0 дауыс
11.6k көрілді
Аида деген есімнің мағынасы қалай?
ҚАЗАҚ ЕСIМДЕРIНIҢ ҚҰПИЯЛАРЫ

Кiсi есiмдерiне қарап отырып-ақ, өзiмiзге дейiн өмiр сүрген ата-бабаларымыздың тарихы, мәдениетi, тұрмысы, әдеп-ғұрыптары мен салт-санасы, дүниеге, дiнге көзқарасын, неге қол созып, неден үмiт күткендiктерiн бiлуге болады. Телағаңның ой-желiсiне сүйенсек, қазақ халқының балаға ат қоюының өз заңдылығы, өз үлгi-нұсқалары бар. Бұрын ұл болса болды, оның есiмiне «бай», «бек», «хан» сөздерiн қосақтайтын болсақ, қазiргi кезде бұл қосымшалардың мән-мағыналары ескiрдi деп есептеп, оларды қоспайтын, қоссақ та аз қосатын болдық.
Ертеректе қазақ халқы баласына ат қоюға келгенде басқа халықтар құсап дiн иелерiнiң атын iздеп,әуре болып жатпай-ақ, дүйсенбi күнi туса – Дүйсенбай, жұма күнi туса – Жұмабек, ауылына, үйiне хан келсе – Хангелдi, би келсе – Бигелдi, сұлтан келсе – Сұлтангелдi, қожа келсе – Қожагелдi деп, болмаса әкесiнiң қанша жасқа келгендiгiне орай баласына Қырықбай, Елубай, Алпысбай, Жетпiсбай, Сексенбай, Тоқсанбай деп ат қоя беретiн болған. Қазiр, Құдайға шүкiр, ол әдеттен арылдық.
Қай кезде болса да Болат, Қанат, Қайрат, Жанат, Берiк, Серiк есiмдi ұлдар мен Мөлдiр, Маржан, Арай, Әсем, Әсел, Сымбат, Сандуғаш, Салтанат, Айгүл, Айнұр, Ақбота, Ақерке, Ақбаян, Ақмарал, Әйгерiм, Назерке атты есімдер кездесетін. Бұл, бiрiншiден, халқымыздың ой-өрiсiнiң, сана-сезiмiнiң артқандығының, мәдениетiнiң, талғамының дамығандығының белгiсi болса керек.

Қазiргi кезде мағынасы да, дыбыстық тiркесiмi де түсiнiксiз есiмдер етек алып барады. Әсiресе Альфия, Алина, Анелия, Аида, Анара, Динара, Гуля, Гүлзия, Гүлзира, Гүльмира, Гүлвира, Гүлзада, Эльмира, Элеонора, Замира, Мария, София, Сания, Света, Клара, Лаура, Жания, Жанна, Лиза, Мая, Зоя немесе Артур, Ануар, Арслан, Руслан, Эрнс, Тимур, Мадьяр, Илья т.б. деген сияқты еуропаланып кеткен есiмдер көптеп кездеседi.

Атадан балаға жалғасып, ұрпақтан-ұрпаққа ұласып келе жатқан ізгі дәстүр, тамаша салттарымыздың бірі – ат қою үрдісі. Дана қазақ сәбиге ат қоюға ерекше мән берген. Тіпті осы ат қою дәстүрінен халықтың наным-түсінігін, салт-санасын, арман-мүддесін, эстетикалық талғамын анық байқауға болады. Және уақыт, заман талабына сай, есім талғау, таңдау реті өзгеріп отыратындығы тағы бар. Мәселен, осыдан бірнеше ғасыр бұрын Абылай, Есім, Керей, Ахмет, Ыбырай, Жылқыбай, Қойшыбай сынды есімдер жиі қойылатын болса, бүгінде бұл үрдіс біршама өзгерген.

3 жауап

0 дауыс
Сіздің осы есімдерден басқа жұмысыңыз жоқ па.Жаңа ғана Нұрислам деген есімді сұрап едіңіз.Қайта сұрақты жасырып үлгердіңіз.Жоқ алде апта белсенділерінен 1 орында тұруды көздеп отырсыз ба?Ендігі сұрайтын есіміңіз қандай болар екен???
демал сен.Жаңағы сұрақты жауып тастағаның өтірік па.СЕН не ақымақсың ба?Көшеде жайылып жүрген мал сенен ақылды.Білесің ба соны.Нұрислам деген қандай мағына білдіреді деген сұрақ бола ма екен!!!Сенде тауықтың миындай ми жоқ екен.Ары қарай бармай-ақ қойайын.САЙТТЫ Былғағым келіп тұрған жоқ!!!
сосын мынаны оқы!!!Сендейлерге көмегі тиер
https://surak.baribar.kz/198071/
ей  братишка  ,  мені   кім   екенін   білмей   тұрсынго  ,  логинын  қандай  дұрыстап сөйлесейік ,   көрерміз   сонда    кім   ақымақ   екенін
0 дауыс

АИДА – ғалымдар бұл есімді француз мысыртанушысы Огюст Мариеттің ойлап тап­­қанын айтады. Ғалым италиялық атақты сазгер Джузеппе Вердиге «Аида» опе­ра­сын жазуға ықпал еткен болатын. Бірақ мысыртанушы «Аида» ныспысын Аиата, Аэта сияқты антикалық дәуір есімдерін дыбыстық жағынан өзгерту не­гізінде жа­сағанын жасырмайды. Африка халықтары тілінде мұндай түбірлі сөз­дер «бірінші хан­шайым» деген мағынаны білдірген. Бүгінде бұл есім әлемнің бар­лық ха­лқында бар.


0 дауыс
Куама мыналар... Аида магынасыз деп... Акерке айгеримнен гори 100раз лучше

Ұқсас сұрақтар

...