0 дауыс
268 көрілді
Таяуда қолымызға бір ерекше сот шешімі түсті. Ерекшелігі, бұл құжатта аудан әкімінің бір шешімі аудандық сотта қаралып, бұзылғаны туралы айтылады. Қысқасы, мәселе былай болған:
Отырар ауданының әкімі Б.Сыздықов осындағы Шілік ауылдық округінің әкімі А.Рүстемовті «өзіне жүктелген міндетті орындамағаны және тиісінше орындамағаны үшін» деп қызметінен алып тастаған. Ал бұған Шілік ауы¬лында пада ұйымдастыру жө¬ніндегі тапсырманың орындалмағаны, егілген бидай арасын¬да мал жайылып жүр¬гені, канал-арықтар таза¬ланбағаны, орнатылған насостар іске қосылмағаны негіз болыпты. Сөйтіп, биылғы 3-ші мамыр күні өткізілген аудан активінің апталық мәжілісінде А.Рүстемов аудан әкімінің өкімімен қызметінен боса¬тылады. Бірақ өкіммен та¬ныстырылған кезде ол оған қол қоюдан және түсінік беруден бас тартқан. Арада көп өтпей А.Рүстемов сотқа аудан әкімінің өзіне байланысты шығарған өкімін заңсыз деп танып, ол құжаттың күшін жою, өзін Шілік ауылының әкімі қызметіне қайта орналастыру және лажсыз бос жүрген уақытына еңбекақы өндіру туралы талап арыз берген.
Сонымен Отырар аудандық сотында А.Рүстемовтің талап арызы бойынша сот басталады. Сот отырысында А.Рүстемов өзінің қызме¬тінен алыну тарихын баяндайды. Ол Шілік ауылдық округінде ауыл әкімшілігі, қоғамдық ұйымдар жетекшілері, көше комитетінің төрағалары, шаруа қожалықтары мүшелері¬мен екі рет жалпы жиналыс өткізгенін айтады. Осы бас қосулар кезінде ауыл тұр¬ғындары 1-сәуірден бастап пада бағуды ұйымдастыруға, егістіктерді суғаруға, арықтарды жөндеуге өзара келісіпті. Ал су насостары өзге меке¬менің балансында болған¬дықтан оларды жөндеуге ауыл әкімдеріне қажетті қар¬жы бөлінбеген. Бұл жөнінде ауыл тұрғындары жиналысының хаттамаларында бекітіл¬ген екен. Осыларды баяндай келе А.Рүстемов өзінің талап арызында көрсетілген жайларды қуаттайтынын білді¬реді. Сонымен қатар ол өзінің құқықтары бұзылғаны, аудан әкімі тәртіптік жаза қолданбас бұрын өзінен жазбаша түсінік¬теме талап етпегені, өзін қызметінен босату туралы жиналыс үстінде шығарылған өкімге сол аудан активі өтіп жатқан кезде қол қойғаны, мұның бәрі заң бұзушылық екені туралы айтады.
Ал жауапкер жақтан ау¬дан әкімінің сенімді өкілі Е.Жұма¬тай талапкердің та¬лабын мойындамайтында¬рын білдірген, соттан оның талап арызын қанағаттандырусыз қалдыруды сұраған.
Бұдан кейін кезек куәгер¬лерді тыңдауға келеді. Осы сот отырысына куә ретінде шақы¬рылған аудан әкімінің аппарат басшысы А.Құрман Шілік ауылдық округінің әкімі А.Рүстемовтің қызметінен босатылуына расында да жо¬ғарыда көрсетілген, аудан әкімі Шілік ауылына ісса¬пармен барғанда анықталған кемшіліктердің негіз болғанын айтады. Бұл кемшіліктер ау¬дан активінің 3-мамыр күнгі жиналысында талқыланып, аудан әкімі оған А.Рүстемовті қызметінен босату туралы өкім дайындауға нұсқау бе¬ріпті. Бірақ өкім дайын бол¬ған соң аудан әкімі оған жиын бітпей жатып қол қойған. Ал Рүстемов өзінің қызметтен босатылуына себеп болған мә¬селе бойынша жазбаша түсінік беруден бас тартқан, сондықтан ол жөнінде де ке¬йін тиісті акт толтырылыпты.
