+3 дауыс
339k көрілді
Мен-қазақ елінің ұланымын деген тақырыпқа эссе керек еді?

8 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Мен – тәуелсіз елдің ұланымын

Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық деп ойлаймын.  Н.Ә. Назарбаев

1991 жыл - еліміздің «Қазақстан» деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 20 жыл да өте шықты. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы - қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. «Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 20 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді» - деп Елбасымыз айтқандай, егемен Қазақстанды бүгінде барша  әлем танып отыр.

Тәуелсіздік алғандағы алғашқы әрекеттердің арасында мемлекетіміздің ұлттық валютасы - теңгені енгізу, көршілес мемлекеттермен шекараны белгілеп ал­у, Конституциямызды бекіту бар еді. Ата Заңымызға сәйкес Қазақстан және қазақстандықтар ешкімнің же­ріне көз салмайды, бірақ өз жерінің бір сантиметрін де ешкімге бер­мей­ді. Мұндай істердің орындалуы - ерекше тарихи жетістік. Айта берсек 20 жылда жеткен еліміздің жетістігі өте көп. Дегенмен, бұл жетістіктерге жетуде еліміз көп қиыншылықты көргенін ұмытпағанымыз жөн.

Өз басым тәуелсіздіктен кейін туылған буынның өкілі бола тұра, бұл Егемендіктің қандай жолмен келгенін жақсы білемін. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік жолында еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының  арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны рас. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға хан-сұлтандар, батырлар, қарапайым халықтың өзі де жандарын пида еткен. Тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі Желтоқсанның да септігі аз болған жоқ – студент жастардың көшеге шығып үндеуі және егемендік үшін зардап шегуге дайын екендігін көрсете білуі барша халыққа сенім мен жігер берген болатын.

Қазіргі таңда Тәуелсіздік - барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі - ең алдымен халқымыздың бақыты. Алғашқы жылдарда басым мақсаттардың қатарында егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикадағы қиыншылықтарға жауап беру болған еді. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймын.

Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі.

Қазақстан - қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпаған абзал. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс.

11А сынып оқушысы Сұлтанова Әсемның, үздік шыгармалық жумысы.
+3 дауыс
Мен қазақпын, ұланымын елімнің
Мен қазақпын, тірегімін жерімнің
Ұланымын туын көкке көтерер
Болашаққа алға бастап жетелер
Қиындығын қазағымның әрқашан
Қайыспайтын қара нардай көтерер

Көз тойғысыз қазағымның жері бар
Ну орман, тауы, өзені, көлі бар
Қазағымның жерін, елін қорғайтын
Жас жеткіншек, ұланы бар, ері бар

Міне, осындай егеменді еліміз
Кең жазира ұлан байтақ жеріміз
Туған елін, туған жерін сүйетін
Біз қазақтың ұланымыз, еріміз.
 <br>
Мен Астанадан алыста жатқан ауыл мектебінің 8-ші сынып оқушысымын. Тәуелсіздіктен кейін өмірге келдім. Әйтсе де менің келешегіме үлкен жол ашқан тәуелсіздіктің жөні бөлек. Біздің ата-бабаларымыз «Егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас» деген екен. Осы тәуелсіздікке дейін қазақ жерінде еркіндікті аңсаған 300-ге таяу ұлт-азаттық көтерілістері болыпты.

Мен тарихи кітаптарды көп оқимын. Сол кезде байқағаным, тәуелсіздікке жету оңай болмаған екен. Жүздеген Алаш ұлдары бастарын бәйгеге тігіпті. Ондағы мақсаты, қазақ халқының қолын тәуелсіздікке жеткізіп, ұрпағын бодандықтан құтқару болыпты.

Біз жақында Отанымыздың барлық өңірінен 150-ден астам оқушы Астанада басқосып, Тәуел­сіздігіміздің 20 жылдығына арналған «Қазақстанның жарқын болашағы – жастардың көзімен» деген тақырыпта шығарма жаздық. Сонда тәуелсіздік туралы өз ойларымызды айттық. Осы шараға ұйыт­қы болған «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы еді.

