+1 дауыс
614 көрілді

8 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Шындықты әр кез адал адам ғана айтады,
Мұқағали туралы шындық әлі жазылған жоқ.
Оны түбінде жазатын мына мен боламын.
Ақын ағаның әңгімесінен.

Жаным ашып, ақынға ауыр ойдан жүдеген,
Шындықты іздеп менің де жазғым келді бір өлең.
Түгел әр кез есебі тәкаппар мен сырбаздың,
Шындықтың да жолында керек шығар бір Мәжнүн —
Деп көз майын тауысып, талай томды ақтарып,
Бағым ба әлде сорым ба шындықты іздеп таппадым.
Бір ұққаным: үмітке иек артса сенім-ер,
Әркімге өз дегені шындық болып көрінер.
Өмір сүрер пенделер бір-бір шындық құшақтап,
Қара шындық бірінде, ал бірінде түсі аппақ.
Кеше сөйлеп бір Бедел, рухы өлген сонша өлік:
— Айтқанының бәрі де шындық! — десті қол соғып.
Езуіміз көпіріп, шаршағанша жақ талып,
Кеше даттап біреуді, ал бүгін кеп мақтадық.
Солай, солай қашаннан, жиіркен, мейлі, жиіркенбе,
Шындығыңыз бүгінгі жарамайды ертеңге.
Айтыңдаршы, ағайын, тірлігіңде мән бар ма,
Бүгін сүйген шындығың айналса ертең жалғанға?
Өмір сүрер пенделер бір-бір шындық құшақтап,
Қара шындық бірінде, ал бірінде түсі аппақ.
Не көрмеген бұл басым бәріне де төзген-ді.
Айналамның бәрі ұран:
— Шындықты айтар кез келді!
Е, бәрі-бәрі дұрыс қой, бірақ қайда шын шындық?
Жауап таппай бәріміз төмен қарап күрсіндік.
Қайда, қайда, қайда екен Ақиқаттың ауылы,
Ақыры бір табармыз жүр ізделік, бауырым.
Иә, айтпақшы, бір өсек естідім бе кеше осы:
«Әкесі өлген шындықтың, қайтыс бопты шешесі».
Жаратқанға қиын ба жазған құлды мұңлы ету,
Шындығыңыз бүгінде тұлдыры жоқ тұл жетім.
— Жә, жә, жарар, босама, болған іске бекінгін,
Қоғамыңда кімің бар сөзін тыңдар жетімнің? —
Деді маған үмітім, — көңіліңе тоқып ал:
«Жетім қозы тасбауыр, маңырар да отығар».
+1 дауыс
Бұл күнде шындық жоқ. Себебі барін ақшамен Маке Сакелер шешетін заманда қайдағы шындық.
+1 дауыс
шындық бар, Бір Алланың бар екені рас шындық. ал сен біліміңмен талантына сенсең Саке макелеринди шындыққа мойындатасың.
ақшасы бар адам шындықты мойындағанын көрген емеспін.
Козбен корип,қолымен ұстағанына сенбей турсаң мойындайсын гой.
Мен саған мың доллор берем көрген жоқыпын деп айтшы десем сынып қаласыңғо. Шындықты айтқанша мың доллор салып алсамғо деп солай емеспа.
уятыммен, намысымды сатпаймын
Ақша десе арын сататын бұл қоғамда, шындықты жасыра салу түк емес болар.
Сіздер қате түсініп қалмаңыздар бірақ мен ақшамен ештене шешілмейтіне анық көзім жеткесін айтам.
+1 дауыс
Шындық  жоқ. Шындықтың рөлін уақытша өтірік ойнап жүр. Жалған дүниеде шындықтың айтылуы да қиын.
0 дауыс
Шындық бар! Тек шындықты айтатындар мен қолдаушылар аз!!!!!
0 дауыс
Шындық - ауа, онсыз дем алуға болмайды. *И.С. Тургенев*
Шындық дәмі сүйкімсіз, бірақ оның есесіне денсаулықты қалпына келтіретін бір ащы дәрі сияқты. *О. Бальзак*
Шындық дегеніміз адамдағы ождан жеңісі. *М.М. Пришвин*
Қандай ауру болса да тек шындық қана жеңіл. *А.А. Блок*
Тек толық шындық қана жақсы, жартылай шындық түкке тұрмайды. *С. Цвейг*
Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық. *Момышұлы*
Шын емес нәрсенің ҰЛЫ болуы мүмкін емес. *Г. Лессинг*
шындық, күн сияқты, бұлыңғыр тартуы мүмкін, бірақ  бұл уақытша ғана. *К. Боуви*
Шындық кейде иілсе де, бірақ ешқашан сынбайды, Майдың су бетіне қалқып шығатыны сияқты, өтіріктің бетіне қалқып шығады. *М. Сервантес*
Шындық күте алады: ол қартаймайды, ол қашанда жас күйінде қалады  және мүмкін, бір кезде танылатын болады. *Ж. Гюго*
Шындық суайттар мен жалған куәгерлерді мұрттай ұшырады. *Гераклит*
Адам шындықты айтудан басқа ниеті жоқ кезде, оған бірнеше ақ сөз жеткілікті. *Р. Стил*
Шындық тілі қарапайым. *Сенека*
Шындық шырағы дауыл соқса да сөнбейді. *Мустафин*
Ақылдыдан алдымен күтеріміз шындық. *И. Гете*
0 дауыс
Шындық бар бұл өмірде. Сендер байқамайсыңдар сол шындықты.
+1 дауыс
Шындық 45 пайыз ғана бар шығар...
...