+2 дауыс
21.2k көрілді
Түрлері қандай болады?
Қай жерлерде жүреді?
Жын мен шайтан айырмашылығы не?

15 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Жын сөзі араб тіліндегі''жапты'',''жасырды''деген мағынаны береді.Жындар сезім мүшемізбен сезілмейтін,көзге көрінбейтін бізбен параллель тіршілік иелері.Жындар- шайтанның ұрпақтары. Олар да адамдар секілді тамақ ішеді,үйленеді,көбейеді,өледі. Періште,жын,шайтандардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.Мысалы,періштелер әрдайым Аллаһ Тағаланың әмірімен қайырлы,жақсы істерді істейтін болса,шайтан-пендені тек алдап-арбаумен,жамандыққа итермелеумен
айналысады.Ал,жындарда осы екі рухани әлемнің қасиеттері бар.Олардың мұсылмандары да,кәпірлері де болады.Бірақ шайтанның мұсылманы болмайды.Жындар біздің көзімізге көрінбейтін болғандыктан,олардың бейнесі бізге беймәлім.Десек те,негізгі салмақты дәлелдер мен нақты мәліметтерді Құран аяттары мен хадистерден аламыз.Тіпті,Құран-Кәрімнің өзінде ''жын'' деген сүре бар.Оны өздерің Құранның қазақша мағынасынан алып оқысаңыздар болады.Онда жындардың  құран тыңдағаны ,мұсылман болғандығы жайлы баяндалады.Біз жындарды көрмегенімізбен,олар бізді көріп тұрады.Алайда,оларды кейбір иманы,ислами білімі күшті адамдар көруі мүмкін,кейде қарапайым адамдарға да көрінуі мүмкін.Кейде түсімізге қорқынышты бойлары кішкентай құбыжықтар кіреді.Міне осылар жындар.Өйткені олардың әр түрлі кейіпке ене алатындары жайлы Пайғамбарымыздың кейбір хадистерінде бар.Кейде жындар жаман жолда жүрген адамдардың ішіне кіріп кетуі мүмкін.Оны тек қана ислами білімі күшті немесе қарилар шығара алды.  Жалпы,жындар туралы қасиетті Құраннан,хадистерден алып жаза берсек өте көп.Сөздің түйініне келсек, жын-шайтандар көбінесе дәретханаларда,үйілген сасыған мусорларда,арақ-шарап көп ішілетін жерлерде,т .б.харам жерлерде болады.Ал намаз көп оқылатын үйлерде,азан көп шақырылатын жерлерде болмайды.Өйткені олар азан айтқан кезде қорқып қашып кетеді. Сондықтан дәретханада тым ұзақ отыра беру дұрыс емес және харам жерлерден аулақ болғанымыз жөн.Бірақ жындар туралы көп ойлай бермеу керек және қорықпау керек.Адам тек қана жақсы нәрселерді ойлап,уайым-қайғыға бой алдыртпай оптимист болу керек.Бұл да Пайғамбарымыздың өсиеті...Мен бұны өз ойымнан алған жоқпын,''иман негіздері''деген кітаптан алдым.Ол кітаптағы нәрселерді ғалымдар құран мен хадистерден алады.Пайғамбарымыздың өзі хадистерін өз ойынан шығармаған.Ол да Аллаһ тағала тарапынан түскен қасиетті Құраннан алған.Ал Құран-Аллаһтың сөзі.
Рениш болмасын,Осы жауапты жақсы деп таптым,рахмееет!!!!!!!
Уйленеді,,тамақ ішеді деген қызық болды...)
–2 дауыс
ғылымда шайтанның жоқ екеніне дәлелденген. және де шайтан көзге көрінбейді ғой. оны суретке қалай түсіреді. ал біздің көріп жүрген суреттеріміз жай қиялдан туған. менің ойымша шайтан жын екеуі бір нәрсе секілді. мысалы адам, пенде дегендей
Бес саусақ бір емес егерде халықтың айтқанына сенсең бақытты болып жүресің ғой уже тілмен айғада барып келеді айға барып келдім десе халық сенесің ба
Белгісіз
Ема.....мыналар менімен ұрысып отыр ғо....
ұрсысып отырғандарды шайтан түртіп отыр)
бәсе не түртіп жатқан десем шайтан екен ғо дә. аузыңа келгенді сандалмай отырш
маған айтып жатсыңба?
