+1 дауыс
178k көрілді

Толық аңыз керек көп болса. Қорқыт ата туралы аңыз әңгімелер?

Қорқыт өлімге бойұсынбай, ажалдан құтылмақшы болып, қашып дүние жүзін кезеді. Қайсы жерге барса да, алдынан қазылып жатқан көр шыға береді. Ақыры өлімнен құтылмасын білген Қорқыт ата Сырдарияның ағын суының үстіне кілем жайып жіберіп, қарындасын қасына алып, сол кілемнің үстінде отырып елмен, жерімен, қарындасымен және өзінің өмірімен қоштасқан зарлы күйлерін тартады. Өзен бойында отырған елдердің қобыздың зарлы дауысын естігендері шыдап тұра алмай, өзеннің екі жағалауына топыла жиналып, емірене тыңдасады.

Өзен жағалауынан сыртқары түстік жерде отырған көшпелі елдердің де кешқұрым қобыз даусын естіген қырық қыздары жақын жерде шығар деп қызыққаннан жүгіре-жүгіре жете алмай, отыз тоғыз қыздың өкпелері өшіп, жолда өледі. Олардың ішінен жүгіре алмай жайымен жүрген бір ақсақ қыз ғана Сырдың жағасына жетіп, Қорқытты көріп өледі. Сол ақсақ қыздың моласы — Қорқыт атаның қойылған жерінің тура сол төстігінде арасы бір шақырымдағы жердегі шыңның басына орнатылған мұнара. Осы кезде де жұрттың бәрі оны «Ақсақ қыздың белгісі» деп атайды.

Қорқыт атаның үстінде отырып қобыз тартқан кілемін Сырдың ағысы иінге соқтырып тоқтатқан жерінде қазулы көр алдында дайын екен. Әзірейіл жан алғыш та жетіп келеді. Сол сәтте Қорқыт тылсыммен өзін көбейтіп, қырық Қорқыт етіп көрсетеді. Олардың қайсысы Қорқыт екенін айыра алмай сасқан «жан алғышқа» сол кезде Құдірет парман етеді: «Қырқының қайсысы бұрын кірпігін қақса, соның жанын ал! — дейді. Жаны бар Қорқыт кірпігін қаққан кезде жаны алыныпты. Сол жердегі дайын көріне Қорқыт ата қойылады. Осылай деп білетін жұрттың көпшілігі осы кезге шейін Қорқыт атаның сол орнын қадірлеп, құрмет тұтады.

