+1 дауыс
355 көрілді
Мен өзіме ұялы телефон алғым келіп жүр. Жақсы сенсорлы ұялы телефон қарап жүрмін. Nokia, Sony Ericcson маркасындағы жаңа, программасы жақсы және жақсы түсіретіні керек еді, сондай телефон моделін айта аласыздар ма?

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Nokia
Nokia Corporation — коммуникация саласындағы ірі трансұлттық корпорация. Бас кеңсесі Финляндияның Эспоо қаласында орналасқан (Ел астанасы Хельсинкиге серіктес қала). Компания өзінің телефондары мен смартфондары арқасында кең танымал. Компанияның 120 елде өкілдіктері бар және 130 000-ға жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Компанияның сауда-саттық операциялары 150 елде жүреді, 2010 жылы жылдық табысы 42 млрд. АҚШ долларын құраса, таза пайдасы 2 млрд. АҚШ доллары болған. Компания 2011 жылдың бірінші жартысында барлық ұялы телефон нарығының 23 пайызын иеленген.

Nokia-ның негізін қалаған Оңтүстік Финляндия тұрғыны - Фредрик Идестам, алғаш жұмысын қағаз шығару өндірісімен бастаған ол әртүрлі өндірістік салаларда: қағаз, резеңке, химиялық заттар, электроника өндірумен айналысып, 1965 жылы телекоммуникация және бейнетехнологиялық бұйымдар шығаруды жолға қояды.

1980 жылдың соңында Еуропада ақпараттық технология, ірі провандер және телевизиондық жабдықтар өндіру бойынша 3-орынды иеленеді. Бренд әртүрлі нарықтық категориядағы тауарларды өндіретіндіктен, тұтынушылар арасында белгілі бір нақты сала бойынша танымал болмады.

1990 жылғы экономикалық құлдырау Nokia компаниясына үлкен ауыртпалықтар әкеліп, біршама күрделі мәселелер туындатып, зардабын тигізеді. 1992 жылы Йорма Олилла компанияға президент болып бекиді. Ол компанияның нарықтағы тауар түрінің біреуін ғана өндіріп, оны жетілдіруге баса назар аудару қажеттігін және компания жұмысының өнімділігін сонымен ғана арттыратындығын жете түсініп, ендігі іс барысын соған бейімдейді. Осылайша телекоммуникация нарығы жаңа қадаммен жұмысын бастайды.
       
Фредрик Идестам, Nokia-ның құрылтайшысы
       
Statesman Лео Мешелин, Nokia-ның құрылтайшысы

Тәуекелі мол бұл шешім ұзамай-ақ нәтижесін көрсете бастайды. Компанияның ісі алға басып, шешімнің оң болғандығын көрсетіп, мультимедиялық өнімді өндіруде компанияны бүкіл әлемге әйгілі етті. Қазіргі таңда Nokia ұялы телефонымен әлемдік нарықтың үштен бір бөлігіне ие болып, Еуропа нарығының 50 пайызын иемденіп отыр.

Nokia мультимедиялық құрылғылар мен ұялы телефондарды жетілдіруді жолға қойған жетекші компания болып саналады. Қазіргі кезде де Nokia ұялы телефон шығарушы компаниялар - бәсекелестері арасында жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізген, өнімі бірқатар артықшылықтарға ие бірден бір компания.Бұл компанияның ұялы телефондар нарығында алда келе жатқандығын білдіреді.

Концентрация Компанияның тауар нарығында көп жылдар бойы қалыптасқан әртүрлі өнім шығаруды тоқтатып, бір ғана нарық категориясына көшуі, дұрыс шешім, оң қадам болды. Осының арқасында Nokia 2002 жылы ең алдыңғы халықаралық жүз көшбасшы компанияның бірі ретінде саналып, бренд, АҚШ-та глобальді марка болып танылды.

Nokia компаниясының жеке көрсеткіштері 2010 жылы компанияның ұялы телефондардың халықаралық нарығында 32%-дық көрсеткішке (бір жыл бұрын 34%) ие болғандығын көрсетеді. Ал Garther бағалауы бойынша көрсеткіш біршама төмендеген, 2010 жылы 28,9 % (бір жыл бұрынғы көрсеткіш 36,4%)болған. Компания жуырда нетбук жасап шығаруды жоспарлап отыр, оның алғашқы Booklet 3G үлгісі жұртшылыққа
Сондықтан Nokia алуды ұсынам!
Улкен рахмет жауабыңызға...
0 дауыс
Нокиа жақсы.Мен өзім Нокиа 5228 ұсынамын.Жақсы суретке де жақсы түсіреді...Өзіме ұнайды.Бірақ біреулерді айтуынша Уже не в  Модада емес екен....
0 дауыс
Nokia жақсы ғой.(40 әріптен кем болмасын)
0 дауыс
Нокиа жақсы.............................................................
...