0 дауыс
11.2k көрілді
1.философия пәнінің обьектісі,құрылымы,қызметі. 2.дүниеге көзқарас және оның типтері 3.философиялық ойдың негізгі мәселесі    4.философияның салалары және оларға түсінік. ДОСТАР ӨЗІМ ЖАРТЫСЫН ТАПТЫМ,БІРАҚ КЕЙБІР СҰРАҚТАРҒА ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАУАП ТАБА АЛМАДЫМ,КӨМЕКТЕСІНДЕРШІ

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
*Философия* - дүниегекөзқарастың ғылыми-теориялық түрі. Философиялық көзқарас мифологиялық және діни көзқарастан айырмашылығы- нақты ұғымдарға, категорияларға сүйене отырып логикалық ой қорыту ерекшелігінің бар болуы. Философия даму барысында үш кезеңнен өтті: Космоцентризм, теоцентризм, антропоцентризм.

    Космоцентризм-әлемді түсіндіруде ғарыштың шексіз сыртқы күші қолдана отырып, ой тұжырымдау (философияның бұл кезеңі Ежелгі Үнді, Қытай және Ежелгі Грек жерлерінде көп таралды ) .
    Теоцентризм- барлық тіршілік атаулыны жоғары жаратушы күш-Құдай арқылы түсіндіру (Ортағасырлық европа философиясына тән ерекшелік).
    Антропоцентризм- негізгі орталық мәселесі адам болып табылатын философиялық көзқарас (Қайта өрлеу дәуірімен жаңа заман, қазіргі заман философиялық мектептерінде қарастырылады).

Философияның пайда болуы адамзат баласының білім деңгейі мен ой-санасының едәуір дамуына байланысты әлемді ғылыми тұрғыда түсінуімен орайлас дүниеге келді.

Сан қырлы табиғат құбылыстарының мәнісін түсінуге тырысқан ойшылдардың философиялық көзқарастары-философия ғылымының беташары іспеттес болды. Алғашқы философиялық ойлардың формасы натурфилософиялық бағытта дамыды.

Философия пәні қоғамның дамуымен тығыз байланыста бола отырып, рухани өмірдің барлық қырларын қамтыды. Философияны алғаш рет ерекше теориялық білім ретінде жинақтап дәлелдеген ерте грек философы Аристотель (б.з.д. 384-322 ж.ж.).

Философияның өз алдына ғылым болып қалыптасу барысында қарастыратын мәселелеріде айқындала түсті: Онтология-болмыс туралы ілім (немесе дүниенің бастамасы жайында); гносеология-таным туралы ілім; Аксиология-рухани құндылықтар туралы ілім; Праксиология –адам шығармашылығы туралы ілім; Антропология-адам туралы ілім; Логика-дұрыс ой-қорыту жөніндегі ілім.

Философия пәнінің зерттейтін сұрақтары: болмыстың өмір сүру жағдайы, материя, оның формалары, сана және санасыздық, адам, оның өмірдегі мәні мен әлемдегі алатын орыны, жан, адамның рухани өмірі, қоғам, табиғат, өркениет, экология, дүниені танып білу, қозғалыс, диалектика және оның заңдары.

Ф.Энгельстің тұжырымдауы бойынша философияның негізгі сұрағы- ойлаудың (сананың) болмысқа, рухтың материяға (табиғатқа) қатынасы. Міне, осы мәселеге байланысты қоршаған орта мен адамның әлемдегі алатын орыны айқындала түспек. Философияның негізгі пәні мен обьектісі-адам және оның әлемдегі орыны.

Философияның негізгі мәселесін (ойлау мен болмыстың арақатынасы туралы) сөз еткенде бұл сұрақтың екі жағы бар екенін ажырата білу керек.

бірінші жағы: дүниенің негізі, бастамасы не -идея, рухпа әлде материя ма деген онтологиялық (болмыс туралы ілім) сұрақ қояды.

екінші жағы: адам баласы дүниені танып-біле алама әлде танып-біле алмайма деген гносеологиялық (таным туралы ілім) мәселе көтереді.

Философияның онтологиялық мәселесіне байланысты философияда негізгі екі бағыт пайда болды. Олар материализм және идеализм.

Онтологиялық сұрақ- дүниенің бастамасы не, дүниенің негізі материя не сана, рухпа деген деген сұрақ төңірегінде мәселе қозғаса, ал гносеология-дүниені танып-білу мүмкінбе әлде мүмкін емеспе деген сұрақ қояды.

Дүниенің алғашқы бастамасы, түп негізі не деген сұраққа жауап беру барысында философияда екі негізгі бағыт пайда болды, олар: материализм және идеализм.

Материалистік бағыт-дүниенің негізі кез-келген бір материядан тұрады, материя-санаға тәуелсіз реалды өмір сүретін, өзіндік заңдылықтармен дамуға қабілетті деп тұжырымдайтын пікір.
Ұнаса жақсы жауапты бас!
ой көп рахмет  жақсы жауапты бастым
...