Арман қуып, елдің ертеңіміз деп жүрген замандастарым жазған шығармалармен танысып, ой-пікірлерін тыңдағанда Отанға деген патриоттықты айқын сезіндім. Тәуелсіздіктің алдындағы тыныс-тіршілігімізді, одан кейінгі 20 жыл ішіндегі өркендеуімізді ортаға салдық. Бұрын біздің алдымыздағы ұрпақ әрі кетсе Мәскеу қаласына барған екен. Ал қазір білімді жастар төрткүл дүниені шарлап жүр. Бізбен кездесу кезінде «Болашақ» бағдарламасының түлектері ел қамқорлығының арқасында әлемнің атақты білім ордаларында оқығанын айтты. Білімді жасқа қашанда жол ашық екенін жеткізді. Біз білім сайысында Астананы да аралап көрдік. Арқадан кербез Алматыға, Алтайдан Каспийге дейінгі аралықта өмір сүріп жатқан Қазақ елінің ұл-қыздары елорданың ғажайыптарымен танысып, «Бәйтеректің» басына көтеріліп, әсем қалаға қызыға қарадық. Мектеп бітіргеннен кейін осы қалада оқысақ деген арман әр оқушының көкейінде сайрап тұрды. Мұның бәрін біз тәуелсіздіктің арқасы деп білеміз.
Бибігүл ӘЛЖЕКЕСОВА,  Х.Наубетов атындағы орта мектептің 8 сынып оқушысы.  Атырау облысы,  Исатай ауданы.
Жоғарыдағы жыр жолдарыныі авторы кім екен сол қажет болып тұр. Рахмет!
Сен өзің жаздыңба жарайсың
+2 дауыс

Мен Тәуелсіз елдің Жас Ұланымын!

«Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі биік болады». Н.Ә. Назарбаев

Алтын күмбезді көгімде қыран құсты байрағы желбіреген, айбарлы әнұраны асқақтаған, даңқты Қазақстанымның Жас Ұланы екенімді мақтан тұтамын.

Телегей теңіз жылдарда бодандықты бастан кешіріп, сұм соғыстың тауқыметін тартып, сыңыр саясаттың құрығына түсіп қаншама қиналды десеңізші?! Мінеки, туған елім небір сұрапыл оқиғаларды бастан кешсе де, мойынсұнбай әлем картасыннан ойып тұрып керегесі мықты «Қазақстан» деген мемлекет орын алды.

Қазақ елі қайсарлы да батыл, айбатты да асқақ елдердің бірі. Осындай еңсесі іргелі, тұғыры нық, ырыс пен ынтымағы, береке мен бірлігі жарасқан елдің ұланы екенімді мақтаныш етемін.

Ата-бабамның қажыр қайсарлығынан қуат, өрелі өшпес сөздерінен өнеге, тағылымды тәрбиесінен тәлім, батылдығынан бойымызға жігер жинап, керегесі мықты қазақ елінің ұлтжанды қыраны боламын. Болашақтың іргесін біз секілді туған елімнің Жас Ұландары құратын болсақ, әлемде қазақ елінен мықты ел болмақ емес.

Бүгінде республикамыздың әр өңірінде Елбасымыздың бастамасымен Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы аясында өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында құрылған  «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің үшінші толқынына мектебіміздің түрлі интеллектуалдық байқаулар мен спорт бәйгелерінің жеңімпаздары, сынып көшбасшыларынан 72 оқу озаты, 48 оқу екпіндісі салтанатты түрде қабылданып, ұйымның мүшесі атандық.

Салтанатты шарада біз ертеңгі еліміздің жарқын болашағы – білім көгіне қанат сермей жүріп мектепішілік «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының жетекшісі Жумиева Сандуғаш Садуоқасқызының алдында Ұлан басшысы «Жас Ұлан» ұйымына қабылданушылар ант қабылдау рәсіміне дайындығы жөнінде баянат қабылданғаннан кейін, «туған жеріміз бен елімізді мақтаныш етуге, мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеуге, білімге табандылықпен ұмтылуға» ант бердік. «Нұр Отан» ХДП-ның Орал қалалық филиалының кеңесшісі Нұралы Ажар Алтынбайқызы, Батыс Қазақстан облыстық «Ауыл жастары Одағы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Тоқмамбетов Серік Әнуарұлы, білім шаңырағымыздың ардагер ұстаздары Арыстанова Назым, Бакирова Батима Гилимқызы, Кереев Мұхит Махметұлы, мектебіміздің басшысы Асқарова Бәтима Жұмабекқызы қатысып, жүрекжарды лебіздерін арнап, кемел келешектің кілтін ұстар «Жас Ұландықтарға» еліміздің Көкбайрағы бейбіт аспан астында желбіреп, әлемге таныла берсін деген ниетпен ұйымның төсбелгісін тағып, галстугын байлады.

