0 дауыс
616 көрілді
кейде 5-6сағ агзам үйреніп кеткен  сияқты

2 жауап

0 дауыс
Жақсысын ғо мен 4 ақ сағат ұйықтайм ораза басталғалы)) Зиян  но уақыт өте келе ұйқы уақытын дұрыстап алам ал қазір бірақ жұмыстарға үлгере алмай жүрмін))
+2 дауыс
Адамзат пайда болғаннан бері неге қарай ұмтылып келеді? Әрине, мәңгілік жастыққа, ал оның ұзақтығын қамтамасыз ететін бір ғана нәрсе бар, ол...ұйқы. Ұйқы тек өмірлік маңызды ғана емес, сонымен қатар жастықты сақтап қалудың тиімді әрі тегін әдісі. Адам ұйықтап жатқан кезде жасушалары жаңаланып, терінің қалыпқа келуі қарқынды түрде жүреді. Ғалымдар адамдар үшін ұйқының өте маңызды екенін көрсеткен. Оның жүйелі түрде қысқаруы, жүйке жүйесінің бұзылуына әкеліп соқтырады. Сонымен қатар, ұйқының сапасы мен ұзақтығы да сіздің сыртқы тұлғаңызғы тікелей әсер ете алады.
    
Ұйқы ағзаға демалып, ұйықтап алуға белгі беретін, мелатин деген гармонның бөлінуімен байланысты. Ұйқының адам ағзасы үшін маңызы өте зор. Егер сіз жақсы ұйықтасаңыз, сіздің миыңыз тынығып, есте сақтау және ойлау қабілетіңіз жақсарады. Егер сіз түнді ұйқысыз өткізген болсаңыз, сіз ашуланып, жұмысқа деген құлқыңыз болмай, физикалық тұрғыдан да өзіңізді қолайсыз сезінесіз.

Ұйқы қалыпты болуы үшін қанша уйықтау керек? Кейбір мамандар адам өз өмірінің үштен бірі ұйқыда өткізеді деп айтады, демек адам тәулігіне 5-6 сағаттан кем уйықтамауы керек.

Әрине ұйқының ұзақтығы – әр адам үшін әр түрлі. Бірақ медиктер 20 мен 40 жас аралығындағылар орта есеппен тәулігіне 7-8 сағаттан кем уйыұтамауы керек. Жазда ұйқының мөлшері азаяды, ал қыста керісінше ағза шамамен бір - бір жарым сағатқа артық ұйқыны талап етеді. Бәрінен де ұйқы сағатының саны емес, сапасы маңыздырақ. Егер сіз алаңсыз ұйықтасаңыз, және сіз оянған кезде теріңіз қызғылт әрі жұмсақ болса, көзіңіз ісінбесе, сіздің денеңіз энергияға толы болса, сіздің ұйқыңыздың сапалы болғаны. Олай болмаған жағдайда, сіздің жақсы ұйықтауыңызға не кедергі болып жүргенін анықтау керек.

Шаршатумен қатар ұйқысыздық, көздің ісуіне, беттің бозаруына, көз астының қараюына, және қол діріліне әкеледі. Жақсы ұйқы – тері үшін ең мықты дәрігер.Түнде жасушалар оттегімен қанығатын болғандықтан, тері стресстен қалыпқа келеді. Оттегімен қаныққан тері өзінің зат алмасу процесін жоғарылатады, нәтижесінде тері сау әрі жас көрінеді.
...