0 дауыс
6.3k көрілді
Салем достар.Информатикадан сурақтарым бар жауап табуға көмектесіңіздерші?
1.Дербес компьютер дегеніміз не?
2.модем дегеніміз не?
3.Принтр түрлері?
4.Аналық тақташаның атқаратын қызметі?
5.Информацияларды сақтау құрылғылары?
6.Дербес компьютердің порттары?
7.Жедел жадтың қандай түрлері бар?

2 жауап

+2 дауыс
1-ші сұраққа http://kk.wikipedia.org/wiki/Компьютер

2. Модем дегеніміз - компьютерді интернетпен қосып тұратын құрылғы.
Жұмыс жасауы принціпі - модем модулятор және демодуляторлардан тұрады, компьютерден шыққан ақпарат модем ішінде модуляциядан өтіп келесі модемге жетеді, ол жерде қайта демодуляция орындалады *(сигналды қайта бастапқы ақпаратқа айналдыру)* толығырақ орыс тілінде мына жерде http://ru.wikipedia.org/wiki/Модем

3. матричный
лазерный
струйный
сублимационный
твердочернильный
Ең көп қолданыста
струйный және лазерный принтерлер
Жұмыс жасау принціпімен және де толық ақпарат мына жерде орыс тілінде. http://ru.wikipedia.org/wiki/Принтер

4. Аналық тақташа, жүйелік блоккқа қосылатын барлық құрылғыларды өзіне жинақтайды толығырақ сілтемеде.
http://ru.wikipedia.org/wiki/Материнская_плата

5. Диск, қатқыл диск, флешка т.б

6.  PS/2 - тышқан мен перенетақта порты!
USB 2 -  сыртқы құрылғылар порты
DVI, VGA HDMI  -  Видео карта порттары (монитормен қосылыс)
3,5мм лік дыбыс қосылыстары, микрофон және линейный дыбыс кірістері!
LAN - локалды желі қосылысы, немесе модем!

7. Оперативті жадтын 3 түрі бар. DDR, DDR2, DDR3.
Кәзіргі уақытта қолданыста  DDR2, DDR3. кейнгі кездері DDR3 кең тарап жатыр, өзінің жылдамдығы мен және электр энергиясын аз пайдаланатындығымен!
+2 дауыс
1.Дербес компьютер (қысқаша ДК) — компьютердің қазіргі уақытта ең кең тараған түрі болып табылады. Дербес компьютер бір мезгілде бір адамның пайдалануына арналған. Дербес компьютерлердің негізгі екі санаты бар: стационарлық және тасымалы компьютерлер. Стационарлық компьютерлер үстел басында отырып жұмыс істеуге арналған. Тасымалы компьютерлерге қолкомпьютерлер, қалта компьютерлері және планшетті ДК жатады.
Толығырақ;
[1][1]
[2][2]
2.Модем (ағылш. modem, modulator-demodulator) — сандық сигналдарды аналогтық сигналдарға айналдыратын және керісінше амал жасайтын электрондық құрылғы.
Толығырақ;
[Уикипедия ][3]
[модем][4]
3.Принтер - ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. Принтердің бірнеше түрі: матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік, сублимационалдық, жарық диодты (LED) принтерлер бар. [сұрақ-жауап][5]
4.Аналық тақшаның басты қызметі ішкі құрылғыларды бір -бірімен байланыстырып тұрады. Толық ақпаратты [осы жерден][6] алуға болады
5.Ақпаратты сақтау құрылғылары, олар;
1 Жүйелік шина;
2 Негізгі жады;
3 Сыртқы жады.

