+8 дауыс
32.5k көрілді
Өмірдегі ең қызықты және әсерлі сәттеріңіз жайлы айта кетсеңіздер?

9 жауап

+9 дауыс
 
Жақсы жауап

Қызықты сәттер көп қой негізі! Мен өзім жатақханада тұратындықтан, осында болатын бір қызықтан бөлісейін))) Жатақхана өмірі дегенің тұнған қызық! Биыл өзімізше үлкен курс болып, 1-2 курстарға өктемдеу сөйлейтін кезіміз))) Содан не керек, бір күні бөлмеге бір бейтаныс қыз кіріп келе жатыр. Аяқ киімін шешпей. Жаңа ғана еден жуып қойып едім. -Еу, қыз! Аяғыңды шешіп кірсейші!-дедім бұрқ етіп. -А?-дейді әлгі қыз. -Аяғыңды шеш деймін саған! Қатты кеттім. Тағы да бірдеңкелерді қосып әлгі қызды аяусыз сыбадым-ай кеп...Біраз үнсіз тұрды да:-Сен менің кім екенімді білесің бе?-деді. -Маған дегенде президеттің қызы бол!-дедім міз бақпай. Сол кезде -Мен сендердің жаңадан ауысқан замдекандарың болам. Атым-Жұлдыз.-деді "әлгі қыз". Ішім қылп ете қалды. Бөлмелес қыздар күлкіден түйіліп жатыр. Замдекан жымиды да шығып кетті.  Алыстан көзілдіріксіз көрмеуші едім,содан кейін біреу есік қақса, көзілдірігімді киіп отыратын болдым. Сондай-сондай қызықтар болған)))

күшті ғой бірак сен маған жазып бере аласын ба өтінеммммм  тақырыбын беремин өтінем өтинемммммм
+7 дауыс
Өмірімде ең қызықты кез бүгін болды. Ой Құдайым-ай шынымен де естен кетпейтін болды бұл күн. Сабактан шығып Досым екеуміз қайтып бара жатқанбыз. Кенет біз кетіп бара жатқан үйдің дарбазасының астыңғы жағынан келіп бір үлкен ит үріп ырылдаған еді. Әлгі досым Секіріп Қыз балаша Аааааааа деп айқалағанда, мен қардың үстіне құлай сала, көзімнен жас аққанша күлгенім-ай. Ой жарты сағат күлген шығармын. Ер баланың шыңғырғанын алғаш естуім. Оның үстіне өзімнің жанжолдас балам еді. Ол да өзінен-өзі күле береді. Бүгінгі күн осылай ерекше болып өтті. Естен кетпес.
+3 дауыс
Ең әсерлі сәт,шаңғымен үлкен таудан тік түскенде......барлығын ұмытасың,өзіңді керемет сезінесің,бір ұшқандай боласын.
+4 дауыс
Бірінші курста жүргенде бәріміз топ болып сабақтан шыққаннан соң алаңға бардық. Мақсат - суретке түсу. Алаңға бірінші боп жеткендеріміз соңғыларын күтіп біраз тұрдық. Содан бір группаласым сабақтан шығып, ауылға кетемін деп бір пакет киімдерін ала шыққан екен. Қолында пакеті, фонтанның тасына ытқып мініп, айналып жүр еді, құлады да кетті. Қыркүйектің аяғы, күн едәуір салқын. Әлгі бейшара не күлерін, не жыларын білмей күліп жатыр. Біз де көмектесуге асығар емеспіз, күлуден қол тимей жатыр, тіпті әліміз кетіп қалған. Содан ұлдар алып шықты. Абырой болғанда, қолындағы пакетіне су кірмепті. Айнала қоршап тұра қалдық қыздар боп, киімін ауыстырып алды. Құдай қолдап, пакетте киімдері болды. Әйтпегенде))))
Недеген сәйкестік десеңізші. Киімін ала шыққаны. )))
Соны айтам, ауылға бара жатыр ғой енді.. және қалтасында 200 теңгеліктерден 800 теңгесі бар екен, жолақы ғой. Су-су, бір-біріне жабысып қалған, мәз болдық соларды бір-бірінен ажыратып, күнге ұстап кептіріп)))
+3 дауыс
Бірде маршруткада отырғанымда, ішінде толы қазақтар болатұғын...

