Кейбір жас өспірімдердің шашының түсі ерте ағарады, себебі неден?

+1 дауыс
7.2k қаралым
Осы неге кеибір жастардың шашы ағарып кетеді ол неден?
Денсаулық

2 жауап

+4 дауыс
Жас ұлғая келе шаш табиғи түрде ағарады. Жастың ұлғаюымен орын алған шаштың ағаруы ешкімді де таң қалдырмайды. Бірақ кейбір адамдардың шашына ақтың ерте түсуі бұл құбылыстың себебін іздеуге жетелейді.
Жастардың шашының ағаруы қарттардікіне ұқсамайды. Қарттардағы бұл процесс - табиғи функциялық шегіну сипатындағы физиологиялық өзгеріс. Ал жастардың шашының ағаруы тұқым қуудан болуы мүмкін. Ондай адамдардың ата-анасы немесе ата-әжелері ерте шаш ағару дертіне шалдыққан болуы ғажап емес. Егер мұндай тұқым қуу факторы жоқ болса, онда бұл - кейін пайда болған «шаш ауруы».
Шаш ағару ауруының себептері тым күрделі болып келеді. Мысалы албинизммен ауыратын адамдарда бұл құбылыс көп кездеседі. Немесе қоректенудің нашарлығы, көңіл-күйдің орнықсыздығы, жиі жабырқау, үмітсізденіп қамығу себебінен болуы мүмкін. Шаштың табиғи түрде ағаруы, әдетте 40 жастан соң басталады. Ал жастар арасындағы бұл құбылыс көбіне 20 жас айналасында орын алады.
Шаштың түсі меланиндердің (қара пигменттер) себебінен қарайып тұратындығын айта кетелік. Пигмент құрамы мол болған сайын шаштың өңі де қанық келеді. Егер пигменттің қалыптасу барысы кедергіге ұшыраса онда сіздің жас шамаңызға қарамай, шашыңыз ағарып кетеді.
, біз енді «Шаш неге ерте ағаруы мүмкін?» деген сауалды қысқаша былай жүйелесек болады:
1.Тұқым қуалаудан;
2. Фолликул сақтаған жасушалық пигменттердің өлуінен;
3.Пигменттік жасушалар бөлетін меланиннің сарқылуынан;
4. Белок құрамында болатын тирозиннің жетіспеуінен;
5. Жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуынан;
6. Дәрумендердің жетіспеушілігі салдарынан энндокриндік жүйенің дұрыс жұмыс істемеуінен;
7. Үнемі шаршап, аз демалып, ұйқының қалыпты болмауынан;
8. Қан аздықтан;
9.Күн астында көп болудан;
10.Ағзада мыстың жетіспеуінен.
Белгісіз
жақсы жауап............................................
Енді Жақсы жауапты басатын адам болса.....................Нани
keremet zhauap
0 дауыс

Менің ойымша шаштың ағаруы тұқымқуалаушылық, жүйке жүйесінің шаршауынан. Себебі  үнемі баспен жұмыс жасап, басшылық жасап, ойда жүретін адамдардың шашы тез ағарады. Дене еңбегімен яғни баспен жұмыс жасамайтын адамдардың шашы ағармайды.

Шаштың ағарғаны - бастың тазарғаны,

Шаштың түскені - бастың піскені деген сөздер бекер айтылмаған

127,680 сұрақ
322,222 жауап
153,247 пікір
72,704 қолданушы