Тағамдық уланулар. Бактериялар, вирустар, ұсақ жануарлар немесе өсімдіктермен (мәселен планктон саңырауқұлақтармен, паразиттермен немесе уыттармен зақымдалған шикі өнімдерді адамдар пайдалану салдарынан болуы мүмін). Алайда барлық жағдайда осындай өнімдерді пайдаланған адамдар ауру болады деп санауға болмайды. Бір адамдар ауруға тұрақты болып келсе, кейбіреулері аурумен зақымдалып, аурудың ауыр түрімен ауырыды. «Тағамдық улану» гастроэнтерит терминімен синоним ретінде жиі қолданылады, алайда екеуі бірдей ұғымды білдіре бермейді. Гастроэнтерит түрлі факторлардың әсерінен, сонымен қатар тағамдық уланулар салдарынан болатын асқазан мен ішектің қабынуы.
Уланудың себептері. Бактериялар және басқа да тағамдық жұқпа қоздырғыштары әр түрлі себептермен тағам өнімдеріне түседі, мәселен олар өнімді сатып алып жатқан кезде де сонда болуы мүмкін. Пластикке оралған өнімдердің өзі зақымдалуы ықтимал. Сатушылардың лас қолдары немесе өнімдер жатқан ыдыстардың таза болмауы жұқпаның негізгі көзі болуы мүмкін. Жеткілікті түрде термиялық өңдеуден өтпеген (шикі немесе жартылай шикі) сонымен бірге тоңазытқышта немесе бөлме температурасында ұзақ уақыт бойы сақталынатын тағамдар қауіпті.
Тағамдық уланулардың симптомдары. Ішек жұқпасының симптомдарына жүректің айнуы, құсу, диарея, іштің жиі ауруы мен түйіліп ауруы жатады. Кейде бұл сипаттар бір екі күнге созылып, арнайы терапияны қажет етпеуі мүмкін. Егер бірнеше күн бойы аталған белгілер кетпесе, (ауыз қуысы құрғаса, бас айналса, несептің түсі сарғыштау болса немесе оның көлемі үлкен болса, жиі дәретке бара берсе) дәрігерге қаралу қажет.
Келесі жағдайларда жедел жәрдем қызметін шақырыңыз немесе ауруханаға барыңыз:
- балада, жүкті әйелде, созылмалы аурулары бар адамда немесе егде адамда тағамдық улану болған жағдайда;
- көздің көруі анық болмаса, жұтынуға, сөйлеуге қиындық туса (бұл ботулизмнің өнімдерді дұрыс консервілемеу салдарынан болатын өте бір сирек түрі болу мүмкін)
Асқынулар:
- кейбір дене мүшелерінің құрғақ тартуы (ерін мен тілдің құрғауы, теріні бүктеуге болатындай жағдайға келуі, соның салдарынан кейін олар ақырын жиналады, көз шүңірейеді, қатты шөлдейді, жиі демалады және несеп шығаруы әлсірейді);
- ботулизм жағдайында респираторлы жолдардың салдануы болады;
- ботулизм салдарынан өлу жағдайлары өте сирек кездеседі.
Ол үшін сіз не істей аласыз?
Сізге аз тамақтану керек. Үйде қалып, демалу қажет. Сұйықтықты көп пайдаланыңыз, спирттік ішімдіктер, кофе, сүт, шай және газдалған сусындарды мүмкіндігінше ішпеңіз.
Егер, сізде симптомдар үш немесе одан көп уақыт бойы сақталынса, аурудың барысы барған сайын күрделене бастаса, ішіңіз ұзақ уақыт бойы түйіліп ауырса дәрігерге тез арада қаралыңыз. Диареяға қарсы дәрі қабылдамаңыз, себебі олар сіздің организміңізден бактериялардың шығуын тежеуі мүмкін. Егер бала ауырса, онда уақытты жіберіп алмай, тез дәрігер шақырыңыз.
Дәрігер не істеуі мүмкін?
Тағамдық уланудың себебін анықтайды, сонымен қатар осындай симптомдарды ұқсас ауыр аурулар диагнозын тізімінен алып, сіздің жазылуыңызға әсер ететін тиімді ем тағайындайды.
Алдын алу шаралары:
- тағамды дайындаудан бұрын және шикі мал еті мен құс етін ұстағаннан кейін қолыңызды жақсылап сабынмен жуыңыз;
- көкөністерді және жемістерді жақсылап жуыңыз;
- шикі еттерді кесу үшін және басқа да өнімдерге оларды пайдалану үшін тақтайлар мен аспаптарды жуыңыз;
- дайындаудан бұрын мұздатылған құсты толық ерітіңіз. Егер мүмкін болса, оны тоңазытқышта ерітіңіз, себебі суық бактериялардың көбеюін тоқтатады;
- ет және балық өнімдерін жақсылап қуырыңыз;
- шыбындар мен егеуқұйрықтардан, таракандардан қорғау үшін тамақтың бетін жабыңыздар;
- етті және құс етін балықпен бірге бір ыдысқа салмаңыз және оларды дайындағанға дейін бөлек сақтаңыз;
- Асханаларда, буфеттерде және кафелерде тамақтанған кезде өте сақ болыңыз;
- Желінбей қалған тамақты тоңазытқышта, ал көкке шыққанда өнімдерді тасымалданатын тоңазытқыш камераларында сақтаңыз;
- Шикі және дайын өнімдерді бөлек сақтаңыз.
Бактериялар 4,4-тен 60 градусқа дейінгі температурада тез көбейеді. Мұндай температуралық интервалда өнімдерді сақтауға жол бермеңіз:
- өнімді тоңазытқышта сақтаңыз;
- өнімді 60 градустан төмен емес температурада дайындаңыз және жылытыңыз.
Алатау ауданы бойынша Мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау басқармасының тағам нысандарын қадағалау бөлімі
Осылай осылай 8 бетке де толып қалар)