+1 дауыс
2.5k көрілді
менің басымның артқы бөлігі мен самайым ауырып тұр не істеймін??

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Бас ауруын жазатын 15 әдіс

Басыңыз қақ жарылып ауырар болса, мына он бес әдістің өзіңізге тиімдісін пайдаланыңыз. Бәлкім бірі болмаса, бірі кәдеңізге жарап қалар.

«1. Ауруды басталмас бұрын тұншықтыр. Медицина тиісті дәріні пайдалану арқылы жақындап келе жатқан ауруды әу бастан-ақ алдын ала аластауды ең тиімді жол деп есептейді.

2. Кейбір жағдайларда кәдімгі қиял дәріден де мықты әсер етеді. Қиялға еркіндік беріңіз. Мысалға: сіздің жаныңызды қинаған ауруды ішіне су толған қызыл шар деп есептеңіз. Шардың бір бүйірі тығындалған. Сол тығынды ойша алып тастп, ішіндегі суды ағызып жіберсеңіз, басыңыз жазылады да кетеді.

3. Басыңызды уқалаңыз. Кәдімгі жуған кездегідей саусақ ұшымен ысыңыз. Тағы да бір әдіс кәдуілгі щетка немесе ағаш тарақ пен самайдан маңдайға, одан желкеге дейін басты төменнен бастап дөңгелете ысыңыз. Сонда бастың сынуы түсіп, жеңілдейді.

4. Көз шырымын алуға тырысыңыз. Ұйқының ауру қыспағынан құтқаруы әбден мүмкін.

5. Бас қақ айырылып жарылып бара жатса, ұйқы қайдан келе қойсын. Ондай жағдайда бейжай күйге түсуге тырысыңыз. Ұядай қараңғы бөлмені тауып алыңыз, креслоға не кушеткаға оңтайлы жайғасып алыңыз да тағы да былайша қиялдауға тырысыңыз: құмшауыт жағажай, сіздің ауруыңызды жалап қашыққа, теңізге алып кетіп жатқан толқындар. Сөйте-сөйте ауру да сарқылмай ма.

6. Түнде басыңызды көрпе-мен тұмшалап алмаңыз. Олай етсеңіз, оттегі аз келеді де қандағы көмірқышқыл газы көбейіп, басыңыз ауырып тұрасыз.

7. Қолайсыз жату да басты ауыртуы мүмкін. Етбеттен жатсаңыз, желкеңіздің бұлшық еті ісінеді. Мазасыз ұйықтап, төмбекши беретін болсаңыз, желкеңіздің омыртқаларына тіреу боларлықтай оңтайлы көпшік тіктіріп алып соны пайдаланыңыз.

8. Спирттік ішімдікке құмартпаңыз. Ал ішетін болсаңыз, оның сапасы мен түсіне назар аударыңыз. Бренди қызыл шарап немесе виски тәрізді қоңыр түсті ішімдіктер басты көбірек ауыртып, ертеңгілік бас жазуға итермелемейтіндігі қаперіңзде жүрсін.

9. Дәм-тұзға абай болңыз. Кейбір азық-түліктерден біржолата бас тарту сіздің басыңыздың жазылып кетуіне кепілдік бере алады. Шоколад, кофе, какао бас ауыртатын тағамдардың тізімінде тұр. Олардың құрамындағы заттар қан тамырларын тарылтады.

10. Магнийді көбірек пайдаланыңыз. Ғалымдар басы тұрақты ауыратын егде кісілердің қан құрамында осы элементтердің аз болатынын аңғарған. Тағам құрамына бұршақ, астық өнімдерінің бітеу түрін, теңіз өнімдерін, жаңғақты көбірек енгізіңіз. Дәрігерлермен кеңесіп, магнийлі дәрі-дәрмекті пайдалана бастаңыз.

11. Маманның кеңесінсіз дәрі ішпеңіз, оның құрамын көбейтпеңіз. Кейбір дәрі-дәрмектің жанама әсері басты ауыртуы мүмкін.

12. Көз талдырмаңыз. Егер теледидарға ұзақ қарап немесе компьютердің алдында көп отыратын болсаңыз, әр қырық бес минут сайын көзіңізді отыз секундтай алақаныңызбен жауып отырыңыз да қолыңызды алып, көзіңізді жаймен ашыңыз.

13. Көзініздегі дәнекер линзаны алып тастаңыз. Өйткені бас ауырар кезде жанарыңыздың да сезімталдығы артып, көру жүйесі кернеп, ауруды одан әрі ұлғайтуы мүмкін.

14. Сүт түстес шырақты пайдаланбаңыз. Оның көз-ге елеусіз лыпылы миды қажытып, басты ауыртады. Флюоресценттік жарықтың орнына кәдімгі стол шы-рағын немесе торшерді пайдаланыңыз.

15. Еңсеңізді әрқашан тік ұстаңыз. Еңкеймеңіз, бүкшимеңіз, басыңызды төмен түсірсеңіз, бұлшық еттер тым қатты шіренеді. Сіздің тік отырып, тік жүруіңіз көп жағдайдаларда көңіл күйіңіздің сергектігіне кепілдік береді».




Халық емшілері бас ауруы туралы

Жақпайтын тамақ ішсе де, бастың шыдатпай ауруы мүмкін. Мұндайда асқазанды тазарту қажет.

Көзілдіріктің сай келме-уінен де бас ауырады. Онда көз дәрігеріне көріну керек.

Қаны аздық та көз ауруына себеп. Мұндайда көздің қарашығы үлкейеді, маңдай мұздайды, тамырдың соғуы әлсірейді. Сол себепті, басты дереу орамалмен қатты таңады, тегіс жерде шалқалап жатып демалады, көңілді орнықтырады, кофе немесе шай ішеді.

Ой еңбегімен айналысатындар күніне бір мезгіл таза ауада серуендеуді ұмытып кетсе, күні-түні қағаздан бас алмаса бас ауруына ұшырайды. Бұл жағдайда орындайтын ем-шара: легенге ыстық су құйып, 10-15 минут аяқты толарсаққа дейін малып отырады. Бір шай қасық жалбыз шөбін бір стақан қайнаған суға тұндырып ішеді. Сосын жатып демалады. Ой еңбегінен шаршап жүргендер балықты көбірек пайдаланғаны дұрыс.

Бірқатар бас ауруы – бас сақинасы, желке және жүйке невралгиясы, жүйке әлсіздігінен. Бұл жағдайда адам ашушаң келеді, сіркесі су көтермейді. Оған тап болғанда, мазасыз ойлардан арылып, жақсы тынығу, шай ішу немесе жұмыртқаны шикілей кесеге жарып, үстіне қайнаған сүт құйып, әбден араластырып, бұл қоспаны күн сайын аз-аздан ішіп тұру – басты емдік шарт.

Бас ауырса, жас лимон қабығын ақ қабыр-шақтарынан тазартып, қабықты екі шекеге таңып тастайды да, бас жазылып, орны қызарғанда алып тастайды.

Оған бас сауықпаса, сүт пен балға 0,3 грамм мумие қосып араластырады, езеді, жатар алдында және таңертең ашқарында ішеді. 25 күн ішкен соң бас жазылады. Кейін жарты жылдан соң бұл емді тағы да қайталаса, бас ауырмайтын болады.






[Міне толығырақ мына жерде][1]


  [1]: http://www.info-tses.kz/red/article.php?article=88760
...