Ал сотта куә ретінде сұралған Шілік ауылының тұрғыны Ж.Исаев деген азамат А.Рүс¬темов ауылдарына әкім болғалы көптеген тірліктер атқар¬ғаны, оған тұрғындардың риза екендігі, жұмысына жоғары баға беретіні жөнінде мәлімдейді. Ауыл әкімінің құзырына егістікті малдан қорғау, насостарды жөндеу кірмейтіні, ол туралы ауылда өткен жиында тұрғындардың өздері шешкені туралы айтқан оны сот отырысына шақырылған тағы да төрт-бес куәгер қостап шыққан.
Тараптарды тыңдай, уәж¬дерін, қоса тігілген құжаттарды саралай келе төрағалық етуші, аудандық сот төрағасы Қанат Қоңырбаев та¬лапкердің арызын қанағаттандыру жөнінде шешім шы¬ғарған. Ол А.Рүстемовті қызметінен босатқан кезде Еңбек кодексінің талаптары бұзылғанын негізге алған. Атап айтқанда, жұмыс беруші қызметкерден жазбаша тү¬сініктемені оған тәртіптік жаза қолданғанға дейін талап етуге міндетті, осы талап орындалмаған. Яғни А.Рүстемовті қызметінен босату туралы өкім аудан активінің апталық жиынында қабылданған, одан жазбаша түрде түсінік беру аталған тәртіптік жаза қолданылғанға дейін талап етіл¬меген. Бұған Отырар аудандық активінің 3-мамыр күнгі №18 хаттамасы дәлел. Онда талапкердің жазбаша немесе ауызша өз түсініктемесін бер¬мегені туралы мүлде көр¬сетілмеген. Аудан әкімінің өкімі аудан активінің отырысы өтіп жатқан кезде толтырылып, әкім оған сол жерде қол қойған. Бұған да аудан әкімшілігі қызметкерлерінің 3-мамыр күні түзген актісі дәлел.
Сондай-ақ сот А.Рүсте¬мовтің ауыл әкімі ретінде 2010-жылғы атқарған жұ¬мыстарына оң баға берілгенін де ескерген.
Сонымен Отырар аудандық соты Айдархан Рүсте¬мовтің аудан әкімінің үстінен түсірген талап арызын қанағаттандырған. Аудан әкімінің оны қызметінен босату жө¬ніндегі өкімін заңсыз деп танып, күшін жою және талапкер А.Рүстемовті Шілік ауы¬лының әкімі қызметіне қайта тағайындау жөнінде шешім шығарған. Жауапкер Отырар аудандық әкімшілігін А.Рүсте¬мовтің биылғы 3-мамыр мен 23-маусым аралығындағы лажсыз бос жүрген уақытына 196.032 теңге еңбекақысын, мемлекет пайдасына 454 теңге баж салығын өндіруге міндеттеген.
Ал бұдан кейінгі іс барысы қалай болды? Біз Отырар аудандық сотының төрағасы Қанат Қоңырбаевпен телефон арқылы байланысып, осы сауалды қойдық. «Аудан әкім¬дігі сот шешімімен келіспей облыстық соттың апелляциялық алқасына шағымданған еді. Ол аудандық сот шешімін күшінде қалдырды. Бұдан кейін аудан әкімшілігі облыстық соттың кассациялық ал¬қасына шағымданды. Кас¬сациялық алқа да аудандық сот шешімін күшінде қал¬дырды», – деді ол кісі.
Отырарда аудан әкімі мен оның қарамағындағы қызмет¬кердің арасында туындаған дау сөйтіп ауыл әкімінің пайдасына шешіліпті. Мұны осы замандағы өзгеше бір оқиға деп бағалауға әбден болады.
Т.ТҰРАН

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...