Бүгінде ұйымымыздың жетекшісі Сандуғаш Садуоқасқызының ұйымдастырумен өтетін мектепішілік түрлі шараларға, сенбіліктер мен кездесулерге, қайырымдылық акцияларына белсене қатысамыз. Жұдырықтай жүрегіміздің түбіндегі Отанымызға деген асқақ сүйіспеншілік бізді алға жетелеп, дәйім «Өз еліңнің – патриотты ұланы бол!» деп дем беріп келеді. Арына жанын садаға еткен, «атамыз алаш, керегіміз ағаш» болған өр қазақтың намысты ұрпағы екенімізді ұмытпай, айбынды бабалардың рухын өшірмей, даңқты тарихымызды сақтайық!

Елге деген ыстық сезімімді жетесіне жеткізген, бодандықта бор болған төзімділікті қыл көпірден өткізген, өз елім, өз жерім деп өзек өртеп, өршіл рух сыйлаған, санамызды улаған сансыз «ертегіден» есті жинаған, қасқайып қазақ атын мың қайталап жүрек отын тұтатқан, бойында күш-жігері, кеудесінде қуаты тасыған, егемен еліміздің еңселі байрағын ұшы қиыры жоқ көгімде нық көтеруге ұмтылған, қырандай қарыштаған - Тәуелсіз елдің Жас Ұланымын!

Мүсілім Ақмаржан

Орал қалалық №40 ОЖББМ-тің  11-сынып оқушысы,

 «Жас Ұлан» балалар мен  жасөспірімдер ұйымының мүшесі

Жарайсың Біз Мәңгілік елміз
0 дауыс

Бақытты елдің ұланымыз!

Бүгінгі таңда әрбір мектеп есі­гін ашқан бүлдіршін өзінің әй­бат Әліппесімен бірге Ел­ба­сымыздың осынау әкелік ме­йі­рім­ге толы ақ батасын арқалап алаң­сыз, білім атты үлкен өмір­дің табалдырығын именбей ат­тай­ды. Білім алу тегін әрі әр ба­ланың абыройлы міндеті. Оқу­лық мәселесі де мемлекет  мой­нында. Тек ерінбей ең­бек­те­ніп, талмай ізденіп, аяулы ұс­таз­дардың жалықпай үйреткен бі­лі­мін жүрекке сіңіру ғана біздің бо­рыш.

Баласы  мектеп  жасына  тол­ған ата-ана ешқандай ма­те­риалдық тәуелділіксіз өзінің сүп-сүйкімді ұлын немесе тұ­лым­шағына ақ бантик байлаған қы­зын 1-қыркүйекте алаңсыз мек­тепке қарай жетелеп келе жа­тады. Шаттықтан бал-бұл жан­ған сәби жүзі құшағындағы ал­қызыл шоқ гүлдей жайнап ана­сы­ның қолынан ұстап немесе әке­сінің мойнына мініп еңселі Бі­лім ордасына қарай адымдап ба­рады. Бұл не деген ұмытылмас ба­қытты шақ. Осындай қай­та­ланбас сәтті басымыздан ке­шу­ге жағдай жасап отырған мем­лекетіміз не деген қамқор, не деген мейірімді.

Мен биыл Алматы қа­ла­сындағы Ма­ман­дан­ды­рыл­ған ер балаларға арналған Қазақ-тү­рік лицейін бітіруші түлекпін. Осы­дан 11 жыл бұрын анамның же­тегінде құшағыма бір шоқ ал­қызыл раушан гүлдерін қы­сып, әйбат Әліппемді арқалап мек­теп табалдырығын аттаған едім. Алғаш рет мектеп пар­та­сына отырып, алғашқы ұс­тазым Шақабаева Әлия Қы­рық­бай­қызына құшағымдағы шоқ гүл­ді ұяла тұрып ұсынғаным әлі есімде. Бүгінде сүйікті мек­те­бім­ді бітіргелі отырмын. ҰБТ-ны ойдағыдай тапсырып, әл-Фа­ра­би атындағы Қазақ Ұлттық Уни­верситетінің журналистика фа­культетіне түсу арманым.