Маған Қорқыт ата туралы қысқа аңыз керек еді көмек керек еді

7 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Қорқыт Ата туралы аңыз

Аңыз бойынша, анасы Қорқытты құрсағында үш жыл бойы көтеріп жүріпті. Жылына бір рет толғақ қысып отырады екен. Қорқыт дүниеге келер алдында әлемді үш күн, үш түн бойы көзге түртсе көргісіз қараңғылық басады. Сұрапыл қара дауыл соғып, ел-жұртты қорқыныш сезімі билеген. Осыған орай баланың атын “Қорқыт” деп қойған дейді. “Қорқыт” сөзінің этимол-сын Ә.Қоңыратбаев “құтты адам, құт әкелетін адам” деп көрсетсе, С.Қасқабасов “өмір сарқылды, адам өлді” деген мағынаны білдіреді деп санайды. Е.Тұрсынов түркі халықтарының фольклорына сүйене отырып, “дада, деде” деген сөздерді “насихат айтушы жырау” деп түсіндіреді. В.Жирмунский Қорқыт Атаны магиялық аспап – қобыздың иесі, шаман, абыз ретінде қарастырады. Қорқыт атаның тарихи тұлға екенін растайтын жазба ескерткіш – “Қорқыт Ата кітабы” (“Китаби дәдәм Корқуд”). Онда Қорқыт Ата жырау, ақылгөй, данышпан, көсем, бақсы, күйші ретінде көрінеді. Кітаптың басында Қорқыт атаның нақыл сөздері келтіріледі. Ол “өмір барда өлім бар, өзгеру бар, өлмес өмір жоқ, сынбас темір жоқ, бәрі де өледі, өзгереді, ұмыт болады, тек мәңгі-бақи өлмейтін, ұмытылмайтын нәрсе – адамның өмірінде істеген игілікті ісінің нәтижесі” дейді. Қорқыт Ата жөніндегі аңыздарда түркі халықтарының өмір мен өлім мәселесі туралы көзқарастары көрініс тапқан. Аңыз бойынша, Қорқыт Ата ұйықтап кетіп, “егер өлімді есіңе алмасаң, мәңгі өмір сүресің” деген аян естиді. Біраз уақыт өткен соң бір баспақты қуып жүріп, жете алмағасын, “Өлсем де, жетемін!” дейді. Соны айтуы мұң екен, Әзірейіл келіп, “Сен өлімді еске алдың, енді өлесің!” дейді. Аңызда Қорқыт Ата өзінің жүйрік желмаясына мініп, халқы бақытты өмір сүретін жерұйықты іздеуші, ғұмыр бойы өлімге қарсы күресуші жан ретінде суреттеледі. Ел-жұртты өзінің жырымен де, күйімен де аузына қаратқан, ғұмырының соңында бірлігі ыдырай бастаған жұртының алауыздығына күйінген Қорқыт Ата мәңгілік өмір сырын іздеп дүниенің төрт бұрышын кезіп кетеді. Бірақ қайда барса да, алдынан көр қазып жатқан адамдарды жолықтырады. “Кімнің көрі?” деген сауалына “Қорқыттың көрі” деген жауап естиді. “Қайда барсаң да Қорқыттың көрі” деген сөз осыдан қалған. Ақыр аяғында жер кіндігін тапсаң, тірі қаласың деген аян естіп, туған жері – Сыр өңіріне оралады. Содан мәңгі өмір тек өнерде деген ойға келіп, қобыз аспабын ойлап шығарады. Тағы бір аңыз бойынша, өзен ортасына кілем жайып, үстінде отырып қобыз тартқанда, күй күшімен суға батпайды екен. Қорқыт Ата қобыз тартқан жылдары өлім болмаған, тек бақытты тіршілік болған дейді. Бірақ Қорқыт Ата шаршап, ұйықтап кеткен сәтінде судан кішкентай қайрақ жылан шығып, оны шағып өлтіріпті дейді. Аңызда ажал ашық келмей, жылан кейпінде келеді. Бұдан халықтың өлімге деген көзқарасын, “ажал айтып келмейді” деген филос. тұжырымның негізін көреміз. Қорқыт Ата туралы аңыздарда кездесетін үлкен философиялық мәселе – уақыт пен кеңістік мәселесі.

