0 дауыс
3.2k көрілді
Микротолықынды пеш (микроволновка), гамбургер, ұшақ, қаламсап, радионың шығу тарихын айтыңыздаршы?

3 жауап

0 дауыс
1945 жылы америкалық инженер Перси Лебарон Спенсер алғашқы радарларға қажетті микротолқынды радиодабылдарды тудыратын қондырғы - магентронды шығару жолында еңбек етті. Әрине соғыс уақыты болғандықтан радар сөз жоқ, аса құнды жаңалық еді, бірақ Перси Лебарон Спенсер микротолқынның көмегімен тамақ пісіруге болатынын кездейсоқ білді. Бірде ол магнетронның қасында тұрып, қалтасындағы шоколадтың еріп кеткенін аңғарады. Ол тәттінің микротолқынның әсерінен ерігенін ұғып, бірнеше сынақ жасап көреді. Нәтижесінде көпшілігіміз тұрмыста жиі пайдаланатын микротолқынды пеш өмірге келді. Оның ең алғашқысының салмағы 340 келі болған екен.             Ұнаса ЖЖб
+1 дауыс
Радио (лат. radio — оқимын, сәуле шығарамын ← radius — сәуле) - сымсыз байланыстың бір түрі, сигнал таратушы ретінде әуе толқындары пайдаланады. Радиобайланыстың қасиеті - әуе толқындар арқылы хабарларды аса шалғайға сымсыз әдісімен жеткізу.

Хабарлағышқа орнатылған ұшқындық аралық тербелмелі контур жіберіп - таратушы антеннамен индуктивті байланыста және онымен резонанстық күйге келтіріледі. Сигналды тіркеу тәсілдері әуе толқындар (радиотолқындар) арқылы жіберген сигналды (хабарды) қабылда алады. Радиобайланысты алғаш ойлап тапқан - А. С. Попов.                                                                                                                    

 - List item

 Ұшақ, (аэроплан) — қозғалтқыш арқылы атмосферада ұшуға арналған, қозғалмайтын қанаты бар, ауадан ауыр ұшу аппараты. Бұл аппарат өз қозғалтқышының тарту күшімен белгілі бір жылдамдықпен қозғалған кезде қанатында пайда болатын көтергіш күш әсерінен аспанға көтеріледі. Бу машинасы орнатылған қозғалтқыш күшімен ұшатын ұшақтың ең алғашқы жобасын 1881 ж. А.Ф. Можайский (1825 — 1890) жасаған. Сол кезеңге дейін жасалып, сыналып жүрген аппараттардың бәрі моторсыз ұшу аппараттары еді. Ұшу жылдамдығына байланысты ұшақтар дыбыстың ауада таралу жылдамдығынан кем және одан артық шапшаңдықпен ұшатын ұшақтарға ажыратылады. Дыбыстың ауада таралу жылдамдығынан бес еседен артық шапшаңдықпен ұшатын ұшақ гипердыбыстық ұшақ деп аталады. Ұшақтардың бәрінде: қанат, фюзеляж, тіректер (тік және көлденең), шасси және күш қондырғысы деп аталатын ортақ агрегаттар бар. Қанат көтергіш күш тудырумен бірге көлденең бағыттағы орнықтылықты қамтамасыз етеді. Көп жағдайларда онда қозғалтқыштар, шассидің негізгі доңғалақтары бекітіледі әрі оның қуысына жанар май құйылады. Жалғыз қанатты ұшақ — моноплан, ал қанаттары екі қабат орналасқан ұшақ — биплан деп аталады.
 
 Әскери ұшақ

Ұшақтың ұшу-қону сипаттамаларын жақсарту үшін қанаттың алды, арты арнайы құрылғылармен (бөліктермен) жабдықталады. Экипаж мүшелері, жолаушылар отыратын, жүк кейде қозғалтқыштар, шассидің негізгі доңғалақтары орналастырылатын және ұшақтың барлық бөліктерін тұтастырып біріктіруге арналған бөлік фюзеляж немесе корпус деп аталады. Гидроұшақта фюзеляж рөлін қайық атқарады. Тік тірек ұшақтың бойлық орнықтылығын қамтамасыз етеді. Ол қозғалмайтын немесе шектеулі ғана қозғалыс жасайтын тұрақтандырғыштан және қозғалмалы биіктік рулінен құралады. Тік тіректе қозғалмайтын бөлік — киль және қозғалмалы бағыты — рулі бар. Дыбыстың таралу жылдамдығынан тез ұшатын ұшақтардың тіректері тұтасымен бұралатын, яғни тұтастай басқарылатын болып жасалады. Ұшақтың алдында орнатылатын және қонғаннан кейін қозғалуына мүмкіндік беретін доңғалақтар жүйесі шасси деп аталады. Көпшілік жағдайларда шасси жиналмалы болып жасалады. Ұшарда және қонарда жол талғамайтын ұшақтың түрі амфибия деп аталады. Бұл ұшақтың доңғалақты шассиі және қайық тәрізді корпусы болады. Күш қондырғысы тарту күшін тудырады. Ол бірнеше қозғалтқыш кешенінен тұрады. Тарту күшін піспекті қозғалтқыштарда ауа винттері, трубовинтті қозғалтқыштарда ауа винттеріне қоса газ реакциясы, ал реактивті қозғалтқыштарда тек газ реакциясы, яғни реактивтік күш тудырады.
 
 Азаматтық ұшақ

Қолдану мақсатына сәйкес ұшақтар азаматтық және әскери ұшақ болып ажыратылады. Азаматтық ұшақтарға көліктік (жолаушылар таситын, жүк таситын, т.б.), спорттық, туристік, а. ш. жұмыстарына арналған, т.б. арнайы мақсаттық ұшақтар жатқызылады. Көліктік ұшақтар ұшу жолының ұзындығына орай құрлықаралық, магистралдық, жергілікті желі ұшақтарына топталады. Әскери ұшақтар көліктік, байланыстық, санитарлық, т.б. болып бөлінеді. Ұшақтардың ұшу жылдамдығының артуы оның ұшу-қону жолын ұзартады. Қазіргі кезде тік көтеріліп ұшатын әрі тік төмендеп қонатын ұшақтар кеңінен қолданылады; (қараңыз Авиация, Авиация өнеркәсібі)      
0 дауыс
Ұшақ (ағылш. airplane, plane, орыс. самолёт) — күштік қондырғы (қозғалтқыш) көмегімен атмосферада ұшуға арналған, қозғалмайтын қанаты бар, ауадан ауыр ұшу аппараты. Бұл аппарат өз қозғалтқышының тарту күшімен белгілі бір жылдамдықпен қозғалған кезде қанатында пайда болатын көтергіш күш әсерінен аспанға көтеріледі.

Ұқсас сұрақтар

+2 дауыс
2 жауап
+3 дауыс
3 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
0 жауап
...