+2 дауыс
673 көрілді
Мен өзім мұсылман болып, сәждеге жығылғалы біраз болды.  бірақ айнала көрші- көлеңнің уаххабист деп жала жауып,өсек айтып жүргендеріне құлақ үйреніп те кетті. 10 жыл бірге өскен жан құрбым бар еді. намаз бастап ,ислами білім алып жүрсем де, ешқашан қасымдағы достарымды, сен де оқуың керек,оқымасаң мен сенімен дос болмайм, сен күнәхарсың деп табаламадым. тек өмір туралы,адамдар туралы, жалпы куллі жаратылыс туралы сөз айтып,талқыға салғанда ғана, хадистен, суннеттен мысалдар келтіріп, ислам нағыз тура жол деп айтып қоятынмын. жанымнан артық жақсы көрген жан досымның да мұсылман болуын қаладым. бірақ ол әрқашан неше түрлі қиын-қиын сұрақтар қойып, жағамнан алатын. кей кездері тіпті жауап бере алмай ұнжырғам түсетін. жан құрбыммен жолымыз ол 9 бітіріп колледжге кеткенде айырылды. мен 10-11 оқып мектепте қалдым. одан вузға түстім. колледжі алыстау болса да, кейде бір-бірімізді кутіп уйге бірге қайтып жүрдік. бірде досым гитара тартқысы келетінін айтты. және маған да бірге гитара сабақтарына баруын өтінді. мен бардым. бірақ досымдай икемім болмады. (сол гитара уйреткен жандар өзге дін таратушылар болып шықты) Мен жөніме сабақтарымды,дінімді оқып жүре беріппін. уақыт зымырап өтіп жатты. осы жакында рамазан айында досым мен саган бірдеңе айтуым керек, бірақ сен менің бұл шешімімді құптамайсын білем деді. бұл менің нақты шешімім деді.  ол басқа дін қабылдапты. яғни Иса мәсіхтің жолы... осыны естігенде төбеме жай түскендей сезімде болдым. көзімнен жас кетті. Бірақ досым " ой не надо только плакать, что ты тут сцены устраиваешь ??" дегенде тіпті бұрынғы жан досымның, жүрегімнің бір бөлігі болған жан құрбымның мүлдем өзгеріп кеткенін сездім. исламның дұрыс екенін айттым, Аллаға серік қосуға болмайтынын,құдірет иесі жалғыз Алла деп қақсасам да,өзінікінен қайтпады. 5 уақыт жаттанды нәрсені оқығаннан бірдеңе тиеме  саған?? неге мен қазақ болып туылдым, егер құран араб тілінде болса, қабірде арабша сұралатын болса??? неге мен хиджаб киіп жамылып журуім тиіс?? арабтар беттерін самум желінен қорғану үшін жамылып жур, неге қалаған затымды істей алмайм??тағысын тағы сұрақтарды жаудырды. білімім жеткенше жауап бердім. білімім бірақ бетін қайтаруға жетпеді. Жалынып, жалбарынып, достығың адал болса, тек бір рет менімен мешітке барып күмәнданған сұрақтарыңды қойшы дедім. айтіп-бүйтіп келісті. апардым. бірақ мешітке кірмеді. енді ішке кіріп имамды да шығара алмадым. содан досым екеуміз қайтып кеттік. ертеңіне досым екеуміз Иса Мәсіхтің  жолын үйреткен ұстазымен кезіктік. қайдағы жоқ времянкада тұрады екен. дача сияқты бір құлайын деп тұрған уй екен. уйі ішінде кілең сүреттер салынған кітаптар, әр жерде шашылып -шашылып жатыр. үйі жинаусыз. осындай уйде тұратын адамдарға қалай сенуге болады десем, олар кедей жандар, бірақ кедей бола тура жарым жандарға көмектерін аямайды деп қояды досым. әрі олар адресін жиі ауыстырады екен. адресін жиі ауыстырып, квартирадан квартираға көшін жүргендері саған күмән туғызбайды ма десем, кедейлер ғой, жағдайлары келіңкіремейді деп қояды досым.  кедей жан болса да, времянкада тұрсада, уйлерінде мегалайн интернет, біздің уйде жоқ автомат кір машина, су жаңа ямаха тағысын тағылар бар екен. бірақ шай дайындап қойыпты. шай ішуге де сескендім. енді әңгіме құдай туралы болды. мен өз исламымды айтып дәлелдеп әлекпін. ол өзінің Киелі кітабын дәлелдеп әлек. содан улкен дау туды. ол мұсылмандардың нұры болған Мұхаммед(с.а.у.) тіл тигізді. Ол тек ашейін қарапайым адам болған, көп әйел алған, тек ашейін воин болған деді. ал біздің Иса деп бастап "иса құдайдын ұлы" "тозақтың кілті исада" тек соның жолымен жүрсек ғана құтыламыз деп бөсті. енді сұрасам мысалы христиандар шоқынады,мұсылмандар 5 уақыт намаз оқиды, ал сендер не істейсіңдер сонда?? ритуалдарың қандай деп сұрақ қойдым. біздер мусылмандар сияқты мешітке бармаймыз. Құдай, Иса Мәсіх мешіт,церковь секілді ғимараттарды қажет етпейді. ол адамның жүрегінің тұсында. біз өзіміз Иса Мәсіхтің жолындағылар болып жиналып,еске алып,өлеңдер айтамыз деді.  секта екені айдай анық көрініп тұр. Бірақ оны досым сезер емес. тынысым тарылып бара жатыр, мен мұндай жерде отыра алмай деп, досымды үйге кеттік,уйге кеттікпен ертіп шықтым. Көше -мөше,каланың қақ ортасында жүргенімізге қарамастан уйге барғанша ұрысып бардық. осы кешке ата-анаңа айт сен айтпасаң, мен айтам деп кетіп қалдым. ол осыдан әке-шешеме айтсаң достығымыз үзілгені деді. тындамай барып мамасына айттым. маған ұсынған кітаптарын бердім. мамасы досымның соткасынан жаңағылардың нөмерін өшіргізіп, біршама тыйғандай болды. бірақ 1 ай өте салысымен жаңағылар досыма кайта звондапты. енді мамалары олардан қорқып отыр, КНБға берейін десе, өзінің қыздары кетіп қалама деп қорқады. өтірік сөйлескендей сөйлесе бер депті мамасы.  ал мен оның ол адамдармен сөйлескенін мүлдем қаламаймын. барлығының беттерін ашып, заңмен қудаланса,жақсығой, бірақ мұның бәрі бір-бірімен сыбайласып жалғасып жатқан дүния болып көрінеді маған. біздің елімізде дінге деген ерік бар емес пе??? жалған діннің бетпердесін ашам деп,  жыланның құйрығын басып, оятып алам ба деп та қорқамын.  мен кіммін, ешқандай тірегі жоқ,қарапайым ғана жанмын. бірақ сонда мен нестеуім керек???  енді биыл досым грантка түсіп,алматыға кетті. ал жаңағы сектаның нағыз қайнаған ошағы Алматы да екен. досымның іші бауырына кіріп алғандары соншалық, санасын улап тастапты. енді нестесем болады?? калай көмектесем??? мен қай жерінде қате жібердім??? оның анасы да менің оған көп ислам діні туралы айтқанымды қаламайды( көрші-көлең есептегендей уахаббист деп ойлайтын болар), ал менің анам менің жан досыма,оның жаңағы апайшаларына жолағанымды қаламайды,өздеріне тартып алады деп қорқады. намаз оқитын ағам сен әлі құранға көшкен жоқсын,сенің иманың әлсіз,сондықтан өзің кетіп қалу қаупің бар деп жолатқысы келмейді. "кімге Алла тура жол қаласа, тура жолда жүреді, ал кімді адастырғысы келсе ,ол адасады және бұған ешкім ештеңе істей алмайды"" деген құран аятын ұстанып отыр.  мен не істесем болады??? жан айқайымды ешкім түсінбейді. сол досымды қатты уайымдап журмін. қасымда жүргенде,осындай адамдармен араласып жургенін сезбедім. енді ол менен жырақта. телефонмен кунара хабарын алып отырмын, бірақ ішім сезеді, ол аздық ететін сияқты.