Бұл аңыздарда Қорқыт Ата өлімнен қашып, бүкіл ғарышты аралайды. Түсінен шошынған ол ажалдан құтылу үшін ертеңіне дүниенің екінші шетіне көшіп кетеді. Мұнда ол баяғы түсті тағы көреді. Таң атысымен тағы да жолға шығады. Не істерін білмей, жердің ортасына бармақ болады. Жер ортасы Сырдың жағасы, қазіргі Қорқыт моласы тұрған тұс екен. М.Әуезов: “ажалды тоқтату мүмкін еместігін мойындағысы келмеген Қорқыт Ата жұрттан безіп, айдалаға, табиғат аясына кетеді, бірақ таулар да, жазықтар да, ормандар да оған өлім күтіп тұрғанын айтады. Содан қорқып, шырғайдан алғашқы қобызды жасап, жер бетінде бірінші болып күй тартады. Сөйтіп өлмеудің амалын өнерден табады”, – деп жазады. Қазақ аңызындағы Қорқыт Ата бейнесі енді өлімнен қашқан шаман емес, керісінше, өмір үшін күрескен, өлімнен құтылуды қандай бір құдіретті күштен емес, өнерден іздеген, ажалмен айқасқан алып рухани тұлға болып көрінеді. Зерттеушілер өлімнен қашқан Қорқыт Ата философиясын әйгілі шумер эпосы “Гильгамеш туралы жырдағы” Гильгамеш әрекетімен салыстырады. М.Әуезов Қорқыт аңызын адамзатқа от ұрлап әкеліп сыйлаған Прометей туралы грек аңызымен теңестіреді. Тарихи деректер мен ғылыми пайымдауларды түйіндей келе, Қорқыт Атаны исламды әлі толық қабылдамаған түркі тайпаларының мәдени рәмізі деп қарастыруға болады. Аңыз әңгімелерде Қорқыт Ата өзінің желмаясына мініп, халыққа мәңгілік бақыт әкелетін жерұйықты іздеген данагөй ойшыл. Зерттеуші Е.Тұрсыновтың түсіндіруі бойынша, бұл жердегі желмая қобыздың рәміздік бейнесі болып табылады. Өйткені ол мәңгілік өмірді қобыздың сарынынан табады. Ең ақырында қобыз күйімен көз жұмып, артындағы ұрпақтарына өлмес күйлерін қалдырады. Қорқыт Ата жырларының философиялық мән-мағынасының алтын діңгегі – әлемді, табиғат заңдарын көркемдік таным тұрғысынан игеру. Оның өмір сүйгіштік дүниетанымы күнделікті күйкі тірліктің шеңберінен шыға білу және адамзат үшін әрбір тіршілік сәтінің құнды екенін ескерту, қайталанбас уақытты қадірлеуге шақыру, сол арқылы өмірді мәңгілік ету идеясы Қорқыт философиясының іргетасын құрайды. Толығырақ http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%BE%D1%80%D2%9B%D1%8B%D1%82_%D0%90%D1%82%D0%B0
+2 дауыс
Қорқыттың аты түрік тектес халықтар арасында  әртүрлі  аңыздар  арқылы  жақсы танымал. Қазақ аңызы бойыншаҚорқыт – әуен, әннің атасы, аңыз– адам, сыбызғы киесі. Аңыз бойынша Қорқыт жастайынан адам өмірінің сонша қысқалығына налып, қашсаң құтылмас ажалға қарсы күрескісі келеді. Өз ойын іске асыру үшін және мәңгілік өмір туралы арман қуған  Қорқыт  адамдар  ортасынан  кетеді, бірақ, қайда барса да, оның алдынан көр, өлім шығады: ормандағы құлап, шіріп жатқанағаш та, даладағы қураған шөп те, тау да, тас та – барлығы Қорқытты өлім күтіп тұрғандығынан хабардар етеді.“Қайда барсаң  да  – Қорқыттың көрі” деген халық мәтелі осыдан қалған. Мұны  тығырыққа  тірелгенде,  бір нәрсеге жолы болмағанда қолданады. Қорқыт жан – дүниесінің күйзелгенін басу үшін шырғай ағашынан алғашқы қобыз жасайды да, оған шек тартып, азапқа толы ойы мен сезімі осы сыбызғы  арқылы  шертеді.  Жыршының жан дүниесінен өрілген осы сыбызғы сазы бүкіл әлемге таралды, кереңнің құлағына жетті, – дейді аңыз.  Сол ықылым заманнан бері Қорқыт әуені мен қобызы – оның көзіндей, киесіндей халық жүрегінде жасап келеді.
0 дауыс
Қорқыт Ата[1] – түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыт Ата өмірде ізі, артында әдеби-музыка мұрасы қалған тарихи тұлға ретінде белгілі. Қорқыт Атаның өмір сүрген кезеңі туралы ғылымда әр түрлі болжамдар қалыптасқан. Алайда зерттеулердің көпшілігі Қорқыт Ата Сырдария бойында өмір сүрген оғыз-қыпшақ тайпалық бірлестігінде 10 ғасырдың басында дүниеге келген деген тұжырымға саяды. Рашид әд-Дин “Жамиғ Ат-Тауарих” атты тарихи шежіресінде Қорқыт Атаны қайы тайпасынан шыққан десе, Әбілғазының “Түрік шежіресінде” оның тегі баят екендігі, оғыздардың елбегі болып, 95 жасқа келіп қайтыс болғандығы айтылады. Сыр жағасына жақын жерде Қорқыт атаның зираты болғанын Ә.Диваев, т.б. ғалымдар өз еңбектерінде атап өтеді. Ә.Қоңыратбаевтың зерттеулерінде Қорқыт ата 11 ғасырдың басында дүниеден өткен делінсе, Ә.Марғұланның еңбектерінде ол 7 – 8 ғасыр аралығында өмір сүрді деген пікір айтылады. Қазақ философиясы тарихында Қорқыт Ата– ел бірлігін нығайтқан кемеңгер қайраткер, түркі дүниетанымының негізін жасаған ғұлама ойшыл, әлемдік ақыл-ой мәдениетінде өзіндік орны бар философ-гуманист ретінде көрінеді. Қорқыт Ата жайындағы аңыздардан оның бойындағы үш түрлі өнер ерекше айқындалады. Біріншіден, ол оғыз-қыпшақ ұлысынан шыққан айтулы бақсы, [[|Абыз (адам)|абыз]]. Екіншіден – күйші, қобыз сарынын алғаш туындатушы өнерпаз. Үшіншіден – әйгілі жырау, оның жырлары оғыз-қыпшақ өмірін бейнелеген әдеби-тарихи мұра. Түркі халықтарының фольклорындағы Қорқыт Ата туралы аңыз әңгімелердің бірі оның туылуына байланысты. Қорқыт - түркілердің оғыз ұлысынан шыққан асқан сәуегей, бақсы, күйшілік, жыршылық өнерлерінің атасы болып табылады.
+1 дауыс
Қорқыт - бағзы замандарда өмір сүрген бабаларымыздың бірі.

