Осы сайттағы кейбір сұрақтардың талқылануынан кейін мынадай сұрақ туады.
Қыздарға сұрақ: егер сүйген жігітің өзге қызға есі кете ғашық, бірақ сенің сүйіктің оған қосылмай саған үйленейін деп жатыр, өз сезімін аяқ асты қылып сенің сезіміңді құрметтеп. Бірақ ол сүйіктісін ұмыта алмайды, сен оны білесің сонда да оған тұрмысқа шығасың ба? және де ол жігіт бір күндері сүйіктісіне кетіп қалады деп қорықпайсың ба?
Жігіттерге сұрақ: Сенің сүйген қызың бар делік, бірақ араларың онша емес, және де өзге қыз саған есі кете ғашық. Өз сезіміңді аяқасты қылып сүйгенді сүйуге тырысар ма едің? егер осындай қадам жасасаң ол қызды орта жолда тастап кетпесіңе қаншалықты сенімдісің?