0 дауыс
4.2k көрілді

3 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Мұнайдан басқа дым жоқ деп ойлайсыңба?!!! Қазақстанның жері құнарлы, жер асты байлықтары да жетерлік, әзірше тек мұнаймен күн көріп жүр, бітсе жер астындағы байлықтарды зерттеп байстайды, яғни географтардың жолы болады, тек қана ол емес, 2012 жылы Қазақстанда мұнайдың түскен пайдасына жаңадан машина, ұшақтар, зауыттар салынды!!!
кешір Мониң, бірақ жердің астындағы мұнайға тең келерлік қандай қазбалар екен соншама, Жіпке тізгендей онын айтыңызшы маған
0 дауыс
Қазақстан мұнай қоры бар жоғы ширек ғасырға яғни 50 жылға ғана жетеді деп естігенмін.
0 дауыс

"Тас дәуірі тас жоқтықтан біткен жоқ, сол сияқты мұнай ғасыры да бізде мұнай жоқтықтан бітпейді" 
Шейх Ахмед-Заки Ямани, The Telegraph берген сұқбатынан, 2000 жыл

Қазақстан Республикасының экономикасы тікелей шикізат экспортына тәуелді. Біле жүріңіз (білетініңізге де күмән келтірмеймін): мұнай, уран, қара және түсті металлургия, астық шикізатының (!) экспорты.

Әлемдегі сұмдық держава КСРО құлауының бірінші себебі, мұнай бағасының құлдырай салуынан болатын. Осындай жержаваны құлатқан батыс, америкалық саясаткерлер Ресейді құлатудың тетігін білмейді дейсіз бе? Әрине, біледі. Тек, бұл уақытша сүрлеп қойған көзір шығар.

Менің ойым: Маған сеніңіз, әлемде шикізаттың арқасында держава болу, тұрақты жақсы жағдайда өмір сүрі жағдайын жасау тіпті де мүмкін емес, ол тек уақытша ақшаның буы ғана. Сондықтан, бұны уақытша "мүмкіндік" деп қабылдау керек және ол мүмкіндікті пайдаланып, экономиканы көтерудің басқа да жолдарын әзірлеп алу әрекетіне кірісу керек. Бұні мен жасамасам, сіз жасамасаңыз, өзіміздің мемлекетіміз үшін ешкім де жасап бермейтінін ешқашан естен шығармау керек.

Тарихқа көз жүгіртсек, шикізат державасы болған Перуді (гуано экспорты), Бразилияны (резеңке экспорты) алып қараңыз. Олар да сұмдық держава, ақшаны күреп табатын ел болған, бірақ ғылымның дамуының себебінен, гуано да, резеңке де химимялық жолмен арзанға, қысқа жолда әзірленетін жолға көшті. Бірақ, бұдан шикізат державалары бүгінгі дамыған мемлекеттердей экономикасын лайықты көтеріп алған жоқ. Себебі, ел дамуы үшін білі-ғылымы озық болуы кере екен! Оның халқы өзін сыйлау арқылы өзгені мойындататын болуы керек екен. Ол ел тіліне құрметпен қарап, денсаулығын күтетін, қаржылық сауатын ашуын, білім-ғылым жолында барын салатын әділ адамдар қоғамын құру үшін барын салатын болуы керек екен. Соның арқасында:

1. Өздерінің жағдайы жақсы болады;

2. Ешкім оларды басынбайды.

...