Ол - қобыз атасы, сазгер, жыршы, ақын, бақсылардың қамқоршысы.

Ұлы бабамыз шамамен VIII-IX ғасырларда Сыр бойында туып-өскен. "Қорқыт ата кітабы" әдеби ескерткіштерінен, тегі түрік оғыз тайпасынан шыққандығын білуге болады. Ол - Орта Азия халықтарына және басқа түркі тектес халықтарға ортақ тұлға. Әкесінің аты - Қарақожа. Шешесі қыпшақ тайпасынан.

Әріден қозғасақ, Әбілғазының "Түрік шежіресі" мен Рашидәд-Диннің "Жамиғ ат-тауарих" Қорқыт туралы айтылады. Әбілғазы "Қорқыт бес ханға уәзір болды", Рашидәд-Дин оның "ұзақ өмір сүргенін" баяндайды.

Ш. Уәлиханов Қорқыттың балгерлігі, ақындығы, музыкалық өнері жайында құнды пікірлер қалдырған. М. Әуезов пен Ә. Марғұлан да Қорқыт туралы тамаша пікірлер жазған. Ұлы бабаның өмір туралы философиясы мен ажалмен алысқан аңыздарында, оптимистік сарын жатқанын тілге тиек етеді.

Қорқыт - қобыз арқылы музыка өнерінің негізін салған ұлы сазгер әрі жыршы. Сонымен бірге, ел басқарған данышпан, қасиетті әулие. Аңыздарға сүйенсек, ол өзгеше бір музыкалық аспап жасау үшін ойланып-толғанып жүреді. Бір күні қалғып кеткен оған періштелер аян береді. "Ағаш аспапқа түйенің көнін қаптап, жылқының қылынан шек жаса", - дейді. Соны орындап, әлгі аспапты қолға алып тарта бастағанда керемет бір әуен шығады. Содан бері "Қорқыттың қобызы" деген сөз қалған. Ол қобыздың музыкалық дыбысталуынан үшкіру, ауа, сиқыр өткізген.

Қорқыттың дүниеге келуі де ғажайып сырға толы. Оны анасы босанарда аспанда күн тұтылып, дүниені қараңғы түнек қаптап, жауын-шашынды дауыл соғады. Күшті күн күркіреп, найзағай ойнайды. Жұрттың есіл-дерті қалмай қорқып, зәресі ұшады. Қорқыт жарық дүниеге келгенде, әлгіндей табиғат құдіреті бірден тоқтап, әлем шайдай ашылады, мамыражай бір тып-тынық күй орнайды. "Апырмай, бұл бала дүниеге жұртты шошындырып, қорқыта келді ғой, соған орай есімін де Қорқыт қоялық", - деседі жұрт...

Уәлихановтік-Потаниндік түсіндірме "қорқыт" сөзі - адамзат тұрмысының жағдайын көрсететін "қорқыту" сөзінен шыққан деп Қорқыт жайындағы аңыз әңгімелер Ә. Науаи арқылы белгілі болып, түркі халықтары, әсіресе қазақтар арасында кең тарады.

