жатқызу уақыт талабына, қоғамның, ғылымның, техниканың және де әрине тілдің дамуына байланысты болады. Мысалы 100 жыл бұрын неологизмдер деп саналған самолет – ұшақ, летчик – ұшқыш сөздері және 50 жыл бұрын неологизм атанған телеведение – теледидар сөзі қазіргі таңда неологизмдер емес.
0 дауыс
жаңарған сөздер немесе жаңадан қолдансқа енген сөздер, мысалы техникаға механикаға баилнсты
0 дауыс
Неологизм– (гр. neos – жаңа, logos – сөз) – қоғамдағы саяси, мәдени, экономикалық қатынастардың, ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілге енген жаңа сөздер мен сөз тіркестері, фразеологиялық оралымдар. Неологизм лексикалық және семантикалық. болып екіге бөлінеді. Лексикалық неологизмге жаңа ұғымдардың тууымен бірге пайда болған жаңа терминдер жатса, семантикалық неологизм деп сөзбе-сөз аудару арқылы төл сөзге қосылған жеке мағынаны айтуға болады. Мысалы, кесте (таблица), шөгінді (осадки), т.б. Неологизм сөзжасамдық калькалау, (макроұя, кодтану), сондай-ақ морфологиялық, синтаксистік-морфологиялық, семантикалық-морфологиялық тәсілдер арқылы жасалып, тілдің сөздік құрамын байытады. Шет тілден енген сөздердің басым бөлігі өздерінің бастапқы мағынасын сақтайды, семантикалық жақтан өзгерістерге көп ұшырамайды. Неологизм төл сөздермен де беріле алады, сөздік құрамда бұрыннан қолданылып жүрген сөз тұлғалары жаңа мағынаға ауысып, жаңа ұғымды белгілеуге мүмкіндік алады. Алғашқыда неологизм ретінде танылған сөздер жалпыхалықтық қолданысқа түскен кезде неологизм болудан қалады. Мысалы, атом, теледидар, космос, ракета, редактор, анализ, т.б. Неологизм тілдің лексикалық құрамына ауызша және жазбаша түрде енеді. Ауызша енген сөздердің көпшілігі тұрмыс қажетіне, мәдениетке қатысты атаулар болса, жазбаша енген неологизм ғылым мен техниканың жетістіктеріне қатысты болып келеді. Қазіргі тілімізде жасалған неологизмнің көпшілігі сөз тіркестері түрінде келіп, анықтауыштық қатынаста болады. Мысалы, антропогендік фактор, компьютерлік жүйе, компьютер орталығы, т.б. АҚШ-та, Францияда, Жапония елдерінде неологизмді зерттейтін арнайы орталықтар құрылып, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді.Неологизм екі түрлі жолмен жасалады.
1) Бұрын-соңды тілде болып көрмеген, жаңа ұғымдардың пайда болуымен байланысты. Мысалы, революция, колхоз, совхоз, кино,театр,телевизор, спутник, ракетчик, бригада, фермер т. б.
2) Бұрыннан тілде бар атауларды жаңартып, ескіні жаңғыртып, жаңаша мән беріп, түрлендіріп қолдану негізінде пайда болады. Неологизмдердің ұлттық тілдің байып, дамуы үшін, оның жаңа мағыналы сөздермен толықтырылып отыруы үшін мәні зор.Жауап ұнаса жақсы жауапты баса сал
0 дауыс
Баска сайттагыларды жибермей нормальный ответ беру киынба? Безобид шындыкко!
0 дауыс

Сөздік қорға жаңадан енген сөздер неологизмдер деп аталады. Олардың тууына 2 түрлі себеп бар:

1. қоғамның дамуына байланысты енген жаңа ұғымдардың атаулары

2. Тілімізде бұрыннан қалыптасқан кірме сөздердің орнына жаңа аталымдар қолданылады