Таныс көше. Таныс маң. Шіркеудің қақ алдында Алмас екеуміз біраз тұрдық. Есіңізде ме, қоңырау шалынардан он минут бұрын мектеп алдында қандай қарбалас болушы еді? Дәл сол. Сабаққа асыққан оқушыдай қыз-жігіттер келіп жатыр. Келіп жатыр. Бәрі де біздің күнде жылармандай болып айтып жүрген ұлттығымызды жинап қойып, шоқынып кеткен. «Алла біреу, Мұмаммед оның елшісі» — деп айғайлағым келді. Кімге ұқтырасың? «Дәл осындай тамырсыз сенімдер отбасыңның ойранын шығарады?» десең бәрі жабылып, бағытымды Каблукова (ол көшеде жындыхана бар екені есіңізде болар) жаққа түзеп жіберер.

 осы жазғандарымды админ, өшірмеуіңді сұраймын.    осылай жазған себебім 1) менің досымның куйіне өзге қазақ жастарының  илануының алдын алу 2) сіздерден көмек ретінде ой бөлісу. менің қиналысымды, ойларымды түсіну үшін мына ссылкаларға өтіп, оқып саралауыңызды өтініп сұраймын. http://dinislam.kz/publ/%D0%90%D0%B4%D0%B0%D1%81%D2%9B%D0%B0%D0%BD%20%D0%B0%D2%93%D1%8B%D0%BC%D0%B4%D0%B0%D1%80/adasandar/11-1-0-466
http://news.nur.kz/203713.html, жылы өтіп кетседе мына пікір -таласты көзім шалып қалғанды. http://abai.kz/node/1817 ,

1 жауап

0 дауыс
Шынымен де қиын жағдай болыпты.Білімім аз болған соң сізге не дерімді білмей отырмын.Аллах сіздің иманыңызды арртырып,сабыр берсін.Сіз мұны негізі бұл сайтқа жазғаннан көрі,жергілікті мешіттің имамына барып айтсаңызшы,сөйтіп сол кісіден көмек сұрап көрсеңіз дұрыс болар еді деп ойлаймын.Сіз мені дұрыс түсініңіз.Мен исламға қарсы емеспін.Алла бізді тура жолға салсын!!!
...