Қорқыттың пайымдауынша, адамдар адамилық қасиеттерін сақтап қалу керек. Адам үшін ең қауіптісі - адамилықты жоғалту. "Қонақ келмес үйдің қирағаны жақсы, жылқы жемес шөптің шықпағаны жақсы, адам ішпес ащы судың ағысты жылғаларды қумағаны жақсы, атаның атын былғайтын ақылсыз ұлдың тумағаны жақсы". "Адам қанша қажетсінгенімен, ол өз үлесінен артық жей алмайды". Сол аңыздарда Қорқыт жер-жаһанды кезіп, "басқа елден әркімге өз елінде жақсы" деген ой түйіндегенін байқауға болады. Оның айнымас досы, сиқыршы Желмаясы болды.

Қорқыттың күй мұрасынан әзірге белгілі жиырма шақты шығармасы ғана. Күйтабаққа түсіріліп, жазылып алғаны он бір. Әр күйдің өз тарихы бар. Мысалы, "Қорқыт" күй туралы аңызда өлмес өнер жасап, өліммен күресу жайында оқиға бар. Сырдария суының бетіне кілем төсеп, күндіз-түні қобызын сарнатқан Қорқыт өлімді келтірмейді. Бұл арман-мұратының, философияның нағыз өнер арқылы көрінуі. Ол тек Қорқыттың ғана қолынан келген.

"Қорқыт ата кітабы" - кейіннен түркі халқының құрамына қосылған оғыз тайпасының эпикалық жазба ескерткіші. Кітап оғыздардың өмірі жайында баяндайды. Оғыз-қыпшақ тайпаларына ортақ тілде жазылған. Кітаптың араб әрпімен жазылған екі нұсқасы сақталған (Дрезден, Ватикан). Әр жырдың өзіндік сюжеті бар. Олардың әрбірінде көріпкел, тайпа көсемі, ақылгөй Қорқыт ата бейнесі берілген. Әрбір жырдың соңы Қорқыт атаны мақтаумен аяқталады. Кітап ақыл-өсиет, мақал-мәтел, нақыл, шешендік сөздерге толы.

Бір қызығы, мұнда Қорқыт әрі автор, әрі кейіпкер ретінде көрінеді. Еңбектің басқалардан ерекшелігі де осында. Жырдың кіріспесіндегі: "Баят руында Қорқыт ата дейтін білікті, сәуегей адам болыпты. Тәңірі зердесіне салған соң, оның барлық болжамдары қатесіз болған... оғыз тайпаларында Қорқыт ата ең қиын деген мәселелерді шешкен. Қандай ғана қиын іс болмасын Қорқыттың ризалығын алмай, ел ешбір жұмысқа қол ұрмаған. Ел оның барлық өсиетін бұлжытпай орындаған" деген сөздерден-ақ біраз жайды аңғаруға болады.

Ә. Қоңыратбаев "Қорқыт жырларын" ондағы шежірелік арқауға орай үш кезеңге бөлген:

Оғыз-қыпшақ ұлысының ұйымдасу кезеңін суреттейтін жырлар.
Түрікмендер мен пешене тайпалары арасындағы 34 жылға созылған алалықты суреттейтін жырлар.
Оғыз-қыпшақ ұлысының ыдырауын білдіретін жырлар.
Ондағы оқиғалар Сыр бойында, Орта Азия, Кавказ жерлерінде өтеді. Одан кең даланы мекендеген рулардың құралу, ыдырау тарихы аңғарылады. Бамсы-Байрақ жыры Алпамыспен ұқсас болса, Үсүн қожа - қазақтың үйсін тайпасының атасы. Қорқыт ата жайындағы аңыздар қазақ, қырғыз және т. б. түркі халықтарының арасында сақталған.

Кітапта қазіргі қазақ тіліндегі географиялық атаулар көптеп кездеседі. Бұл кітаптың қазақ этносына енген әртүрлі түркі тайпалары мекен еткен қазіргі Қазақстан жерімен тығыз байланысты екенін дәлелдейді. "Қорқыт ата кітабы" түркі халықтарының тарихи ескерткіші болып табылады.

Мұраның орыс тіліне толық аудармасын В. В. Бартольд 1922 жылы жасады, ол 1962 жылы жарық көрді. Ал қазақ тіліне аудармасын Ә. Марғұлан, Н. Келімбетов, Ә. Қоңыратбаев сынды қазақ ғұламалары 1986 жылы басып шығарды.

