0 дауыс
43.7k көрілді
яғни 7 жыл оқып, 2 жыл интернатура болама? Сосын неше жыл магистратураны оқиды ? әлде жаңағы жеті жылдың ішінде интернатура, магистратура болама?

13 жауап

0 дауыс
Медицинада салалар көп. 5 жыл оқитын бар 4 жыл оқитын бар . 7 ол оқитын ол Хирургия ғо сіздің айтып жатқаныныз.
Хтрургия 7 оқисыз 2 жыл магистратура жалпы 9 жыл
Я айтып отырғаным сол ғой ! интерн неше жыл ? ал гинекология ше?
Олда 7 жыл болу керек шамасы. Мен өзім хирургияда оқып жатқан соң айтып жатқаным ғо
онда рахмет... ))
0 дауыс
9 жылға көшіпті деп естіп едім..........................................................................
0 дауыс
5В130100 - «Жалпы медицина» (оқу мерзімі – 7 жыл) мамандығы бойынша оқуды тәмамдаған тұлғаға жоғары білімді дәрігер дипломы беріледі.
   «Жалпы медицина» мамандығы бойынша (5+2) оқуды тәмамдаған бітірушіге заң тұрғысынан бекітілген жалпы дәрігерлік практика немесе гигиена-эпидемиология бағытында дәрігер ретінде дербес практикалық қызмет етуге рұқсат беріледі.
   Бұл мамандықты бітірушінің кәсіби әрекеттері болып:
   - ішкі органдардың кең тараған ауруларын емдеуде ересектер мен балаларға білікті медициналық көмек көрсету,
   - алғашқы медико-санитарлық көмек түрінде арнайы медициналық көмек көрсету,
   - санитарлық-гигиеналық және эпидемияларға қарсы әрекет ұйымдастыру және өткізу,
   - ғылыми зерттеулерді жоспарлау және педагогикалық дағдыларды дамыту болып табылады.

   5В110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау» (оқу мерзімі – 5 жыл) мамандығы бойынша оқуды аяқтаған бітірушіге «Қоғамдық денсаулық сақтау бакалавры» академиялық дәрежесін берумен жоғары білімі туралы диплом беріледі.
   Бакалавриатта оқуды аяқтаған бітіруші қоғамдық денсаулық сақтауды ұйымдастырушы немесе гигиена және эпидемиология маманы ретінде дербес практикалық қызметке жіберіледі.
   Бұл мамандықты бітірушінің кәсіби әрекеттері болып денсаулық сақтау, білім беру, ғылым, әлеуметтік қорғау салалары табылады.

   5В130200 - «Стоматология» (оқу мерзімі – 6 жыл) мамандығы бойынша оқу бітірушіге жалпы деңгейдегі стоматолог-дәрігер біліктілігі берілгені көрсетілген интернатураны бітіргені туралы куәлік пен оқытылған пәндер тізімі, бағалары, меңгерілген кредит саны мен академиялық сағаттар саны көрсетілген академиялық анықтама беріледі.
   «Стоматология» мамандығы бойынша (5+1), оқуын аяқтаған бітіруші жалпы практикалы стоматолог-дәрігері ретінде заңнамада белгіленген тәртіппен жеке қызмет атқаруға жіберіледі.

   5В110400 – «Медико–профилактика ісі» (оқу мерзімі – 5 жыл) мамандығы бойынша оқуды аяқтаған бітірушіге «Денсаулық сақтау бакалавры» академиялық дәрежесін берумен жоғары білімі туралы диплом беріледі. Оқуды аяқтаған бітіруші гигиена және эпидемиология маманы ретінде дербес практикалық қызметке жіберіледі. Эпидемиология, коммуналдық гигиена, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, еңбек және тамақтану гигиенасы, радиациялық гигиена мамандықтары бойынша қызмет істей алады.

   5В110100 - «Мейірбике ісі» (оқу мерзімі – 4 жыл) мамандығы бойынша оқуды тәмамдаған түлек заңдарға сәйкес бас дәрігердің мейірбике ісі бойынша орынбасары, жетекші медбике, мейірбикелік күтім ауруханасының, хоспистің, денсаулық пунктінің меңгерушісі, емдеу-алдын алу мекемелері бөлімшелеріндегі жетекші медбике, медициналық колледждерде мейірбике ісі мамандығын дайындайтын оқытушы қызметтерін атқара алады.
+2 дауыс
Мен Ақтөбедегі Мед.Академия университет болып ауыстырылды және оқу жылы 11 жыл болды деп естігенмін...
Мектепте 11 жыл, жоғарғы оқу орнында 11 жыл... бүкіл өміріміз оқумен өтетін болды ғой ықықы)
Қорықпа бітіріп шықсаң қор болмайсың.........................
я, дұрыс айтасың))
0 дауыс
10 сыныптан кейін оқуға барған дұрыспа,,,,,мен өзім Медсестра оқуына барғалы отыр едимм!??
0 дауыс
қазір 9 жыл оқуды тәмәндамасаң жұмысқа алмайды, деген жарлықты естігем
0 дауыс
Фармацевтика неше жыл?
0 дауыс
Фармацевтиканы неше жыл оқиды
0 дауыс
Детский педиатр қанша жыл оқиды екен?Өтінемін айтып жіберіңіздерші
7жыл окиды
0 дауыс
Невропатолог мамандығын неше жыл оқиды және грант қанша бал? Өтініш айтып жіберіңізжерші?
0 дауыс
Канша адам медицинаны таңдады
0 дауыс
Иа дəрігер негізінде 9 жыл барлығын қосқанда оқиды 7 жыл оқып алып магистатураны кейін жұмыс істеп оқып жүре беруге болады
0 дауыс
Негізі 12жылдығыда бар білікті дәрігер болу үшін.
...