+7 дауыс
1.6k көрілді
Иә төрт жылдай шеккен темекіні енді шекпеймін деп ұйғардым. Типі "тастадым". Міне екі апта болып қалды. Өте бір сұмдық сезім, тамағым құрғап, кока кола ішіп әрең басып отырмын. Таңертең тұрғанда өкпем темекі шегіп ұйықтағаннан да бетер өшіп қалады. Шекпегенде өкпем ашылады ғой деп едім, керісінше сияқты ма қалай қалай өзі. Сол сұрайын дегенім, тамағым құрғап, "қақсып" отырмын. Не істеуге болады? Рахмет.

10 жауап

+5 дауыс
Қалтаңа барбарис салып ал. 1 кг алып қойсаң біразға жетеді. Өзіңе ұнайтын  соратын кампитті таңдап  үйге алып қой. Жұмыста отырғанда да есіңе темекі түсіп әуесің кетіп бара жатса қалтаңнан кампитті алып  аузыңа зыңғытып жібер. Сорып жүресің. Менің группалас балам бар еді, ол да 5-6 жыл бойы шегіп жүріп қойды да, қатты шеккісі келгенде тәтті нәрсені жеп жүрді. Көбіне сникерс жеп жүретін, ақырындап ақырындап темекіні мүлдем қойып кетті. Ал өз басым  темекіге мүлдем жоламадым. Кей кездері қызыққаныммен  сол күйі жоламай, ауызға да алмадық. :)
Ы рахмет, көрейін енді.
+1 дауыс
Электронный темекі тарта тұрсай
дұрыс таста енді жолама темекіге
0 дауыс
Ақ көп іш, таза ауамен тыныста , кекір/ ақыр/ есіне / құс ......және........ спортпен шұғылдан {{{:
нашар жауап
Сені білмейм,   әкәләрға көмектескен
кекір/ ақыр/ есіне / құс  (с)
шлактардан құтылу жолы естЪ же
өзің шлак, жоқ менде шлак, мен анандай тибетская медицина деген сектадан очищающий тонизирующий шәй алып ішіп жүрм
Тибетская? Үбәй әй жоламашы....
а кечроң сибирское здровье екен ғүә
0 дауыс
дәрігерге көріңініз дәрі жазып береді егерде ол көмектеспесе емшіге барыңыз
мынасы нес?! саумын! емшіге сенбеймін. жауабыңызға рахмет
+4 дауыс
Ерболдың жауабымен толық келісемін. Ал тамағың құрғаса аптекада сатылатын сұлыны сатып алып демдеп іш., пайдасы мол. Одан бөлек, арпа, бидайларда көмектеседі. Темекі шегуге деген әуесіңді тәтті сорудан бөлек суға шомылу да немесе өзіңе ұнайтын нәрсемен айналысу арқылы қойдыруға да болады. Яғни, әуесің кеткенде сен суға шомыл, ойыңды басқаға аудар. Кез-келген қиыншылықтың соңында бір жақсылық бар деген, шыда. Алда ғажап өмір күтеді сені)))
Орбит шайна орнына.
орбитта ,кәмпитта көмектеспеді маған,басқа амалдары болсағо ))
басым айналып, көзім қарауытып баратырғандай сияқты ма
жоқ сенде солай болама? ))))
дәл қазір сондай болып отыр, біртүрлі мақпал жүнісова елестеймаа қалай қалай өзі
Уахахаха, темекі елестейтін шыгар десем!
Пікірлер күлкілі екен. Рахаттанып қалдым го оқып! Темекінің де коланың да пайдасы жоқ! Со барбарис конфеттерді жи бесиииииииии
0 дауыс
Админге келісем.Кола іше бер.Энергетик диззи қазір дүкендерде спиртсіз сатып жатыр.әртүрлісі қызыл жасыл көк ақ сары цветті спирті жоқ.Соны ішсең шамалы болса да басыласың былайынша Админдікі дұрыс.Бірақ уақыт өте кетеді ғо.Ауырсаң ұйықта жат тв қара.Арасында шашлык жеп қайт.Көңіл көтер.Все басқа нестейсің дәрі ішпе! дәрі  ішсең организмің соған үйреніп қалад.
0 дауыс
Оның жолдары өте көп. Қарапайым амалдар көмектеспей жатса дәріханаларда арнайы темекiнi қойдыратын сағыздар, кәмпиттер сатылады.:)
0 дауыс
Ауру астан демек қазағымыз, тамағын құрғап жүрсе, суды күніне 4-5литр су ішіп жүру үшін, ащы тамақтарды көбірек ішіп-жеп жүр кенеттең соң шөлдейсің суды міндетті түрде ішкізеді және ағзаларың суға бай ауруға төтеп бере алады. Су ішіп жүр сонда ауыз қуысындағы сілекей бездері ауызыңды үнемі құрғатпай суландырып отырады әрі жтып жүрсең сонда тамағыңда құрғамайды
0 дауыс
өз-өзіңізді тежеп темекіні тастағыныңыз ерлік екен..))4жыл аз уақыт емес,осы уақ аралығында өкпеге,тамаққа айтарлықтай зиянын тигізгені анық шылымы құрғырдың.Сол себепті де,алдымен дәрігер кеңесіне жүгінгеніңіз жөн...)Және сұйықтықты әдеттегіден артығырақ ішіңіз..Кәмпитті (админ аға айтқандай),суды,сүт өнімдерін,ыстық шәйді жиі-жиi iше берiңіз..Ақыры кетеді...
0 дауыс
Кола ішкеніңнең темекі шеккенің дұрыс па дедім ғой...) Серьез айтам!
Темекіні бірден қойып кету өте  зиян, Абылай. Оны біртіндеп азайтып барып қою керек.
Қандай жағымсыз сезімде екеніңде жаза кетсей толықтырып, әлі бастамағандар біле жүрсін.
Темекі қоюына не себеп болды? (әлде, кім себеп болды?)
мамасы ұрған
муахахахах кетЧ
...