Қорқыт туып-өскен қазіргі Қызылорда облысының Төретам станциясынан бес-алты шақырым жерде, Сырдарияның жағасында мазар бар болатын. Мазарды зерттеуші Ә. Диваев 1929 жылы суретке түсірген. Ол жерде Қорқыт атаға арналып, архитектуралық ескерткіш орнатылды. Ескерткіш зәулім қобыздың формасында жасалды. Авторлары - архитектор Б. А. Ыбыраев, физик С. И. Исатаев. Ескерткіш темір бетоннан жасалған 4-тік көктастан (стеладан) тұрады, биіктігі 8 м. Жоғары жағында ауыз кең түтіктер орнатылған. Аузы кең орталық тесікке келіп түйісетін 40 металл түтік жел соққан кезде қобыз сарынымен үндес дыбыс шығарады. Ол сарын Қорқыт қобызының үнін еске салғандай. Бұл жер шетелдерден келген туристердің барар жеріне айналды.
0 дауыс
Қорқыт ата (9 ғ.) — қобыз атасы деп табылады, композитор, жыршы, ақын, музыкант, бақсылардың қамқоршысы. Қорқыт ата түрік дәстүрін, салтын, әдетін, сенімдерін, басқа халықтардан айырмашылығын, қысқасы, қоғамдық мінездемесін ертегілерінде айтқан, оны бүгінге дейін әдемілеп жеткізген ұлы өнерпаз. Туған, қайтыс болған жылдары белгісіз. Өмір сүрген ғасыры да даулы. Кейбір зерттеушілер оның Әзірет Пайғамбар заманында жасағанын айтады және ғылыми еңбектерінде бұл пікірді дәлелдейтін дастан бөлімдерін келтіреді. Ал кейбір зерттеушілер Қорқыт Атаның Оғыз түріктерінің ертекшісі және дастаншысы болғанын айтып, Қорқыттың бүгін қолымыздағы 12 дастан-хикаясынан пікірлерін дәлелдейтін деректер келтіреді.

Пертев Найили Боратов Қорқыт Ата ертегілері жөніндегі Ислам Энциклопедиясына жазған мақаласында бұл ертегілердің XV ғасырға дейін ауызша болып келгенін, ал XV ғасырдың екінші жартысында Аққойынлылар тарапынан жазылып алынғанын еске түсіріп, қолымыздағы бар мәтіндерде екі бөлек дәуірдің оқиғалары бейнеленгенін көрсетеді. Қыпшақ-оғыз түріктерінің Сырдария солтүстігінде отандарында IX-XI ғасыр арасында кешкен өмірлері осы ертегі-дастандарда көрсетіліпті.

Және бұл ертегі-дастандар жазылып алынған XV ғасырдағы Аққойынлы мемлекетінде болған оқиғаларды қамтиды. Қорқыт Ата ертегілерінің негізі қыпшақ-оғыз түріктерінің өмір-тұрмысына негізделген және осы заманның салт, әдет-ғұрып және дәстүр түрлерін көрсетеді. Бірақ нақ осындай салт-дәстүрмен жасаған Аққойынлылар ертелерді қағазға жазғанда кейбір хикаяларды ол күндердің оқиғаларына үйлестіре жасауы мүмкін. Кейбір ғылыми еңбектерде Қорқыт Атаның Пайғамбарға елші болып жіберілгені жазылды.

Бұл қосымшалардың түріктердің ислам дінін қабылдағаннан кейін жазылуы ықтимал. Қорқыт Ата қыпшақ-оғыз түріктерінің білгіші болып табылады. «Оғыз халқының басына қайыр келетінін сөйлеген едім» деп айтқан хикметтерінен түріктерге жол көрсеткені байқалады және оның бақсы болғандығы жөніндегі ықтималды күшейтеді. Бақсылар әрі ақын болатын, әрі өткен замандардың хикаяларын сөйлейтін, келешектен хабар беретін. Бақсы болғанының тағы бір дәлелі-қолындағы қобызы. Әдетте, қобыз-әулиелердің аспабы. Қазіргі заманда түркі халықтары арасында Қорқыт Ата дастаны кең тараған. Қорқыт Атаның біздің заманымызға дейін жеткен 12 хикаясы бар. Олардың сегізі ішкі және сыртқы соғыстар туралы. Екеуі ғашық оқиғалары жайында болса, екеуі мифологиялық сипатта.

