Кока – Кола сусынының тарихы қайдан бастау алды?! Осыған тоқталайық.
Англиядағы Джорджия штатының тұрғыны фармацевт Джон Стит Пембертон 1886 жылы Кока Кола атты шырын жасап шығарады. Ал, оның атауын ойлап тапқан Пембертонның есепшісі Фрэнк Робинсон болады. Ойдағыдай шыққан сусынға тәнті болып құмартқан халық құрамына кіретін заттарды білу үшін Джон Ститтің артынан айлап, керек десеңіз жылдап жүгірген. Құрамына кіретін заттарға коки ағашының жапырағы мен тропикалық жеміс қосып отыратыны жөнінде қатты сыр сақтағанын кейіннен ғалымдардың зерттеу нәтижесі Кока Коланы жүйке ауруына шалдыққанға көмегі бар деп анықтайды. Себебі, коки ағашының ішінде ағылшын ғалымы Альберт Ниман кокаин бар екенін дәлелдейді. Жүйке ауруына қарсы дәрі ретінде саналып, тіпті, Англиядағы Джекоба дәріханасында сатыла бастайды. Бір қызығы, ол кездері кокаиннің зияны жайында ешкім білмеген және оны емін–еркін қолданған. Осылайша сусынға сусындап, ағылшындықтар қызыққа батқан көрінеді. Тек, 1892 жылы Пембертон денсаулығы сыр берген соң атақты кәсіпкер Аса Григгске өз өнімін сатады. Дәл осы жылы Кока – Кола сусынына арнап бай кәсіпкер «The Coca Cola Company» атты үлкен компания ашады. Қаншама сынақтардан өткен шырын осы мекеме арқасында аты әйгіленіп, атағы жер жаһанға жайылады.. Ал, бұл сусын біздің елге 1988 жылы кәсіпкерлердің өзара келісімшарты арқылы келген.
Ал, енді дәрігер мамандар мен ғалымдар сараптамасына назар аударайық. Оның құрамында қанттың көп болуынан қант диабетіне шалдығушылар саны да соңғы жылдары қылаң беріп келеді. Сондай-ақ, Кока – Коланы ішектің созылмалы ауруымен, асқазан, өт жолдарының және несеп жолдары ауыратындарға тұтынбауға кеңес береді. Адам денесіндегі гармондардың түзілуіне кері әсерін тигізіп, жиі қолданғандық шамадан тыс семіруге әкеледі. Ал, ер адамдар үшін тіптен қауіптірек, яғни, бедеулікке апаратын бірден–бір қауіпті жол болып тұр. Оның үстіне жас адамдардың ағзасына әсері күшті. Қан қысымын көтеріп, жүйке жүйесінің ауытқушылығын және ойлау қабілеттерін отырғызып тастайтын да қасиеті бар көрінеді. Осыдан 5 жыл бұрын Орал қаласының ғалымдары Кока-Коланы мынандай сынақтан өткізген болатын. Тіс үлгісінің қалыбына 5 литр сокты құйып, тәулік бойына қалдырып кеткен профессорлар тіс орнына ақ ұнтақты ғана көреді. 1991 жылы Қарағанды қаласында мынандай қызық оқиға орын алады. Сергей ақсақал қорасындағы қозының қиналған дауысын естіп, жүгіріп келсе, қатты аязда темірді жалаған қозының тілі жабысып қалыпты. Сасып абдырап қалған қарт үйде стол үстінде тұрған Кока-Коланы қолына ұстап тысқа атып шығады. Ешнәрсеге қарамастан кішкентай төлге жаны ашығандығы сондай, оның қатып қалған тіліне құя беріпті. Ал, Сергей әлі күнге дейін істеген ісіне өкінетінін айтады. Себебі, сол мезетте қозы бейшараның жарты тілі қатты газдалған сусын мен аяз әсерінен түсіп қалыпты.
Иә, Кока – Коланың былығы мен шылығын еліміздің тұрғындары 80 пайыз көруде. Себебі, сусынның құрамында қан айналымын баяулатып, аққан ауруына әкелетін жасанды бояғыштар жетерлік. Сусынды ішсек – денсаулыққа оңбай зардабы тиетінін білдік. Қазіргі қысыл таяң нарық заманда «қажет емес» зат жоқ екені бәрімізге аян. Мысалы, аталмыш сусынды үй тіршілігіндегі Маржан атты ана, үй тұрмысындағы заттардың кір – қоңын кетіруге болатындығын айтады. Өзі секілді қыз–келіншектерге «алтын сырға» етіп, қалай және не үшін қолдануға болатындығы жөнінде кеңесін де берді.