Жүйелік шина төмендегілерден тұрады:
-мәліметтердің кодтық шинасы (МКШ);
-адрестің кодтық шинасы (АКШ);
-инструкцияның кодтық шинасы (ИКШ);
-қоректену шинасы.
Жүйелік шина ақпарат тасымалдануының үш бағытын қамтамасыз етеді.
микропроцессор мен негізгі жад арасындағы;
микропроцессор мен сыртқы құрылғылардың енгізу –шығару порттары арасындағы;
негізгі жады мен  сыртқы құрылғылардың енгізу –шығару порттары арасындағы (жадыға тікелей қатынау режимінде);
Негізгі жад (НЖ) – машинаның басқа да блоктары ақпараттарын оперативті алмастыру және сақтау үшін арналған. НЖ тұрақты есте сақтау құрылғысы (ТЕҚ) және оперативті есте сақтау құрылғысы (ОЕҚ) сияқты есте сақтау құрылғыларының екі түрінен тұрады.
ТЕҚ өзгертілмейтін (тұрақты) бағдарламалық және анықтамалық ақпараттарды сақтау үшін арналған және осында сақталған ақпараттарды ғана оперативті санауға мүмкіндік береді ТЕҚ- дағы ақиқаттарды өзгертуге болмайды. ОЕҚ оперативті жазбаса, ақпараттарды сақтау және сақтау (бағдарламалар және мәліметтер)  үшін арналған. Оперативті жадының негізгі жетістігі болып оның жоғары жылдам әрекеттесуі мен жадының әрбір ұяшығына жеке-жеке қатынау мүмкіндігі (тікелей адрестік қатынау) табылады
Сытрқы жады. Бұл ДК сыртқы құрылғыларына жатады және кез-келген уақытта есепті шешу кезінде қажет болатын кез-келген ақпаратты ұзақ уақыт сақтау үшін қолданылады. Жалпы алғанда  сыртқы жадыда компьютердің барлық бағдарламалық жолақтамалары сақталады. Сыртқы жады әртүрлі есте сақтау құрылғылар түрінен тұрады, бірақта кеңінен таралған кез-келген компьютерде бар құрылғылар болып қатты (НДД) және иілгіш (НД) магниттік дискідегі жинақтауыштар болып табылады
Бұл жинақтауыштар – үлкен көлемдегі ақпараттарды сақтау үшін, сақталған ақпараттарды сұраныс бойынша оперативті есте сақтау құрылғысына жазу және беру үшін арналған. Сыртқы жад құрылғылары ретінде магниттік дискеттағы есте сақтау құрылғылары және оптикалық дисктағы жинақтауыштар (CD-ROM Compact Disk Read Only, DVD, Memory –тек оқылатын жадты компакт диск) және т.б. қолданылады.
6.Порттар – корпустың алдыңғы немесе артқы тақтасындағы ажыратқыштар, оларға әдетте кабель арқылы әр түрлі құрылғылар қосылады.
Порттарға қосуға болатын құрылғылардың саны мен түрі порттардың саны мен түріне тәуелді болады.
Коммуникациялық порттар.
Коммуникациялық порттар. Жүйелік блокты принтер, сканер, тышқан, пернетақта секілді сыртқы құрылғылармен байланыстыру үшін осындай порттар қолданылады. Порт дегеніміз – жай ғана сыртқы құрылғыны қосатын шұңғыл тесік емес, олардың кейбіреулерінде шағын микросхемалар орналасып, программалық басқарылады.
Порт түрлері
-COM (тізбекті порт)
-LTP (параллель порт)
-USB (жоғары жылдамдықты тізбекті порт)
-PS/2 (тышқан мен пернетақтаны жалғайтын әмбебеп порт)
7.ЭЕМ-нің жедел жадысын [осы жерден қарарсын өзің][7]

[1]: http://gauhar85.wetpaint.com/page/%D0%94%D0%B5%D1%80%D0%B1%D0%B5%D1%81+%D0%BA%D0%BE%D0%BC%D0%BF%D1%8C%D1%8E%D1%82%D0%B5%D1%80+%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B+%D0%B6%D0%B0%D0%BB%D0%BF%D1%8B+%D0%BC%D3%99%D0%BB%D1%96%D0%BC%D0%B5%D1%82
[2]: http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%94%D0%B5%D1%80%D0%B1%D0%B5%D1%81_%D0%BA%D0%BE%D0%BC%D0%BF%D1%8C%D1%8E%D1%82%D0%B5%D1%80
[3]: http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%BE%D0%B4%D0%B5%D0%BC
[4]: http://www.compobuch.kz/docs/book_kaz/modul11.htm
[5]: https://surak.baribar.kz/126152/
[6]: http://infust.kz/2012/04/analyq-taqshanyng-negizgi-qurylymy/
[7]: http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%AD%D0%95%D0%9C-%D0%BD%D1%96%D2%A3_%D2%9B%D2%B1%D1%80%D0%B0%D0%BC%D1%8B