http://www.google.kz/imgres?q=%D0%B1%D0%B5%D1%80%D0%B3%D0%B5%D0%B9+%D1%80%D1%8B%D1%81%D2%9B%D0%B0%D0%BB%D0%B8%D0%B5%D0%B2&hl=ru&sa=X&biw=1280&bih=830&tbm=isch&prmd=imvns&tbnid=_2DpqUWo456x_M:&imgrefurl=http://baq.kz/kaz/news/cat/6/3316%3FPHPSESSID%3D815038f212460e7d5982da0b31588f4e&docid=iPAWTuan-82C1M&imgurl=http://baq.kz/foto/434_5c4d889c961ebff9d8a0cb6697b447da.jpg&w=434&h=345&ei=5rkzUJKtIYaWhQeeuID4BQ&zoom=1&iact=hc&vpx=566&vpy=156&dur=29&hovh=200&hovw=252&tx=138&ty=101&sig=108440584823023701429&page=1&tbnh=153&tbnw=190&start=0&ndsp=21&ved=1t:429,r:2,s:0,i:76Бүгін тәңертең Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев Атыраудан Мәскеуге, одан әрі Лондонға ұшқалы тұрған жерінен тұтқынға алынды деген хабар тарады. Лондонға ұшатын себебі оның әйелі 8 жылдан бері сонда тұрып жатыр. Қашқан-пысқан ұры-қарылар барып паналайтын Лондонның дәмі бұрынғы әкім, жұрт ауызында «бандит Бергей» атанған экс-шенеунікті тартпаса керек. Кейбір ақпарат құралдары Б.Рысқалиевтің тұтқындалуына қазынадан көп көлемде қаржы қымқыруы себепкер деп жатыр. Жалпы Бергей Рысқалиевтің облысты ұйымдасқан қылмыстық топ арқылы басқарып келгені туралы ақпарат бұрыннан айтылып келеді. Әрине, біздің құқық қорғау орындары мұндай сыбысты дереу анықтап, ақ-қарасын бірден ашпайтынын білеміз. Олар ұры соңына дейін ұрлап, қазынаның қазанының түбін тескенше, ұрлап-жырлағанын шетел асырып болғанша күте тұрады. Содан кейін барып қимылдайды. Біз болсақ "ештен кеш жақсы" деп шүкіршілік етеміз де қоямыз. Айтпақшы, облысты басқарған ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында тағы кімдер болғанын тап басып айту қиын, дегенмен, облыстық ІІД басшысы, облыс прокуроры және облыстық қаржы полициясының басшысы орындарынан кеткелі жатыр деген сөз бар. Ал жарты жыл бұрын Бергей Рысқалиевті екінші мерзімге қалдыруға ұсыныс жасаған Аслан Мусиннің әлгі ұйымдасқан қылмыстық топқа қаншалық қатысы бар екені туралы да әзір ешкім ештеме айта алмай отыр. Немесе айтуға қорқып отыр -деп жазады маса кз порталы.