Бірақ бәрі де түркі дүниесін шын сипатында көрсетеді. Түркі қауымының қаһармандығы, мәдениетін, мінезін, діни әдеттерін және тұрмыстарын ашып береді. Қорқыт Ата ертегілері мен дастандары-түркі мифологиясының қайнар көзі. Қорқыт VIII ғасырда Сыр бойында бұрынғы Жанкент қаласы маңында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші. Сонымен бірге ол туралы көптеген аңыздар сақталған. Ел аузындағы аңыздарда Қорқыт ата мәңгі өлмейтін өмір іздеуші, мәңгілік өмір үшін қайтпас күрескер сипатында айтылады. Бірақ ол өмірінің соңында өлмейтін нәрсе жоқ екен деген пікірге келеді. Енді Қорқыт ата мәңгілік өмірді қобыз сарынынан іздейді екен. Ұлы күйшіге өзі іздеген мәңгілік өмір оның өнерінде сияқты көрінеді. Ол күйлерін толласыз тартып, дүниеден өтеді.

Өзі өлгенмен артында күйлері, ұлғатты сөздері қалады. Ал әдебиет тарихында деректі түрде Қорқыт ата кітабы бар. Қорқыт ата кітабы осы күнге дейін Дрезден қаласында он екі жырдан тұратын қолжазба күйінде және Италияда алты жырдан тұратын қолжазба күйінде сақталып келеді. Қорқыт ата кітабын VIII ғасырларда және одан да бұрын туған аңыздардың жинағы деуге болады. Оларды жыр түрінде жазған-Қорқыт ата. Кітапта қазақ халқының құрылуына тікелей қатысы бар, тарихта белгілі оғыз тайпаларының тағдырына байланысты оқиғалар баяндалады. Қорқыт ата кітабы мынадай жырлардан тұрады: — Дерсе хан ұлы Бұқаш туралы жыр, — Қазан бектің ауылын жау шапқаны туралы жыр, — Оғыз қаған жыры т. б. Қорқыт ата кітабының жырлары оғыз тайпасының туған жерін, елін сыртқы жаулардан қорғау үшін қан майданға шыққан алып батырларының ерлігі туралы толғайды.
барлығында тапптым көп  көп рахмет
0 дауыс

Ел аузынан, аңыз, халық айтқандай деген тіркесте, тарихымыздан орын алған оқиғалар реті жетіп артылады. Соның бірі көпке мәлім Қорқыт Атаның өлімнен қашуы, осы жөнінде бір ой Қорқыт Ата десе біздің ойымызға қобызбен қатар, өлімнен қашқаны туралы аңыз есімізге түседі. Өз кезегінде Ә.Марғұлан Қорқытқа қатысты аңыз әңгімелер Орта Азия халықтарының барлығында бар. Ал бізде сонау оғыз-қыпшақ тайпаларына мирас болғандықтан қазақ тарихында, әдеби-мәдени мұраларында жиі кездеседі. Қорқыт атаның қобызының үнінен шыққан музыка күні бүгінге дейін сақталған.

Ел арасында таралған Қорқытта қатысты әртүрлі аңыздар бар, бірінде өнер адамы, күй атасы ретінде көрсетсе, екінші бірінде ажалдан қашқан, мәңгілік өмір іздеген жан ретінде бейнеленеді. Өзінің пәлсапалық шығармаларымен қатар, өмірден мәңгілікті іздеген Қорқыт ел аузында бүгінгі күнге дейін жүр. Сонымен қатар, Қорқыт Ата – өз заманының ақыл кені, ел арасында данагөйлігімен, ел ішіндегі елеулі мәселелерді дер кезінде шешуші дау-дамайдың басы қасында жүрген тұлға ретінде де белгілі.

Адами құндылықтар, өмір жайлы, мінез-құлық, адам тағдыры, тұңғиық, кемел болашақ туралы толғаулар қалдырған. Қорқыт қатысты сырт көзден деректерде жеткілікті, соның бірі Әлішер Науаи өз жазбасында: «Түрік ұлысы арасында Қорқыт атадан даңқты, одан асқан ұлы адам жоқ. Оның даңқына ешкім тең келмейтін. Өзінен кейінгі көп жылғы келешекті болжап айтқыш данышпан еді, оның таңқаларлық нақыл сөздері осы күнге дейін бар». Қорқыт атадан қалды дейтін, шешендік нақыл сөздері осы күнге дейін бар».

