+1 дауыс
5.8k көрілді
Алда Алғашқы қоңырау келек жатыр. Соған әпкем кішкентай қызына ән айтқызып көрмекші. Тілі жеңіл, сөздері оңай жатталатын қандай Алғашқы қоңырауға арналған ән бар екен? Сөзі әрі әннің қайда жатқандығын көрсетіп жіберсеңіздер алғысым шексіз.

3 жауап

+1 дауыс
МЫнандай бір ән бар екен.Айта алама білмедім.Сонда да ұсынып көрейін.
                                                  Сыңғырла, соңғы қоңырау

Мектебің – алтын ұя жарқыраған,

Ұстазың – бұлақ көзі сарқыраған.

Шыңдалып, шыңға қарай қанат қақтың,

Шарықта, жас қыраным, ақ жол саған.
Қайырмасы:

Сыңғырла соңғы қоңырау,

Тілегің болсын түлекке.

Киелі үнің күш берсін,

Үлпілдеп тұрған жүрекке!

 Орындалсын, аңсап жүрген арманың,

Арайланып атсын нұрлы таңдарың.

Туған елдің көк байрағын көтеріп,

Биіктерден көріне бер, саңлағым!

 Қайырмасы:

 Ардағым деп қуанады, ел саған,

Тарланым деп табынады, жер саған.

Болашақтың бар тізгіні сендерде,

Сенім артар азаматым, болшы аман!
+1 дауыс
ұстаз жайлы ән айтса да болатын шығар тек алғашқы қоңырау жайлы емес.
Қандай болса да болады! Мәтін әнді кім айтады. Егер бар болса, әннің қайдан алуға болатындығын айта кетсеңіздер болады.
0 дауыс
Сыңғырла, соңғы қоңырау
Дүйсенғали Қалдыбайтегі

Мектебің – алтын ұя жарқыраған,
Ұстазың – бұлақ көзі сарқыраған.
Шыңдалып, шыңға қарай қанат қақтың,
Шарықта, жас қыраным, ақ жол саған.
 
Қайырмасы:
Сыңғырла соңғы қоңырау,
Тілегің болсын түлекке.
Киелі үнің күш берсін,
Үлпілдеп тұрған жүрекке!
 
Орындалсын аңсап жүрген арманың,
Арайланып атсын нұрлы таңдарың.
Туған елдің көк байрағын көтеріп,
Биіктерден көріне бер, саңлағым!
 
Қайырмасы:
 
Ардағым деп қуанады ел саған,
Тарланым деп табынады жер саған.
Болашақтың бар тізгіні сендерде,
Сенім артар азаматым, болшы аман!


Ұстазым
Әні Әбілахат Еспаевтікі
Сөзі Аманжол Шамкеновтікі
Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын,
Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын.
Есімде әліппені жаттатқызып,
Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның.
 
Қайырмасы:
 
Ұстазым, менің ұстазым,
Өзіңмен өткен қыс-жазым.
Қалдырған ізің мәңгілік,
Жадымда тұрар жаңғырып,
Ұстазым, менің ұстазым!
 
Зердемді сен ашпасаң не етер едім?
Өмірден сыбағасыз өтер едім.
Ғажайып дүниенің сырын жайып,
Қияға қызықтырып жетеледің.
 
Қайырмасы:
 
Өзіңнен өмірге азық ала бердім,
Ұшырып мені алысқа қала бердің.
Бойымда отың кетті ұшқын атқан,
Келеді жана бергім, жана бергім!
 
Қайырмасы:
*

Ұстазым
әні Темір Тайбековтікі
сөзі Сейфолла Оспановтікі
Нұр құйған бөбектердің зердесіне,
Білімнің сусындадым теңізінен.
Шәкіртпін асыр салған жер төсінде,
Нәр алып ұстаздың әр лебізінен.
 
Жасарып жайсаң жаны жадырайды,
Алдынан түлеп ұшса балғын бөбек.
Жанының толқығанын жасырмайды,
Отырар сырттарынан жебеп-жебеп.
 
Ақ көңіл ұстаздарым, адал ниет,
Жандарың жадырасын, жасымасын.
Қайда да шәкірттерің жүрер сүйеп,
Қиындық басқа түссе қасымдасың.
*

Мейірбан ұстаздар
әні Ж. Еспаевтікі
сөзі Қ. Жұмағалиевтікі
Жайраңдап көктемім,
Күледі көкте күн.
Құшағын тұр жайып,
Аяулы мектебім.
Санама нұр құйған,
Ұстазым көп менің.
 
Қайырмасы:
 
Мейірбан ұстаздар
Санама нұр құйған
Ұстазым көп менің.
 
Биікке өрлеген,
Тайсалып көрмеген
Ұрпақтың кеудесін
Қуаныш кернеген.
Ұстаз деп ән шырқап,
Күй төккен пернеден.
 
Қайырмасы:
 
Елімнің баласы,
Ауылы, қаласы,
Кәрісі, жасы да,
Кемеңгер данасы
Қарыздар ұстазға
Адамзат баласы.
 
Қайырмасы:


Ұстазыма
әні Ә.Телғозиевтікі
сөзі Н.Әлімқұловтікі
Мұғалім ардақты ұмытылмас,
Өзіме бала күннен үні сырлас.
Нәр алып алғашқы рет сол ұстаздан,
Арманның асқарына ұмтылған жас.
 
Қайырмасы:
 
Мұғалім берген білім, ой
Бойымдағы күш жалын.
Көңілімнің нұры ғой
Сүйікті менің ұстазым!
 
Ол бейне өзім үшін алып адам,
Бойына жаман қасиет дарымаған.
Есейіп еңбекке еніп кетсем-дағы
Үйретіп, жол сілтеп жүр әлі маған.
 
Қайырмасы:
 
Бойыма алаулатып күш-жалынды,
Өмірге ұмтылдырған құштарымды.
Кеудеме білім сырын құйып берген
Ұмытпан мәңгі-бақи ұстазымды.
 
Қайырмасы:

Аяулы мекенім
әні К.Күмісбеков
сөзі Т.Молдағалиев
Сағынам сені, аяулы мекен, гүл мекен,
Балалық күнім сайраңдап сенде жүр ме екен,
Күндіз-түні сені кеудемде үнсіз тербетіп,
Алысқа кетсем, өзіңмен ылғи бір кетем.
 
Қайырмасы:
 
Сағыныш құсы
Өзіңе қанат қағады,
Күтпейді мені, күтпейді мені,
Күндерім зулап барады.
Күтпейді мені, күтпейді мені,
Күндерім зулап барады.
 
Сағынам сені, мекенім, туған гүл бағым,
Өзіңде алғаш бұлбұлдың әнін тыңдадым.
Өзіңде алғаш анамның естіп әлдиін,
Өзіңде алғаш жастықтың жырын жырладым.

Ұстазға мың алғыс
әні Б.Бейсенованікі
Мектеп-кеме, білім-теңіз,
Толқыныңда біз жүземіз.
Желбіреген ақ желкені
Ұстазым сенсің ұланымның ертеңі.
 
Қайырмасы:
 
Ұстазым,
Жыр сазым.
Бір өзіңе,
Мың тағзым,
Ұстазым.
 
Ұстаз ана, ұстаз дана,
Нұрлы жүзің жанға пана.
Менің маржан асыл сөзің
Әнұранымдай жаңғырады санамда.
 
Қайырмасы:
*
...