http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%93%D0%B8%D0%BF%D0%BD%D0%BE%D0%B7
Гипноз сергектік жағдайды жасанды түрде өзгертуден туындайды. Гипноз ерік білдіру бостандығын шектеп, біреудің еркіне бағынуды күшейтеді. Егер жауап алынушы адам келісім берсе де, гипнозды тергеу кезінде қолдануға жол берілмейді.
Гипноз (лат. hypnos -ұйқы) — сананың уақытша күйі; сана көлемінің күшеюімен және оны иландырудың мазмұнына барынша шоғырландыруымен сипатталады, мұның өзі индивидуумдық бақылау және өзін ұғыну функцияларының өзгеруімен байланысты. Гипноз гипноздаушының арнайы әсер етуінің нәтижесінде немесе мақсаткерлікпен өзін-өзі иландырудан пайда болады. Гипноздық жағдайдың өздігінен болатын ерекшеліктерін саралау керек. Күйдің өзінің тән сипаттамалары: барынша иланғыштық, гипноздан кейінгі амнезияның болуы (Гипноз сеансының мазмұнын, сондай-ақ гипноздау фактісінің өзін еріксізден ұмыту). Гипноз жағдайында субъектіге оған сананың әдеттегі жағдайында тән емес физиологиялық және психикалық реакциялар пайда болуы мүмкін. Мұның қабылдау саласына (жағымды және жағымсыз иллюзиялар), ес саласында (бүған дейінгі өмірде болған оқиғалар мен фактілерді ұмыту не еске түсіру, жаңа материалды есте сақтау процестерінің белсендірілуі), зейін саласында (зейіннің шоғырлануы мен бөлінуінің артуы), ойлау саласында (қалыпты логиканың бұзылуы немесе шығармашылық сипаттың артуы), тұлғаға қатысты әсері болуы мүмкін (мотивацияның, дағдылардың, көңіл-күйдің, кейбір тұлғалық сипаттамалардың өзгеруі, басқа адам бейнесінің иландырылуы, субъективтік уақытты ауыстырып-түйістіру). Мұндай өзгерістердііі бар екендігін арнаулы физиологиялық сынамалар мен психологиялық тестілер растайды. XIX ғасырдың ортасына дейін гипноз туралы түсініктер гипноздаушы ерекше "флюидтер" немесе толқындар таратады деп ұғынуға негізделді. И.П.Павловтың еңбектерінде гипнозға материалистік түсінік берілді. Физиологиялық теориялар гипнозды орталық жүйке жүйесінің тән сипатты күй деп қарастырады. Психологиялық теориялар гипнозды субъектінің қалыпты санасының ерекше жағдайларда өзгерген түрде функция атқаруы деп пайымдайды. Психотерапияда жанжалдарды және тұлға ұстанымдарын гипноанализдеу секілді арнаулы әдіс қолданылады. Гипноз техникасын қолдану субъект санасының функция атқаруының әр түрлі деңгейлері кезінде мінез-құлықты эксперименттік әдіспен зерделеуге мүмкіндік береді. 1. гипноз, арбау; 2. гипноз арбап ұйықтату, еркінен айыру; гипнозбен емдеу. Сендірудің ықпалымен сананың уақытша бөлініп тасталуы немесе өзінің қылықтарын саналы бақылаудан айыру. Гипноз — жасанды жолмен келтіретін ұйқыға ұқсас күй.