Ел аузынан, аңыз, халық айтқандай деген тіркесте, тарихымыздан орын алған оқиғалар реті жетіп артылады. Соның бірі көпке мәлім Қорқыт Атаның өлімнен қашуы, осы жөнінде бір ой Қорқыт Ата десе біздің ойымызға қобызбен қатар, өлімнен қашқаны туралы аңыз есімізге түседі. Өз кезегінде Ә.Марғұлан Қорқытқа қатысты аңыз әңгімелер Орта Азия халықтарының барлығында бар. Ал бізде сонау оғыз-қыпшақ тайпаларына мирас болғандықтан қазақ тарихында, әдеби-мәдени мұраларында жиі кездеседі. Қорқыт атаның қобызының үнінен шыққан музыка күні бүгінге дейін сақталған.
Ел арасында таралған Қорқытта қатысты әртүрлі аңыздар бар, бірінде өнер адамы, күй атасы ретінде көрсетсе, екінші бірінде ажалдан қашқан, мәңгілік өмір іздеген жан ретінде бейнеленеді. Өзінің пәлсапалық шығармаларымен қатар, өмірден мәңгілікті іздеген Қорқыт ел аузында бүгінгі күнге дейін жүр. Сонымен қатар, Қорқыт Ата – өз заманының ақыл кені, ел арасында данагөйлігімен, ел ішіндегі елеулі мәселелерді дер кезінде шешуші дау-дамайдың басы қасында жүрген тұлға ретінде де белгілі.
Адами құндылықтар, өмір жайлы, мінез-құлық, адам тағдыры, тұңғиық, кемел болашақ туралы толғаулар қалдырған. Қорқыт қатысты сырт көзден деректерде жеткілікті, соның бірі Әлішер Науаи өз жазбасында: «Түрік ұлысы арасында Қорқыт атадан даңқты, одан асқан ұлы адам жоқ. Оның даңқына ешкім тең келмейтін. Өзінен кейінгі көп жылғы келешекті болжап айтқыш данышпан еді, оның таңқаларлық нақыл сөздері осы күнге дейін бар». Қорқыт атадан қалды дейтін, шешендік нақыл сөздері осы күнге дейін бар».
Қорқыттан қалған деген көпке белгілі нақыл, данышпандық сөздер бар: «Ат тұяқты келеді, ақын тілді келеді», «ажал келмей кісі өлмес, өлген адам тірілмес», «Шыққан жан қайтып кірмес», «Бетеге биікке теңесе алмас», «Қанжар тимей жау қайтпас», «Есекке қанша жүген салғанмен, ат болмас», «Қар қанша қалың жауғанмен, көктемнен қалмас», «Бақ қанша гүлдегенмен, күзден қалмас», «Ескі темір біз болмас, ескі дұшпан дос болмас», «Адам кірмес қара үйдің құлағаны артық» т.б. Ал Қорқыттың өлімнен қашуына келер болсақ, ол дүниені кезіп, ажалдан құтылудың амалын іздеді. Бұдан түйетін ой адамзат баласының проблемасын шешу мақсатындағы өлімді жеңу, оның алдын ала отырып, мәңгі жасаудың сырын ашу екенін байқаймыз. Бірақ, өлімнен ешкім құтылмайтыны белгілі, тіршілік одан әрі басқа адамдармен жалғасады, өмір бар жерде өлім бар.
Бұл жердегі Қорқыттың аңыз образы арқылы әр адам өмірден өзінің пешенесіне жазған уақытта келеді, тиісінше кетеді дегенді алға жетелейді. Қорқытт қобызының аңызынан басқа шамандық аңыздарменде тығыз байланысты. Халық арасындағы шаман дініндегі жасампаз қаһарман бейнесі ретінде суреттеледі. Бұлай дейтініміз Қорқыттың әулиелік, шамандық қасиеттері болған, яғни Қорқыт адамзатты өлімнен құтқарушы, күй атасымен қатар адамның дүниеге келуіне де көмектеседі. Бұған дәлел ретінде оғыздардың батырлық жырларын айта аламыз.
Себебі, оның өмірге келуінің өзі мифтегі шамандардың адамды дүниеге келтіру болып табылады. Қобыз атасы Оғыз қаһармандық эпостарында шамандардың пірі демеушісі деп қарастырады. Баба мұрасын зерттеушілер, өз мәліметтерінде «... бізге жеткен деректерден Қорқыттың өлімнен қашып, желмаясына мініп, ел шарлағаны белгілі, соңында жердің ұшыр-қиясын бітпейтіндігін білген соң, өз мекені Сырдария өзеніне тоқтайды. Әулие атамыздың жер шарлауы, ұзақ уақыт өмір сүруі, соңғы мекені қылып Сырдарияны таңдауы, тұңғыш музыкалық аспап жасап, күй тартуы- осының барлығы ежелгі рулық адамдардың ғалам төрбұрышты, оның ортасы болады деген түсініктен қалыптасқан. Тағы бір айта кететіні, Қорқыттың қайда барсада алдынан қазулы көрдің шығуының астарында «өлімнің бар екенін білу, еске алу», «о дүниенің барын ойлау», «өлімді сезіну» пәлсапалық идеясы жатқан секілді. Содан келіп, басқа біреу үшін қазылып жатқан көрді көріп, ажалдың бар сезініп, сондықтан «Қайда барсам да Қорқыттың көрі» деген ой қалуы мүмкін. Ислам қағидатында өлімді еске алу дәстүрі бар, мұндағы мақсат – адамды тәубеге келтіру, шүкіршілікке шақыру.
Ислам дінінде өлімнің бар екенін жиі еске алатын жанды «ең бай, ең қадірліге» теңеген деген хадистер бар. Тарих беттерінде дүниеден озып бара жатқан кезде, иманын келтіріп, қабірін қазып, алдын ала ішінде түнеп шыққандарда кездеседі. Немесе жаназа кезінде өзінің жаназасын шығарып жатқандай сезініп, содан ғибрат алатындар да болған.
Олай болса, Қорқыттың «Қайда барсаң, Қорқыттың көрі» деуінде, сырдың хикметтің негізі, түйіні осында секілді. Бізге белгілісі, Қорқыт мұрасы – халық мұрасы болып табылады. Адам баласы өмірдің қызығынан басқа, ажалдың барын, өлімнің жасқа қарамай аяқ астынан келетінін білгені абзал. Бүгін бар адам, ертең жоқ.
https://e-history.kz/kz/news/show/434/