Бір қасиетіңізде тұрған ешқандай қызықтығы жоқ. Ол сезімталдық та емес. Ол сенімсіздік. Ол қызға көзқарастың өзгеруінің өз себебі бар, ол - жүйесіздік. Мысалы адам өз санасында махаббат деген түсінікті өзінше қалыптастыра алмай, көрінгенге еліктей берсе, оның басында осы ұғым туралы жүйесіз түсінік, яки хаос пайда болады. Бұл көптеген қате шешімдер мен сәтсіз әрі нәтиженің ойдағыдай орындалмағанына себеп болатын көрінеді. Сасқан үйрек артымен жүзеді деп тегін айтпаса керек. Ешқандай негізсіз жорамалдап шешім қабылдаудың соңы, әлбетте сәтсіз болып жатады. Көпшілік мұны жасырып, мойындамай, керісінше күлкілі себеп ойлап тауып алады.