Денсаулық, Әдемілік | 3k қаралды
3k қаралды
Тіс ауырғанда қандай ем қолдануға болады?
Бірдей сұрақтарды жабу: Тіс ауырғанда не істеуге болады?

6 жауап

https://surak.baribar.kz/go.php?url=http://massaget.kz/bastangy/Zdorove/3394?answer
https://surak.baribar.kz/136923/
https://surak.baribar.kz/go.php?url=http://www.szh.kz/13003/
Төмендегі ұқсас сұрақтарды қараңыз........
кир сабын басу керек егер жиркенбесениз тек дари баса кормениз дари тисти одан сайын ширтип жибереди
Терінің сыртынан басады ма кір сабынды, қалайсонда?
Тіс ауырғанда өз бетінізбен ем қолданбаныз!, стоматологқа қараныңыз қазір медицина дамып жатыр соның ішінде стоматология, қорқудын қажеті жоқ!!! қазір жақсы жансыздандыратын дәрілер бар бір укол салғанда 2-3 сағ.  жақты сезбей қаласыз! менің кеңесім өз бетінше ем іздегенше, білікті маманға қаранғаныз дұрыс болар!!!
Тіс ауырғада ауырғады басатын аналгетиктер қолданады (аналгетик емдемейді, тек ауырғанын басады) түрлері өп, темпалгин, аналгин, баралгин ( - алг, - дол) деген жалғаулары болады, мысалы дропередол, бұлар тек ауырғанын қойдырады. Негізі ст
Белгісіз
Тіс ауырса, кішкентай бала түгілі, үлкен кісілер мазаланып, есі кетеді. Тістің қақсағанына шыдамсыздық танытып, тыным таппай жатады. Бірі көбі тіс дәрігерінен қорқып, түрлі дәрі-дәрмектер ішіп, аурудың алдын жатса, бірі стоматологиялық ауруханаға жетуге асығады. Аяқ асты тісіңіз ауырған жағдайда қандай шара қолдану керектігі туралы білу үшін айтар кеңесімізге зер салыңыз.

Тістің аяқ асты ауыруына бірнеше себеп бар. Бұл тіске кариестің түсіп, қажалуынан немесе эмальдің әлсіреуінен пайда болуы мүмкін. Мұның да пайда болуы бірнеше себептерге байланысты: тәтті тағамдар мен газдалған сусындарды көп мөлшерде пайдалану, сағызды ұзақ шайнау, тіс күтіміне салғырт қарау, тіс ауруларын алдын алмау т.с.с.

Тістің ауырғаны ең әуелі жүйке жүйесіне әсер береді. Ол суық, ыстық, тәтті, қышқыл тағамдарды жеген кезде, ауа тигенде сезіледі. Содан кейін температура көтеріліп, ұйқы қашып, бас айналып, адамның бет жүзі ісіп кетеді. Бұл кезде үйдегі дәрі-дәрмек қобдишасында жатқан Баралгин, Кетанол, Нурофен, Анальгин, Аспирин сияқты дәрілерді қабылдауға болады.

 

Қол астыңызда бұл дәрілер болмаған кезде халық емін пайдаланыңыз.

Тіс ауырған кезде алдымен тісіңізді тазалап алыңыз. Ауыз қуысын тұз, ас содасы қосылған жылы шумен шайып тұрыңыз. Сондай-ақ, көк шөпті қайнатып, суыған кезде тіске басып, ауыз қуысын тазалауға болады.
Ауырған тістің орналасқан жағына қарай, оң я сол қолыңызға сарымсақ бөлігін дәкімен таңып қойыңыз.
Үккіштен пияз бен сарымсақты өткізіп, оны тұз және содамен араластырыңыз. Содан кейін оны дәкіге орап алып, ауырған тіске басыңыз. Бұл шараны күніне 2-3 мәрте әр 2 сағат сайын қайталауға болады.
Мұз кескінін алып, оны сүлгімен орап, тіс ауырған жаққа басыңыз.
Ауырған тіс жақтағы құлағыңызды ұстап, сағат бағытымен бес минут уқалаңыз.
Қолыңызға мұз кескінін алып, алақан аясында домалатыңыз.
Тіс ауырғаны басылып, жаныңыз жай тапқан кезде денсаулыққа салғырт қарамай, дереу тіс дәрігеріне жолығып, қаралыңыз. Себебі, тістің ауырғаны басылғанымен оның артынша тіс аурулары пайда болып, созылмалы түрге көшуі әбден мүмкін. Сондықтан да, тіс ауруларының алдын алып, тіс күтіміне аса мән берген абзал.
118,052 сұрақ
304,461 жауап
153,313 пікір
66,400 қолданушы