Таяуда бір журналдан Се­рік­бол Хасан деген журналист да­­йындаған  «Ерте солған ба­ла­лық» атты материалына көзім түс­ті. Материалда келтірілген, «рес­ми мәлімет бойынша ин­дуст­риясы дамыған елдердің өзін­де 15 жасқа дейінгі 2,5 млн. ба­ла жұмысқа жегілген» деген ақ­парат кез келген адамды бей-жай қалдырмайды. Сөзім дәйекті бо­лу үшін материалдан сөзбе-сөз үзінділер келтіре кетейін:

«Бангладеште балалар таң­ғы сағат 5-тен бастап базарға ағы­лады» делінген. Крокон есім­ді бүлдіршінге әрқайсысы 10-20 келі тартатын балық са­лын­ған қораптарды көтерме ба­зардан бөлшек базарға та­су міндеттелген. Сол еңбегі үшін қаршадай бала 0,01484 дол­лар(біздің ақшамен 2-3теңге бо­лар) табыс табады екен. Мөл­шер­мен күндік азығын айыру үшін Крокон күніне осындай қо­рап­тың 12-сін тасуға мәжбүр.

Қытайда мектеп жа­сын­дағы балалар шахта ең­бе­гі­не мәжбүрленіп барады. 14 сағат тоқтаусыз еңбек етіп күніне бір рет болар-бол­мас тамақтанып отырған. Қо­жа­йындары соққыға жығып,  ауы­рып   жұмысқа  шамасы жет­пеген сәбилерді тірідей кө­міп тастағаны анықталған. Ал, қашуға тырысқандардың аяқ­та­рын сындырып, арқаларын ыс­тық кірпішке күйдірген. Ал, кейбір балалар ұзақ уақыт жуын­бағандықтан тері ауруына ұшы­раған.

Ауғанстанда орташа өмір жа­сы 40 жыл. Бүлдіршіндердің 26 пайызы 5 жасқа толмай қыр­шынынан қиылады екен. Ел­дің 70 пайызға жуығы аштық құр­сауында, ал 13 пайызы ауыз­су­сыз отыр.

Бізге іргелес Өзбек елінде де тұрмыс төмен. Мектеп жа­сын­дағы жеткіншектер    қара жұ­мысқа жалданып ақша та­бу­дың көзін іздейді. Осындай адам жаны түршігетін мә­лі­мет­терді оқи отыра сүйікті «Пре­зидент және Халық» га­зе­ті арқылы мемлекетіміздегі бей­біт те бақытты балалық ша­ғымызды қамтамасыз етіп отыр­ған Елбасымызға, ол кі­сі­ге көмектесіп, жұмысына жәр­дем беріп жүрген Үкімет ба­сында отырған ағалар мен апай­ларға барша Қазақстанның бүл­діршіндері атынан сәбилік жү­рек­жарды алғысымды білдіргім ке­леді.

Ал, республикамыздың бар­­лық бақытты  балаларын  Ба­ла­ларды қорғау күнімен шын жү­рек­тен құттықтаймын. Еліміздің бо­лашағы бүлдіршіндеріміздің был­дырлаған бал тілі мен сың­ғыр­лаған күлкісі үзілмесін!

Әрбір мектеп бітіруші тү­лек­терге ҰБТ-ны ойдағыдай тап­сырып, жоғары балл иеленіп, қа­лаған оқуларына түсулеріне жә­не өздері таңдаған мамандық ая­сында сүйікті Отанымыздың бұ­дан әрі гүлденуіне елеулі үлес­терін қосуына тілектеспін. Ота­ны­мыздың патриоты болайық, дос­тар!

