Қазір қазақстанның телеарналарында индияның кинолары көбейіп кетті. Қазір Қазақстан каналында Келін деген бір шірік телесериалды көрсетіп жүр. Осы киноның адамға берер зияны шаш етектен. Киноның сценарий деген нәрсесі атымен жоқ, киноны не мақсатта түсіргенін киноны шығарушыларда білмейтін шығар, келін деген аты бар. Киноның мынадай бір жерін көріп қалдым. МЫС: Сол үйдегі екі келіні сиыр туралы әңгіме айтып тұрады. Кішкентай келіні "Сиыр бізге сүт береді, ол жақсы жануар, неге оны адамдар ұрады" десе музыкасы ыңылдап сиырға жаны ашығандай болып қосылып кетеді, үлкен келіні соған көңілі түсіп кетеді. Киноға сиырға жаны ашып, музыка қоюдың не қажеті бар. Мен білсем кино бір адам өлсе музыкасы сонда ойнамайды ма, ал мына индияның киносында бір ақыл, сөз айтса болды музыкасы ұли береді. Киноның сценарийі жоқ. Далбаса кино. Осындай киноларды Қазақстанға кіргізбеу керек, тек осы киноны емес индияның барлық киносына қазақстанда тыйым салу керек. Бүкіл қазақ индияның киносын қазақстанға кіргізбеңдер деп үкіметке талап қоя керек. Индия жақсы кино түсіру үшін әлі оларға 100 жылдай керек. Осы түріктің, индияның киносының орнына францияның ескі киноларын, жапонияның киноларын қойса жақсы болар еді. Сендер индияның киносы туралы қандай ойлайсыңдар?