Сентін болса өз еркі
Белгісіз
"ұрсысып отырғандарды шайтан түртіп отыр)" Мәләдес Мәди) ықықы
+7 дауыс
Жын мен шайтанның бар екені Құран мен хадистерде айтылған. Адам оларды көре алмайды, өйткені адамның көру қабілеті шектеулі. Бір нәрсені көзбен көре алмау – ол нәрсенің жоқтығын білдірмейді. Періште, жын-шайтандардың бар екенін пайғамбарлар мен әулиелер айтқан, фәлсафашылар мен ғалымдар да дәлелдеген.
Оларды көрмегесін бірден оларды "жоқ" деуге болмайды. Өзіміз өмір сүріп жатқан жер шарында тіршілік етудің түрлі қағидалары бар. Жер бетіндегі жағдай осындай болса, онда жер шарынан қаншама есе үлкен жұлдыздарда, галактикаларда, аспан жүйелерінде, Күн мен ғаламшарларда сол жерлердің шарттарына лайықты тіршілік ететін саналы тұрғындары жоқ па деген сұрақ туындайды. Оған ойланбастан бірден «жоқ» деу орынсыз. Өйткені адамзат әлі күнге дейін ол жерлерге қатысты жеткілікті зерттеу жасаған емес. Мұхиттардың түбіне түсіп, ондағы тіршілік иелерін көрмегендіктен, оларды жоққа шығару мен басқа әлемдерде болуы мүмкін тіршілік иелерін жоққа шығару арасында ешқандай айырмашылық жоқ.
Алла Разы болсын,рахмет!!!
+2 дауыс
Шайтан көзге көрінбейді! Жын-перілер шығар көзге көрінетін, бірақ шайтанның бар екеніне сенемін жынға онша сенбеймін, Шайтан болмаса мына өмір тып-тыныш боларма еді?
Дұрыс айтасын!
+2 дауыс
Жын мен шайтан деген супермаркеттерде,кинотеатрда,парктерде кыдырып журеди ПРИКОЛ
Дұрыс, және түнгі клубтарда
+1 дауыс
ЖЫH IДiни сенiм бойынша көзге көpiнбейтiн жын-шайтан, әзәзiл, пеpi. Аpуақтың аpты жын болды (Мақал). 2. этногp. Бақсылаpды екiлендipiп қоздыpатын, құтыpтатын, оның бойында баp деп сендipушi pухани қасиет. Бақсы ~ын шақыpды. ◊ Жын буды - ашуға булықты, долданды. Жын буған бақсыдай - бұлқан-талқан болды, күйiп-пiстi. Жын қақты [соқты, ұpды] - ақылынан алжасты, жынданды.Жын қуғандай - асып-сасып, опыp-топыp.Жын ойнағындай қылды - астан-кестеңiн шығаpды.Жынын алдыpған [айpылған] бақсыдай - сең соққандай, мең-зең.Жыны басылды - жуасыды, жөнге келдi. Жыны қозды [ұстады, келдi]- ызаланды, долданды. Жынына тидi- ашуын келтipдi, намысына тидi. Жынын құсты [шашты]- аузына келгенiн сөйледi. Жынын шақыpды (көне)- а) жынданды, құтыpды, елipдi; ә) киелi иесiне сыйынды.

ШАЙТАH дiни.Iбiлiс, албасты, жын-пеpi. Шайтандаpды айтып, баласын қоpқытты. (Ғ.Мұстафин). 2. Ауыс. Оңбаған, құдай атқан. Сен ~ қайдан жүpсiң. 3. Ауыс. Жын, ұстама. Шайтанымның мол екені рас (Ә.Әбішев). ◊ Шайтан азғыpды -бұзылды, бүлiндi. Шайтанның ойнағы - жын-ойнағы, жын-пеpiнiң оpны, мекенi. Шайтан түpттi-бip пәлеге жолықты, қыpсық шалды. Yмітсіз шайтан - күдер үзбе, үмітіңді кеспе.

ДЖИНН, -а, м. В мусульманской мифологии: огненный дух, обычно злой, способный принимать любой вид и выполнять любые приказания. * Выпустить джинна из бутылки (книжна—дать свободу силам зла [по сюжету арабских сказок о злом духе — джинне, заключённом в сосуд и нечаянно из него выпущенном].

