0 дауыс
13.8k көрілді
Сайты болса сілтемесін берсеңіздер .........

3 жауап

0 дауыс

САНГВИНИК
Бұл тип өкілі- еті тірі, қабілетті, қозғалғыш оқушы. Ондай оқушы ақкөңіл және қызу, жеңіл мінезді, ренжігенде тез қайтып кетеді,сәтсіздігін жеңіл өткізеді. Коллектив арасында жүргенді ұнатады, басқа оқушылармен тез тіл табысады. Қысылып- қымтырылмайды, кісіге қайырымды. Сангвиниктерді  оқу үрдісінде бақылаған жақсы, яғни оқу үстінде олар қасиеттерін айқын көрсетеді. Егер оқу материалы қызықты және жас ерекшелініне сай болса, онда кіші оқушы жаңа берілген материалды тез қабылдайды, жеңіл есте сақтайды. Ал егер материал  қызықсыз және оны оқу үшін көп уақыт қажет болса, онда оқушы оны есте ұзақ уақытқа сақтай алмайды. Сангвиниктерді дұрыс тәрбиелегенде, оны жоғары дәрежеде жетілген бірлік және қайырымдылық сезімі оқуға деген белсенділігі ерекшелендіріп тұрады. Жағымсыз жағдайларда, жүйелілік пен бірізділік жоқ кезде, сангвиник жеңілтектік, бейбастық, шашыраңқылық байқалады. Осындайда олар кейде оқуға жауапкершіліксіз қарайды.
3-ші сыныпта оқитын сангвиник типінің өкілін алатын болсақ, олар еті тірі, белсенді болып келеді. Сабақ үстінде тынышсыз, жиі алаңдайды, сабақта достарымен көп сөйлеседі. Сыныпта өтіп жатқан барлық жағдайларға мән беріп отырады. Достарының арасында ылғм да сыйлы және оларға көптеген қызық әңгімелер айтады. Осы оқушы жаңа ортаға тез бейімделеді. Егер берілген жұмыс немесе тапсырма жеңіл болса, оқушы оны тез орындайды, ал жұмыс қиын, қытымыр, ұзақ болса, жұмысқа суып кетеді. Егер математика сабағында  есеп беріле сала сол оқушы жауабын айтса, және бұл жауабы қате болса, ол арықарай шығарып, дұрыс шешуін іздемейді, келесі жұмысқа көшеді.

ФЛЕГМАТИК
Бұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Өзгерістерді ұнатпайды. Бастаған ісін аяғына дейін жеткізеді. Психикалық процесстер флегматикте баяу жүреді. Бұл баяулық оған оқу жолында кедергі келтіреді, ең кедергі келтіретін жері:тез есте сақтау, тез ойланып жауап беру.  Кейде флегматиктер  жамандықты есте сақтап қалады және ұзақ мерзімге. Адамдармен қарым-қатынаста флегматик бірқалыпты, байыпты, керек жерде тіл табысады, ал орынсыз сөйлемейді. Көңіл- күйі тұрақты. Олардың байыптылығы мен байсалдылығы өмірге деген көзқарасынан да көрінеді. Флегматикті ызаландыру немесе эмоционалды әрекет жасау оңай емес, ол ұрыс- керістен аулақ жүреді, оны әртүрлі қиыншылықтар тепе-теңдігінен шығармайды. Флегматикті дұрыс тәрбиелегенде іскерлікті,талапшылдықты орнатуға болады. Бірақ жағымсыз жағдайларда оларда әлсіздік, жалқаулық пайда болады.

 


МЕЛАНХОЛИК
Бұл темперамент өкілінде психикалық процесстер өте баяу жүреді. Қатты тітіркендіргіштерге жауап бере алмайды, ұзақ және қатты күш түсірсе, олар жұмыс істей алмайды. Олар өте тез шаршайды. Бірақ қалыпты қоршаған ортада, мысалы,үйде ондай балалар өздерін жақсы ұстап, іс-әрекеттерді жақсы орындайды. Эмоциялары баяу туады, бірақ тереңдігімен және күштілігімен ерекшеленеді. Олар өте сезімтал, реніштерін іште сақтап, оларды көп ойлай береді, бірақ сондай қиыншылықтар бар екенін ешкімге көрсетпейді. Меланхоликтер тұйық,таныс емес адамдармен сөйлеспейді, жаңа ортада қатты қысылады. Жағымсыз жағдайларда ауруға айналған осалдық, қысылу, көңілсіздік, пессимизм пайда болады. Меланхолик кіші оқушы коллектив арасында болуды ұнатпайды. Ал егер оны дұрыс тәрбиелесе, қызығушылығы, эмоция сезімі, қабылдауы арта түседі.

ХОЛЕРИК
Бұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдылығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Оларда психикалық процестер шапшаң өтеді. Күйгелектік сондай акдамдарға тән. Ол жұмыс істеуге жақсы қарқынмен кірісіп, күші таусылғанда оны тастап кете береді. Адамдармен қарым-қатынаста тынымсыз, агрессивті,шамданғыш болып келеді. Сондықтан, холерик болған жерде ұрыстар жиі болады, Холерик темпераментінің жағымды жағы – энергия, белсенділік, құштарлық, инициативтік. Жағымсыз жағы – ұстамсыздығы,қаталдық, қатаңдық, шамдану, ыза.