Содан сол қазақтар бір-бірімен бір орыс сөзін араластырмай, таза қазақш сөйлесіп отыр екен

Өз құлағыма сенбей, аң-таң болып, қызыға әсер алдым...
Адам сенгісіз оқиға екен,мен оқып отырып ақ әсерленіп отырмын.
Атырауда бари казакша сойлейди,85 % кепилдик беремин !!!
+1 дауыс
осы жылғы ең қызықты оқиға есімде қалыпты. Соңғы қоңырауға отырмақ (вечер) жасаймыз деп қыздар боп магазин аралап азық - түлік аралауға шыққанбыз ғой. 24 мамыр болатын. содан 4 қыз болып, бұрышта тұрмыз қалғандарын күтіп. сыныптасым екеуміз тастың үстіне отырмаймыз ба?! содан екінші қыз ойнап тұрып қасымдағы қызды итеріп жібермесі бар ма? ол мені ұстап, артқа қарай құладық. оның үстіне ана қыз екеумізді ұстап қалудың орнына құла құла деп одан сайын итеріп жатыр ... ең сорақысы тұрсам қыздар мәз болып күліп жатыр. не болд десем артыңды қара деп қояд. сөйтсем шортигымның арты жыртылып қапты... ал ендеше күл кеп... бірақ ана құлатқан қызға жыным келгенін аййййййййй..............))))))))))))))))))))))))))))))
+2 дауыс
Өмірімде қызықты және әсерлі сәттер көп болды.Соңғы есімде қалғаны 2010-шы жылдың күзінде Алматы қаласында құрылыста жұмыс жасағанмын. 12 этажды ғимарат болатын, соның шатырында жүргенде жерге құлап кете жаздағаным бар. Сол кездегі әсерді айтпасам да түсінікті шығар.
0 дауыс
Бул кызык огиганын али кунге дейин маган пайдасы тиип келе жатыр деп ойлайм. 10-15 жыл отседе али есимнен кетпейди. Биздин заманымызда бир оте киын жагдай болды.Кыс мезгили . Мен калада  1 курс окып журген кезим болатын . Ауылдан аке шешем акша салып жиберетин болып , соны вокзалга келип кутип турмын .Келетин таксиим кешиккен сон, тонып калдым. Кун суык , содан кишкене жылынып алайын деп, вокзалдын ишиндеги кишкентай шайханалардан шай ишип тур едим. Бир мезгилде жасы 80 -85 терге таяп калган бир ажей, сыртынан турине карасан , коше кангып журген бомждарга уксайды.Журип туруга хали жок, тонып калган. Сол ажей  вокзалдын бир бурышында отырып алып , шай ишип турган еки жас жигитке , жалынып шай акелип беруин сурап отырды . Оган алги еки жигит мазак кылып , келемежтеп кулки етип жайбаракат шайларын ишип тура берди. Содан буган шыдай алмаган мен , ажейге деп арнап бир бокал ыстык шай , еки пирожки алып бардым. Ажейдин касына барып , колымдагы шай мен пирожкилерди усынганымда, куанганынан ажейдин жылаганы али кунге дейин есимде . Мен ол кисини жубатудамын. Сол киси орнынан турып , маган колынды жай деп, ак батасын берди. Бата дегенде кандай бата десейш, батасын узак айтты , оте кушти кушти тилектери бар, али кулагымда тур гой !!! Бул омиримдеги умытылмайтын саттердин бири. Буны корген алги еки жигитте , шай мен пирожкилерин алып ажейге жугирип кетти , сонында ажейде бул еки жигитке батасын аямай берип жатты.........
0 дауыс
Менің ең қызықты саяхатым дегенге қандай мәтін немесе оқиға жазуға болады өтінемін
...