Селеубай СЕРІКБОЛ,

Қазақ-түрік лицейінің 11 «ж» сынып оқушысы

Алматы қаласы

0 дауыс
Мен Қазақтың баласы – мен Қазақпын!
---------------------------------------------------------------

Мен Қазақтың баласы – мен Қазақпын!
Адам Ата ұрпағы,
Қазақтың мен баласы,
Мен Қазақпын!
Тарих тұңғиығын жарып шыққан,
Мен асылдың тұқымы,
Мен алмаспын!
Мәңгі Қазақ ұрпағы,
Мен мәңгілікпін!
Мен ешқашан өлгем жоқ,
Енді өлмеспін!
Тарих түндеріне жарық шашқан,
Мен аспандағы аймын,
Енді өшпеспін!
Тарих жылдарына нұрын шашқан,
Мен аспандағы күнмін,
Енді сөнбеспін!
Замандарда қаһар шашқан,
Атажұрттан мен көшпедім,
Енді көшпеспін!
Замандарда ызғар шашқан,
Ана тілді ұмытпадым,
Енді ұмытбаспын!
Замандарда кәрін шашқан,
Ата салтты сақтадым,
Енді жазбаспын!
Замандарда қиын-қыстау,
Ұлт ретінде жоғалмадым,
Енді жоғалмаспын!
Замандарда нұр шашқан,
Егеменді ел құрдым,
Тарих соңында
Енді қалмаспын!
Ата-баба, ата-ана
Салған жолдан тайғам жоқ,
Енді таймаспын!
Мен Қазақтың баласы – мен Қазақпын!

Қазақты жамандаған ала алмайтын,
Қазақ үшін тартыста тым алыппын!
Қазақ үшін айқаста ту алыппын!
Қазақ болып мен анадан туылыппын,
Қазақ болып не де болса қалыппын!
Мен Қазақтың баласы – мен Қазақпын!


Астана.
2011 жылғы 22 қыркүйек.
+1 дауыс

Еркін елдің ұланымын шығарма

Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік есігін айқара ашты. Еліміздің арыстары талай жылдар тар жол тайғақ кеше жүріп, еліміздің болашағы, келер ұрпақтың бақытты ғұмыры үшін аянбай күресіп, табандылық пен асқан қайсарлық, шыдамдылық пен беріктік танытты. Мұның бәрі ел азаматтарының ұлт үшін жасаған ерен ерлігінің арқасы деп білемін.

Еліміздің көк байрағы желбірегеннен бері ата-баба дәстүрі көш түзеп, халқымыз еңсесін көтеріп, жарқын болашаққа қол созды. Атап айтқанда, бүгінгі күні Қазақстан Республикасы дамыған, көп елдерге танымал ел. Қайсар төзім мен келешекке деген пәк сезімнің арқасында бүгінде біздің төбемізде қыран құс қанатын кеңге жайып, бақытты күннің шұғыласына бөлеуде.

Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды «Мәңгілік ел» деп атады. Бұл Қазақ­станның экономикасы өрлеп, дамыған ел қатары­на қосылатындығын дәлелдейді. Тіпті, Қазақстан атауын «Қазақ елі» деп өзгерту керектігі туралы пікірге келуі — еліміздің тәуелсіз, еркін ел екендігінің нышаны.

Мәңгілік елдің тірегі жастар екенін Мағжан Жұмабаев атамыз «Жастарға» деген өлеңінде:

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты –

Қырандай күшті қанатты.

Мен жастарға сенемін! – деп болашақ ұрпаққа үлкен сенім артқан. Иә, бүгін біз еркінбіз. Еркін елдің болашақ тірегіміз. Аяулы ата-бабаларымыз қол жеткізген Тәуелсіздіктің әрбір арайлап атқан таңы біз үшін бақыт, әрбір мерекесі – ұмытылмас ұлы күн.

Ел ертеңі, ұлт болашағы біз – бүгінгі күннің жастары. Сондықтан, елімнің патриоты ретінде Қа­зақстанның жарқын болашағы мен ата-бабаларымыз аманат еткен елдің дамуы үшін бар күш-жігерімді жұмсап, аз да болса үлесімді қосуға тыры­самын, еліміздің болашағы жарқын болатындығына сенемін.

 

Еркін елдің ұланымын шығарма

Алтын күмбезді көгімде қыран құсты байрағы желбіреген, айбарлы әнұраны асқақтаған, даңқты Қазақстанымның Жас Ұланы екенімді мақтан тұтамын.

