*Сәлем, Сұрақ және Жауап сайтының қолданушылары! Қалайсыздар?:)
Сұрақ басын оқып мынау не деп кетті деп, дал болып отырған шығарсыздар?
Сұрақ қоймас бұрын шағын "әңгіме" айтып жіберейін.*
Менің үйімнің телефонына "үш" күннен бері біреу қоңырау шалып жүр. Тұтқаны көтеріп: -Алло?...Алло?,-десем үндемейді. Тіпті тұтқаны біразға дейін ұстап тұрады да, қоя салады. Және ұялы телефоныма да "белгісіз" нөмірден қоңыраулар келеді. Бір соғып қоя қойса екен, жоооқ кәміл "екі" сағат бойы соғады. Тіпті мазам кетті. Бір жаманы үй телефоным соққан нөмірді көрсетпейді...
ЕНДІ СҰРАҚ: Үйіме соққан кім екенін, қай нөмірден соғып тұрғанын қалай білуіме болады? Интернет арқылы бола ма? Әлде казтелекомға шалып сұрасам, айтып бере ме? Анықтаудың қандай жолдары бар? *Білсеңіздер көмектесіп жіберсеңіздер. РАХМЕТ!*:)(mp)