Қазақстан тарихының дерек көздерінің түрлерін былайша жіктеледі: 1. археологиялық деректер; 2. Жазба деректері, 3.фольклорлық деректер және халық ауыз әдебиеті дерек ретінде (батырлар жырлары, эпостар, дастандардағы ұлтымыз тарихына байланысты мәліметтері); 4. жылнамалар, 5. Мерзімді басылымдар; 6. Заң актілері; 7. Шежіре. Бұл шартты түрлері.
Деректерді пайда болу тегіне, сыртқы ерекшеліктеріне қарай үлкен типтік топтар сыныпына, оның ішінде шағын топтарға бөлуге болады:
-заттай деректер – археологиялық ескерткіштерден бастап қазіргі машиналар мен техникаға дейін;
-көркем сурет деректері-сурет өнерінің, жалпы өнер саласының барлық туындылары;
-сөздік деректер – күнделікті сөйлеу мәнерінен бастап халықтың ауызша шығармашылық ескерткіштері толығымен;
-жазба деректер-этнографиялық материалдардан бастап мазмұны мен формасы сан алуан болып келетін жазба ескерткіштерінің бәрі;
-дыбысты деректер – сөзсіз немесе сөзбен бірге орындалатын (саз, әуен, ән т.б.);
-салттық деректер – тұрмыста, мінез-құлыққа қалыптасқан дәстүрлер, әдет-ғұрыптар.
Көптеген тарихи деректер тобы белгілі бір типтерге жатпайды, олар аралық типтерді, аралас типтерді құрайды. Мысалы, теңгелер – ол заттай да, бейнелеу де, жазба да топтарына жатады, кинофильмдер-онда бейнелеу де, сөз де, дыбыс та бар.