Қорқыттан қалған деген көпке белгілі нақыл, данышпандық сөздер бар: «Ат тұяқты келеді, ақын тілді келеді», «ажал келмей кісі өлмес, өлген адам тірілмес», «Шыққан жан қайтып кірмес», «Бетеге биікке теңесе алмас», «Қанжар тимей жау қайтпас», «Есекке қанша жүген салғанмен, ат болмас», «Қар қанша қалың жауғанмен, көктемнен қалмас», «Бақ қанша гүлдегенмен, күзден қалмас», «Ескі темір біз болмас, ескі дұшпан дос болмас», «Адам кірмес қара үйдің құлағаны артық» т.б. Ал Қорқыттың өлімнен қашуына келер болсақ, ол дүниені кезіп, ажалдан құтылудың амалын іздеді. Бұдан түйетін ой адамзат баласының проблемасын шешу мақсатындағы өлімді жеңу, оның алдын ала отырып, мәңгі жасаудың сырын ашу екенін байқаймыз. Бірақ, өлімнен ешкім құтылмайтыны белгілі, тіршілік одан әрі басқа адамдармен жалғасады, өмір бар жерде өлім бар.


Бұл жердегі Қорқыттың аңыз образы арқылы әр адам өмірден өзінің пешенесіне жазған уақытта келеді, тиісінше кетеді дегенді алға жетелейді. Қорқытт қобызының аңызынан басқа шамандық аңыздарменде тығыз байланысты. Халық арасындағы шаман дініндегі жасампаз қаһарман бейнесі ретінде суреттеледі. Бұлай дейтініміз Қорқыттың әулиелік, шамандық қасиеттері болған, яғни Қорқыт адамзатты өлімнен құтқарушы, күй атасымен қатар адамның дүниеге келуіне де көмектеседі. Бұған дәлел ретінде оғыздардың батырлық жырларын айта аламыз.

Себебі, оның өмірге келуінің өзі мифтегі шамандардың адамды дүниеге келтіру болып табылады. Қобыз атасы Оғыз қаһармандық эпостарында шамандардың пірі демеушісі деп қарастырады. Баба мұрасын зерттеушілер, өз мәліметтерінде «... бізге жеткен деректерден Қорқыттың өлімнен қашып, желмаясына мініп, ел шарлағаны белгілі, соңында жердің ұшыр-қиясын бітпейтіндігін білген соң, өз мекені Сырдария өзеніне тоқтайды. Әулие атамыздың жер шарлауы, ұзақ уақыт өмір сүруі, соңғы мекені қылып Сырдарияны таңдауы, тұңғыш музыкалық аспап жасап, күй тартуы- осының барлығы ежелгі рулық адамдардың ғалам төрбұрышты, оның ортасы болады деген түсініктен қалыптасқан. Тағы бір айта кететіні, Қорқыттың қайда барсада алдынан қазулы көрдің шығуының астарында «өлімнің бар екенін білу, еске алу», «о дүниенің барын ойлау», «өлімді сезіну» пәлсапалық идеясы жатқан секілді. Содан келіп, басқа біреу үшін қазылып жатқан көрді көріп, ажалдың бар сезініп, сондықтан «Қайда барсам да Қорқыттың көрі» деген ой қалуы мүмкін. Ислам қағидатында өлімді еске алу дәстүрі бар, мұндағы мақсат – адамды тәубеге келтіру, шүкіршілікке шақыру.

Ислам дінінде өлімнің бар екенін жиі еске алатын жанды «ең бай, ең қадірліге» теңеген деген хадистер бар. Тарих беттерінде дүниеден озып бара жатқан кезде, иманын келтіріп, қабірін қазып, алдын ала ішінде түнеп шыққандарда кездеседі. Немесе жаназа кезінде өзінің жаназасын шығарып жатқандай сезініп, содан ғибрат алатындар да болған.

Олай болса, Қорқыттың «Қайда барсаң, Қорқыттың көрі» деуінде, сырдың хикметтің негізі, түйіні осында секілді. Бізге белгілісі, Қорқыт мұрасы – халық мұрасы болып табылады. Адам баласы өмірдің қызығынан басқа, ажалдың барын, өлімнің жасқа қарамай аяқ астынан келетінін білгені абзал. Бүгін бар адам, ертең жоқ.

https://e-history.kz/kz/news/show/434/

0 дауыс
Аныз ангиме вапще жокко
...