ШАЙТАН, -а, м. В исламской мифологии: злой дух, дьявол. Ш. тебя побери! (то же, что чёрт тебя побери; прост.).
Мысалы ,айтып журеміз осы "Анаған-мынаған жыным келеді"..деп....шынында да сөздің жаны бар : жын- шайтандарымыз келіп тұратын болар.....рахмет
+2 дауыс
*Түрі қандай дегенге жауап беру қиын. Бірақ, шайтанды көбіне басында мүйізі бар, аяқ қолы тұяқ, артында ұзыын ешектікі сияқты құйрығы бар, адамнан кішкентайлау,  екі көзі мысықтың көзіне ұқсайды деп көөөп естігенмін... Астапыралла... ағұзе... бесмелла.... рәрирө... рәтирө... не деп кеттім... куф суф*
ыы шайтандар дініне қарай мұсылман және христиан болып екіге бөлінеді екен. Егер ол адамның бойына еніп алса, мұсылман шайтан (жынды) шығару оңай мыс, ал діні христиан болса, әсіресе ұрғашы шайтан болса, оны алдымен мұсылман дініне өткізіп барып, шығарады-мыс. Яғни әйелі чем еркекіне қарағанда адам бойынан шығуы өте қиын дейді.
Рахмет....!
+3 дауыс
негізінде бұлардың түрі белгізіз,жын тралы құранда жазылған,ол азғырушы және қорқытушы,шайтанда сол жын ғой,олар туралы толық білгің келсе дәретіңді алып құранды оқы сонда бәрі бар,Құранда:жының ойлау қабілеті 4 жасар баланың ойындай,сен қорықсан ол сені басына береді делінген сондықтан олардан қорқу қажет емес,жәнеде олар лас жерлерде жүреді,мысалы әжетхана сиякты,оларға жиі баруды әуес қылмаңыз. Егер жауап ұнаса жақсы жауапты басыңыз.
Мерей дұрыс айтасың саған +1
көп рахмет!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
0 дауыс
Шайтанды жок дегендер коздерiне корiнбеиiнше сенбеидi. Ал мен олардын бар екнiн бiлем жане оны оз козiммен коргенмiн. Бала кезiмнен берi уш рет коргенмiн, олар оте коркынышты, коздерiне корiнбейак койсын. Сондыктан агайын бар нарсенi жокка шыгармайык.
0 дауыс
Жын шайтанның сарбазы десекте болады!
0 дауыс
Ассалаумағалайкум бауырлар! Жын, шайтан, аруак, періште бұлар бөлек бөлек жаратылыстар.шатаспаңдар! Жын шайтан әр түрлі бейнеде еніп жүре алады. Шайтан адам баласын азғырушы , яғни адам баласын жаман нәрсеге итермелеуші. Жындармен адамдарды өзіме құлшылық ету үшін жаратқан. Жындардың мұсылмандары да кәпірлеріде бар. Олар үйленді, өледі, адаммен параллель өмір сүреді. Бұл қысқаша түсінік. Толық білгілерің келме кітап оқыңдар!
+1 дауыс
Жында ауаның үлесі, шайтанда оттың үлесі көбірек.
0 дауыс
жындар бізбен сосед болып омір сүріп жатыр ма не хахахахаах иа солай гой коршимиз
0 дауыс
Менің білім келетіні, мүмкін ол мәліметті тек мен кездестірмей жүрген болармын, жындар қалай дүниеден өтеді? Олар да адамдар секілді  ауырып сырқаттанады ма екен? Және қалай көбейеді? Олардың саны шамамен қанша болады екен?
0 дауыс
Жын мен шайтан деген негізі бар себебі мен Атырау қаласына қарайтын Құлсары деген жердегі бір балаға жынның кіріп кеткенін естігем оның жынын шығаруға Шымкент қаласына қарайтын Сайрам ауданында тұратын атақты үлкен молда бар жын шығаратын сол молданы Құлсары қаласына алдыртып жынын шығарғанын естігенмін ең қызығы сол жын шығару кезінде əлгі жын молдаға құранды қатесіз оқы дегенін жанында болған үлкен кішілі көп адамдар да естіген жəне сол оқыйғаға куə болған сол себепті жын шайтан пері аруақ бар ол барық əлемдегі ғалымдар да дəлелдеген
...