Маржан үш қыздың анасы: «Бастапқыда Кока-Коланың зардаптарын біле бермеген соң жиі ішетінбіз. Кіші қызымыз белгісіз себептермен жиі құсып, іші өтіп, басы айналды. Дәрігерлер қан тапсырту арқылы ғана қызымның Кока-Коланы шамадан тыс қолданған деген диагноз қойды. Алайда, сенбедік, кейіннен ғаламторда жазлыған кеңестерге сүйеніп, балалар дәрігерінің айтқанына құлақ қойып, сусын емес нағыз удың өзі екенін білдік. Бірақ, әйел болған соң, керегіңе жаратқың келіп тұрады ғой. Содан бір күні, тазртатын қасиеті бар дегенді естіп, тұрмыстағы заттарға қолданып көруді жөн санадым. Мысалы, әжетхана және ас үйіңіз бен жуыну бөлмесіндегі таттанған сары дақтарды кетіру үшін Кока-Коланы құйып біраз уақытқа қалдырып қойсаңыз, айнадай жарқыратып тастайды. Және де шәугім ішіндегі жағымсыз иіспен шай қалдығына қарсы қолдануға болады, яғни, шәйнекке сокты құйып, бұрқ еткізіп отқа қоя қойсаңыз, әп-сәтте алып түседі. Қолданып көрсеңіздер болады...(күліп)».
Үй тұрмысындағы Маржан осылай кеңес берсе, біздің ер-азаматтарымыз Кока-Коланы қалай қажеттеріне жаратады екен, сұрап көрелік.
Ғалым (әскери қызметкер): «Кока –Коланы мұздай суға саласыз да мынандай (көрсетіп тұрды) таттанған болтты сүртеміз, көрдіңіз бе қалай алып түседі, бұл біз үшін, яғни, ер адамдардың үлкен жүк көлігінің саймандарын тазартуларына өте тиімді».
Мейрамғали (ауыл шаруашылығының механигі): «Үлкен жүк көлігі мен ауыл шаруашылығындағы машиналардың, тракторлардың май басқан моторларын жуғанға мына – Кока – Кола тамаша тазартқыш. Заводтан жаңа шыққандай етеді екен, немерелеріме ешқашан ішкізбеймін деп ойлаймын».
Ермек (мал дәрігері): «әртүрлі зерттеулер кезінде жануарларға жасалған сараптама нәтижесі Кока-Коланың сұмдықтарын тайға таңба басқандай етіп көрсетіп берді. Тышқанға сусын ішкізіліп, 2 сағаттан соң тексерілді. Масқара, асқазаны жоңылып қалған, ішек – құрылысы жұқарып, көзі айналып, өз - өзінен ауытқи бастады. Осы сынды сынақтарға қарап ойға қалдық. Үлкенді қойып, сәбиге береміз. Жас нәрестелер де осылай қиналатын тәрізді, тек, бала емес пе мән бермейді. Сондықтан жалпы елімізде бұрынғы «Буратино», «Натура», «Тархун» секілді лимонадтар қайта айналымға шықса жақсы болатын еді...».
Осылайша біз Кока-коланың сырын ұғып, біраз мағлұмат алдық. Оның адам денсаулығына әкелетін алапат күшін де естідік. Ал, соңы қатерлі ісікке әкеліп соғатын сусын қаламыздағы түкпір-түкпірдегі дүкен сөрелерінде жайнап, көздің жауын алады. Одан қалды, әртүрлі акциялар жүргізілетіні тағы бар. Мысалы, өткен жылдың желтоқсан айынан бастап 2011 жылдың қаңтар айына дейін, шөлмек сыртына: «Біреуін сатып ал да, ұтысқа ие бол» немесе «Шөлмек астынан штрих – кодты тап та, тағы бір сусынға ие бол» деген сынды жапатармағай акциялар жүріп кеткен болатын. санитарлы эидемиологиялық станциясы тексеріп, тазалықтан бастап сатылатын өнімдердің сертификатын, керек десеңіз, құрамын тексеріске ала бастағанда Кока-Кола «судан таза, сүттен ақ» болып шыға келеді. Саудагерлер бәрі заңды екенін айтып, бәйек қағатынындары да жасырын емес. Елімізде денсаулық сақтау Министрлігінің хабарлауы бойынша қант диабеті мен аққан ауруы көбейіп жатқандығы туралы айтылып келеді. Сөз көп, іс аз болып отыр. Ал, Кока-Коланың отаны Англия болса, сусынға деген құрметтері өте жоғары деңгейде екенін айтады. Оған дәлел, Атлантада 1407 электр лампасынан және 1906 әртүрлі жарық беретін электр тоқтарынан тұратын 13 тонналық Кока – Кола белгісі. Ал, ең үлкен ескерткіш Чилиядағы тау бөктерінде. Ол 70 мың шөлмектен және ұзындығы 40 шаршы метрді құрайтын сусын кескіні.
Бірінші байлық – денсаулық деген. Бір ғасырлық тарихы бар сусынды жиі тұтынбағанымыз жөн сияқты