Зат мөлшері. Авогадро саны. Молярлық масса
Химия ғылымында сандык. қатынастар жиі колданылады. Мысалы, затта канша молекула бар, ал молекулаларда қанша атом болады деген сұрақтардың шешімін табу үшін химияда «моль» деген түсінік қолданылады.
Моль - зат мөлшерінің өлшемі, ол v ("ню") әрпімен белгіленеді. Сендер физика курсынан «Авогадро саны» деген түсінікпен таныссындар: NA=6,02-1023 моль-1
Кез келген заттың 1 молінде Авогадро санындай құрылымдық бірліктер (атом, молекула) болады. Олай болса «моль» дегеніміз Авогадро санындай құрылымдык бірлігі бар зат мөлшері.
Олай болса 64 г мыста, 18 г суда, 44 г көмірқышкыл газындағы құрылымдық бөлшектердің саны 12 г көміртекте болатын атомдар сандарымен бірдей, сондықтан моль дегеніміз - құрамында 12 г көміртекте болатын атомдар санына тең құрылымдық бөлшектер (атомдар, молекулалар) болатын заттың
мөлшері.
Заттың 1 молінің массасын молярлық масса деп атайды, ол М әрпімен белгіленеді, әлшемі г/моль. Оның сандық мәні салыстырмалы молекулалық массага тең.
<img src="

border="0" />