Телегей теңіз жылдарда бодандықты бастан кешіріп, сұм соғыстың тауқыметін тартып, сыңыр саясаттың құрығына түсіп қаншама қиналды десеңізші?! Мінеки, туған елім небір сұрапыл оқиғаларды бастан кешсе де, мойынсұнбай әлем картасыннан ойып тұрып керегесі мықты «Қазақстан» деген мемлекет орын алды.

Қазақ елі қайсарлы да батыл, айбатты да асқақ елдердің бірі. Осындай еңсесі іргелі, тұғыры нық, ырыс пен ынтымағы, береке мен бірлігі жарасқан елдің ұланы екенімді мақтаныш етемін.

Ата-бабамның қажыр қайсарлығынан қуат, өрелі өшпес сөздерінен өнеге, тағылымды тәрбиесінен тәлім, батылдығынан бойымызға жігер жинап, керегесі мықты қазақ елінің ұлтжанды қыраны боламын. Болашақтың іргесін біз секілді туған елімнің Жас Ұландары құратын болсақ, әлемде қазақ елінен мықты ел болмақ емес.

Бүгінде республикамыздың әр өңірінде Елбасымыздың бастамасымен Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы аясында өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында құрылған  «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің үшінші толқынына мектебіміздің түрлі интеллектуалдық байқаулар мен спорт бәйгелерінің жеңімпаздары, сынып көшбасшыларынан 72 оқу озаты, 48 оқу екпіндісі салтанатты түрде қабылданып, ұйымның мүшесі атандық.

Салтанатты шарада біз ертеңгі еліміздің жарқын болашағы – білім көгіне қанат сермей жүріп мектепішілік «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының жетекшісі Жумиева Сандуғаш Садуоқасқызының алдында Ұлан басшысы «Жас Ұлан» ұйымына қабылданушылар ант қабылдау рәсіміне дайындығы жөнінде баянат қабылданғаннан кейін, «туған жеріміз бен елімізді мақтаныш етуге, мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеуге, білімге табандылықпен ұмтылуға» ант бердік. «Нұр Отан» ХДП-ның Орал қалалық филиалының кеңесшісі Нұралы Ажар Алтынбайқызы, Батыс Қазақстан облыстық «Ауыл жастары Одағы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Тоқмамбетов Серік Әнуарұлы, білім шаңырағымыздың ардагер ұстаздары Арыстанова Назым, Бакирова Батима Гилимқызы, Кереев Мұхит Махметұлы, мектебіміздің басшысы Асқарова Бәтима Жұмабекқызы қатысып, жүрекжарды лебіздерін арнап, кемел келешектің кілтін ұстар «Жас Ұландықтарға» еліміздің Көкбайрағы бейбіт аспан астында желбіреп, әлемге таныла берсін деген ниетпен ұйымның төсбелгісін тағып, галстугын байлады.

Бүгінде ұйымымыздың жетекшісі Сандуғаш Садуоқасқызының ұйымдастырумен өтетін мектепішілік түрлі шараларға, сенбіліктер мен кездесулерге, қайырымдылық акцияларына белсене қатысамыз. Жұдырықтай жүрегіміздің түбіндегі Отанымызға деген асқақ сүйіспеншілік бізді алға жетелеп, дәйім «Өз еліңнің – патриотты ұланы бол!» деп дем беріп келеді. Арына жанын садаға еткен, «атамыз алаш, керегіміз ағаш» болған өр қазақтың намысты ұрпағы екенімізді ұмытпай, айбынды бабалардың рухын өшірмей, даңқты тарихымызды сақтайық!

Елге деген ыстық сезімімді жетесіне жеткізген, бодандықта бор болған төзімділікті қыл көпірден өткізген, өз елім, өз жерім деп өзек өртеп, өршіл рух сыйлаған, санамызды улаған сансыз «ертегіден» есті жинаған, қасқайып қазақ атын мың қайталап жүрек отын тұтатқан, бойында күш-жігері, кеудесінде қуаты тасыған, егемен еліміздің еңселі байрағын ұшы қиыры жоқ көгімде нық көтеруге ұмтылған, қырандай қарыштаған - Тәуелсіз елдің Жас Ұланымын!

0 дауыс
●♡♡♡♡♡♡♡♡♡♡♡♡♡♡♡●
0 дауыс
Өзің жазбайсыңба эссені
...