0 дауыс
Жаңадан енген сөздерді неологизм деп атаймыз.Ол үш түрде жасалад:шет тілден енген;күрделі сөз арқылы;жұрнақтар
арқылы.Мысалы:ноутбук,планшет,сыйақы,БҰҚ,зияткерлік,т.б
0 дауыс
Ғылым мен техниканың,шаруашылық пен өндірістің,мәдениет пен тұрмыстың кеңінен дамығантұсында тілге жаңа ұғымдарды білдіретін жаңа сөздер енеді.Мысалы:жағдаят,үнтаспа,жазылым,ландшафт,патент,фабула т.б сөздер.Бір кезеңде тіліміздегі класс,глобус,электр,комбайн,партия сөздері неологизмдер болып саналғанмен,қазәр олар жалпыхалықтық сипат алып кеткен сөздер.Халыққа әбден танылып,түсінікті болғаннан кейін жаңа сөздер неологизмдердің қатарынан шыға бастайды.
0 дауыс
Неологизм - Архаизмге қарама-қарсы құбылыс . Қоғамдық  қатынастар,  ғылым мен техника,  мәдениет пен шаруашылықтың дамуымен байланысты тілде пайда болған жаңа сөздер.
0 дауыс
Неологизм– (гр. neos – жаңа, logos – сөз) – қоғамдағы саяси, мәдени, экономикалық қатынастардың, ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілге енген жаңа сөздер мен сөз тіркестері, фразеологиялық оралымдар.
Неологизм лексикалық және семантикалық. болып екіге бөлінеді. Лексикалық неологизмге жаңа ұғымдардың тууымен бірге пайда болған жаңа терминдер жатса, семантикалық неологизм деп сөзбе-сөз аудару арқылы төл сөзге қосылған жеке мағынаны айтуға болады. Мысалы, кесте (таблица), шөгінді (осадки), т.б. Неологизм сөзжасамдық калькалау, (макроұя, кодтану), сондай-ақ морфологиялық, синтаксистік-морфологиялық, семантикалық-морфологиялық тәсілдер арқылы жасалып, тілдің сөздік құрамын байытады. Шет тілден енген сөздердің басым бөлігі өздерінің бастапқы мағынасын сақтайды, семантикалық жақтан өзгерістерге көп ұшырамайды. Неологизм төл сөздермен де беріле алады, сөздік құрамда бұрыннан қолданылып жүрген сөз тұлғалары жаңа мағынаға ауысып, жаңа ұғымды белгілеуге мүмкіндік алады. Алғашқыда неологизм ретінде танылған сөздер жалпыхалықтық қолданысқа түскен кезде неологизм болудан қалады. Мысалы, атом, теледидар, космос, ракета, редактор, анализ, т.б. Неологизм тілдің лексикалық құрамына ауызша және жазбаша түрде енеді. Ауызша енген сөздердің көпшілігі тұрмыс қажетіне, мәдениетке қатысты атаулар болса, жазбаша енген неологизм ғылым мен техниканың жетістіктеріне қатысты болып келеді. Қазіргі тілімізде жасалған неологизмнің көпшілігі сөз тіркестері түрінде келіп, анықтауыштық қатынаста болады. Мысалы, антропогендік фактор, компьютерлік жүйе, компьютер орталығы, т.б. АҚШ-та, Францияда, Жапония елдерінде неологизмді зерттейтін арнайы орталықтар құрылып, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді.[1]
Уақыт өте келе неологизмдер адам өміріне сіңісіп, үйреншікті сөздерге айналады. Солай тілімізде тұрақты сөздерге айналады.
0 дауыс
Қазірі таңда пайда болған сөздер неологизмдер яғни жаңа сөздер мысалы бренд expo əлеуметтік желі
0 дауыс
Неологизм– (гр. neos – жаңа, logos – сөз) – қоғамдағы саяси, мәдени, экономикалық қатынастардың, ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілге енген жаңа сөздер болады да , уақыт өте келе жалпы қолданыстағы көп сөздің біріне айналады. мысалы: зымыран,ұжым, елтаңба, мәзір, тұғыр-тас,ермексаз.т.б
0 дауыс
Неологизм-(гр.neos-"жаңа",logos-"сөз")-қоғамдағы саяси,мəдени,экономикалық қатынастардың,ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілге өнген жаңа сөдер мен сөз тіркестері,фразеологиялық оралымдар.Олар тілге алғаш енген кезде жаңа сөздер болады да,уақыт өте келе жалпы қолданыстағы көп сөздің біріне айналады.Мысалы:зымыран,ұжым,елтаңба,мəзір,тұғыртас,ермексаз,инфрақұрылым жəне т.б

Ұқсас сұрақтар

...