0 дауыс
545 көрілді

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
“Батыс Еуропа – Батыс Қытай” халықаралық транзиттік дәлізінің құрылысы  еліміздегі және әлемдік ауқымдағы ірі жобалардың бірі болып саналады. Оның құны 825 миллиард теңге деп бағаланып отыр. Керуен жолының Қазақстан бойынша жалпы ұзындығы 5126 шақырымды алып жатыр. Ал Жамбыл облысы бойынша 495,3 шақырымды құрап, Жуалы, Жамбыл, Байзақ, Тұрар Рысқұлов, Меркі, Шу және Қордай аудандарының аймақтарын басып өтеді. Сондықтан жол құрылысында Күйік, Шақпақ, Қордай сияқты асуларды және Тараз қаласы мен Шақпақ ата, Бауыржан Момышұлы, Айша бибі, Құлан, Меркі, Қордай елді мекендерін айналып өтетін жол айрықтары ескерілген. Болашақта төрт жолақты даңғыл жолмен сапарға шығатын автокөлік иелері жылдамдықтарын сағатына 120 шақырымға дейін арттыра алады. Ауа райы құбылмалы өңірдегі бұл жолды күрделі жөндеусіз 25 жыл пайдалануға болады екен. Өйткені жаңа жол Астана-Бу­рабай даңғылы үлгісіндегі неміс технологиясымен жасалынбақшы. Жобаны жүзеге асыруға жергілікті және шетел компаниялары мен мамандары жұмылдырылған.

“Батыс Еуропа – Батыс Қытай” халықаралық транзиттік дәлізінің жобасын қайта жасау учаскелерінің Жамбыл облысы арқылы өтетін құрылыс жұмыстарының қажетті келісімдері жергілікті атқару органдарының мақұлдауынан өтті. Атап айтқанда, жолдың жоспары, жаңадан жасалатын ірі құрылыстар, ауыл шаруашылығы техникаларын өткізіп, мал айдайтын жолдар, жаяу жүргіншілер өтетін өткелдер салу алдын-ала келісімге ие болды. Сондай-ақ экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық, археологиялық және мемлекеттік сараптамалар өткізілді. Яғни, жобаның құрамындағы барлық жұмыстар аймақтың экологиясына залалсыздығы туралы барлық өкілетті органдардың сүзгісінен шықты.

Жолдың елді мекендер арқылы өтетін жерінде көлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысының қауіпсіздігін сақтауға айрықша назар аударылып отыр. Үлкен көпір­лерді, жол айрықтарын және арнайы жолдарды, елді мекендерді және оларға кіреберістерді түн кезінде жарықтандыру жұмыстары да қарастырылған.

Штаб отырысына қатысушылар автожол құрылысын салуға жергілікті жердегі құрылыс материалдарын тарту қажеттілігін атап өтті. Ол үшін үлкен көлемде шағыл, цемент, асфальт-битум және темір-бетон бұйымдары қажет. Облыста осы мақсатқа пайдалануға болатын 25 тас, 35 қиыршық-құм және шағыл кені бар. Сонымен бірге 15 асфальт-бетон зауыттары және ұнтақтау-іріктеу құрылғылары жұмыс істеуде. Жол белгілеріне тапсырыс беру үшін “Құрылыс конструкциялары зауыты” ЖШС, “Имсталькон” АҚ-тың ЖТМК филиалы, “Таркон” ЖШС сияқты темір құрылғыларын өндіретін бірқатар ірі және орта кәсіпорындар жұмыс істеуде. Бетон өнімдерін шығаратын, оның ішінде, “Жабылхимқұрылыс” ЖШС, “Керамик ин­вест” ЖШС, “Ғимарат Тараз” ЖШС тәрізді 20-дан астам кәсіпорын бар. Осы жылы Мойынқұм ауданында “Хантау” ЖШС цемент зауыты (500 мың тонна), “Мыңарал Тас Компани” (1,2 млн. тонна), Сарысу ауданында “Құрылыс материалдары комби­наты” (50 мың тонна) және “Казфосфат” ЖШС жылына 100 мың тонна цемент шығаруды жоспарлап отыр.

Жергілікті бюджетке салық төлемдерін төлеу үшін құрылыс жұмыстарын жүргізуде жол құрылысын жүргізу тендерлерін ұтып алған мердігер компанияларды Жамбыл облысындағы аудандарда тіркеу бойынша мәселе де қозғалып, қолдау тапты. Сондай-ақ, басты талаптардың бірі — жұмыс күшін жергілікті тұрғындар есебінен тарту мәселесі де айтылды.

Жобаны жүзеге асыруға ірі шетел мамандары жұмылдырылғандықтан, автожол құрылысы төңірегінде тәртіп сақтауды қамтамасыз ету мәселесі тапсырылды. Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Кәрім Көкірекбаев әкімдік құрылымдарына және мемлекеттік мекемелерге ерекше тапсырмалар берді. Оның ішінде, Жамбыл облысына құрылыс жұмыстары кезінде жанар-жағар майды үздіксіз жеткізуді ұйымдастыру, қажетті көлемде электр қуатымен қамтамасыз ету, 1 ай ішінде көлемі 815 га болатын жер телімін қайтару және иелеріне өтемақы төлеу мәселелерін шешу, темір жол тұйықтарын дайындау мәселесін пысықтау, темір жол вагондары құрамымен қамтамасыз ету кестесін реттеу, жоғары оқу орындары және техникалық орта оқу мекемелерімен бірлесе отырып, қажетті мамандықтар бойынша керекті мамандар даярлауды қамтамасыз ету жолдарын қарастыру мәселелері атап көрсетілді.

Дер кезінде шұғыл басқаруды және қойылған тапсырмаларды орындау үшін өңірде облыс әкімінің бірінші орынбасарының басқаруымен аудан әкімдері және тиісті облыстық мекемелер мен кәсіпорындар орынбасарларының қатысуымен жұмыс тобы құрылатын болады. Осындай штабтар аудандарда да болады. Жол құрылысына өткен жылы республикалық бюджеттен 1,0 млрд. АҚШ доллары бөл­інген болатын, биыл 2,0 млрд. АҚШ долларын бөлу жоспарлануда.

“Батыс Еуропа – Батыс Қытай” керуен жолының құрылысы үстіміздегі жылдың қаңтар айында басталып, құдай қаласа, ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында пайдалануға берілмек деп жоспарлануда.
Коп коп РАХМЕТ!!!
...