Менің мінезім сангвиник пен меланхолик.
0 дауыс
САНГВИНИК
Бет-әлпеті құбылмалы және қозғалысы анық. Оның жүзіне қарап көңіл-күйін, адамға деген қарым-қатынасын аңғаруға болады. Зейінін тез аударады. Жаңа адамдармен тез тіл табысады. Өте қажырлы, әрі жұмысқа қабілетті. Сабақта қолын жиі көтереді. Шаршамай көп уақыт жұмыс істей алады. Жаңа іске асқан белсенділікпен кіріседі. Эмоциялық қозуы шапшаң, күшті, бірақ тұрақсыз, көңіл-күйін лезде өзгертеді. Өте қызба. Әсершіл, ұнатқан, сүйген нәрсесіне елігіп, әуестенуі де оңай, басылуы да жылдам. Төңірегіндегі оқиғаларға, нәрсенің мән-жайына елең етіп, көңілденуі де, басқа нәрсеге ауып кетуі де тез. Көңілі көтеріңкі болып келеді. Ұзақ уақыт мұңайып жүрмейді. Бастан кешкен сезім күйлері санасында елеулі із қалдырмайды. Шапшаң да икемді. Қозғалғыш та қызу. Еті тірі, сергек. Сезім күйлерін сыртқы түрі мен қимылы әйгілеп тұрады. Бірсыдырғы, жай істелетін жұмысқа шыдамы жетпейді. Көтеріңкі, мәнерлі сөйлейді. Мимикалық қимылы көп. Ақ жарқын, ашық. Жарнаманы, жаңалықты тез қабылдайды. Жедел қимыл, шапшаң сөйлеу, жұмысқа бірден кірісіп кету тән. Ақыл-ойдың шапшаңдығы, тапқыштығы бар. Қызықтырған іске бейімділігі, талабы, талпынысы көп, дегенмен тез басылып қалады. Бастаған ісіне тиянақты болмай, ісі аяқсыз қала береді. Уәде береді, бірақ оны үнемі орындай бермейді. Өкпелеп қалуы оңай, өкпелемесе жылап жібереді. Алайда ренжігенін лезде ұмытады. Өзінің эмоциясын, ренішін жасырмайды.
ФЛЕГМАТИК
Жайбасар, сыртқы көрінісі салмақты, мінезі ауыр. Мақсаты айқын. Өз ісіне ұқыпты. Флегматикке аз уақытта әр түрлі бірнеше жұмысты қатар алып жүру ұнамайды.  Флегматик жұмысқа үлкен дайындықпен асықпай кіріседі. Жұмыс істеу жылдамдығы орташа. Ол бастаған ісін соңына дейін тыңғылықты орындап шығады. Ол өз ісінің сапалы болуына ерекше  көңіл бөледі. Өзі жақсы білетін жұмысқа тыңғылықты кіріседі. Оған «өте баяу, жайбаратсың» деп ренжудің қажеті жоқ. Себебі бұл  оның еркінен тыс нәрсе. Флегматикті күлдіру де, ренжіту де оңай емес. Олар шыдамдылығымен, өзін-өзі ұстай білуімен ерекшеленеді. Қимылы, сөзі баяу. Жаңа ортаға бірте-бірте жай бейімделеді. Жаңа адамдармен тіл табысуда қиналады, сыртқы таңданысын білдіре бермейді.
ХОЛЕРИК
Адамдармен қарым-қатынаста тік, дегенмен шешімге келгіш. Айтыс-тартыста тапқыр. Кек сақтамайды. Ұстамсыз, қызба мінезді. Шыдамсыз. Әңгіме кезінде сезімді бет қиымылмен, құбылыспен жеткізеді. Тәуекелшіл. Жұмысты жылдам істейді. Бір орында тұрақтамайды. Кемшілікке төзбейтін, өз ойын дәлелдеу үшін бет бақтырмайтын әдеті бар. Холериктің сезімталдығы төмен болғанымен, белсенділігі мен сыртқы ортаны сезінуі жоғары.
МЕЛАНХОЛИК
Меланхолик бейтаныс адамдармен тіл табысуға қиналады. Күтпеген жағдайларда абдырап қалады. Өз күшіне сенбейді. Ұялшақ. Болмашы нәрсені жүрегіне жақын қабылдап, сәтсіздікке жиі әсерленеді. Тез өкпелеп, тез ренжіп қалады. Өзімен-өзі болып, тыныш, қауіпсіз жағдайда жұмысты тындырымды істейді. Белсенділігі төмен. Тез шаршайды, жай сөйлейді. Әңгімелескен адамның мінез-құлқына еріксіз көнеді. Пікірталасуды қаламайды, белсенділік те көрсете бермейді. Ренжіген нәрсесін ұзақ уақыт ұмыта алмайды, жұмыс кезінде де соны ойлап, қателік жіберуі мүмкін. Сырт қарағанда сабырлы көрінгенімен, күйгелек және уайымшыл. Меланхоликті оқыту қиын, қорқыту одан да қиын.
0 дауыс
Темперамент анықтау үшін арнайы тест бар. Сол арқылы анықтайсыз.
...