Менің әлемім
Менің атым –Думан. Жасым сегізде. Бүгінгі күнге дейін «Үш аю», «Қызыл телпек», «Әлемді 80 күн ішінде аралау», «Алтын жинақ», «Піл баласы» сияқты ертегілерді оқыдым. Сондай –ақ «Балапан» каналынан «Жүзден жүйрік», «Саяхатшы Дара» деген фильмдер мен мультфильмдерді тамашаладым. Мен оқыған ертегілерім мен көрген фильмдерден көп нәрсені үйрендім. Батылдық, ізденгіштік, ептілік, білімділік тәрізді қасиеттерді үйрендім. Көмектесу мен танымдық іс – әрекеттер де мені жақсы нәрсеге үйретеді.
Болашақта мен өзімді көрген, білген кейіпкерлерім сияқты елестеткім келеді. Осындай жағымды кейіпкерлер қатысқан кино түсіремін, - деп армандаймын.