+3 дауыс
8.4k көрілді
Және Қадыр түні туралы не білесіздер? Қадір түні періштелер жерге түсіп, тілектерді алады деген рас па?

9 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

1.Ықлас сүресін 100 рет оқу керек. 

Бисмилләһир рахмәнир рахим. Қуль һу уаллаһу аһаді. Аллаһус самаді. Ләм иәлиді, уә ләм иуләді. Уә ләм иәкуль ләһу куфууән ахаді.

Ықлас сүресінің қазақша мағынасы: «Алла біреу ақ. Алла мұңсыз. (әр Нәрсе Оған Мұқтаж). Ол тумады да туылмады. Әрі Оған ешкім тең емес». 

2.Қадыр сүресі – 100 рет. 

Бисмилләһир рахманир рахим. Иннә әңзәлнәһу фи ләйләтил қадыр. Уә мә әдракә мә ләйләтул қадыр. Ләйләтул қадри хайрум минәл фи шәһр. Тәнәззәлул мәләикәту уәр руху фи һә биизни раббиһим мин кулли әмр. Сәләмун һиә хатта мәт ләғил фәжр.

Қадір сүренің қазақша мағынасы былай болып келеді: «1. Біз Оны (Құранды) қадір түні түсірдік. 2. Қадір түнінің не екенін білесің бе? (Аллаһ Тағала білдірмесе) қайдан білесің? 3. Қадір түні мың айдан да артық. 4. Ол түні Аллаһтың рұқсатымен кез-келген іс үшін Рух пен періштелер түседі. 5. (әсіресе ол түнді ғибадатпен өткізгендер үшін) таң атқанға дейін Аллаһтың рақымы мен есендігі жауады».

3.Лә иләһә иллаллаһ, Мухаммәдур расулуллаһ – 100 рет.

Қазақша мағынасы: Алладан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі.

4.Әшһәду әллә иләһә иллаллаһ, уә әшһәду әннә Мухаммәдән ғабдуһу уә расулуһ – 100 рет.

Қазақшасы: Алладан басқа ешбір тәңір жоқ және Мухаммед Оның Елшісі және құлы екендігіне куәлік беремін.

5.Астәғфируллуһ – 500 рет.

6.Лә иләһә иллаллаһ уахдәһу лә шарикәләһ, ләһул мулку уә ләһул хамду, уә һуә ғалә кулли шәйин қадиир – 100 рет.

Айта кетейік, Қадір түнінде бір рет Қадір сүресін оқу, басқа уақытта Құран кәрімді хатым еткеннен де артық сауап. Қадір түні бір рет «Субханалла», бір рет «Әлхамдулилла», бір рет «Лә илаһа иллалла» деп айту 700 мың тәсбих, тахмид және тәһлилден құнды болады. Бұл түні қой сауымындай уақыт (аз уақыт) намаз оқу, ғибадат ету бір ай барлық түндерді таңға дейін ғибадат етуден де құнды.

 

Қамшының сабындай қысқа ғұмырын құлшылықпен өткізіп, Алла тағаланың разылығын табуды қалаған құлдар үшін ең қасиетті түн – Қадір түні. Оның қасиеттілігі сол бұл түнде жасалған құлшылықты Жаратушы Иеміз мың айда жасалған ғибадаттан артық деп қабылдайды. Мың ай қарапайым арифметикалық жолмен есептегеннің өзінде сексен үш жылдық мерзімді қамтиды. Ал кейбір ғалымдар мың деген санды араб халқы негізінен «өте көп» деген мағынада қолданады. Сондықтан Құранның: «Қадір түні мың айдан қайырлы» деген аятындағы «мың» сөзі де «өте көп» деген мағынаны береді деп есептейді. Бұл жағдайда ол сан одан да өсуі мүмкін.

Түннің «Қадір түні» деп аталуын ғалымдар бұл түнде Алла тағала адамдардың келесі жылғы тағдырын, яғни өмірі мен өлімін, рызық-несібесін, бақытты немесе бақытсыз болуын т.б. жазатындығымен байланыстырады. «Қадір» және «тағдыр» сөздерінің түбірлестігінен де осыны аңғаруға болады.

Бізден бұрынғы үмметтердің бізге қарағанда әлдеқайда көбірек өмір сүргендігі анық. Мәселен, Зұл-Қарнайн патшаның дәуірінде адамдар бес жүз жыл шамасында өмір сүрген. Сол дәуірлердегі адамдардың арасында мың айды ғибадатпен өткізбесе, өзін құлшылық етуші деп санамайтын кісілер болған. Олар осы мақсатқа жету үшін уақыттарын барынша ғибадат жасаумен өткізген. Ал енді жүз жыл шамасында ғана өмірі бар біздің үммет үшін мынадай мың жылға татырлық түннің нәсіп етілуі Алла тағаланың мұсылман үмметіне берген үлкен нығметі.

Түннің «Қадір» деп аталуының өзінде терең мән бар. Бұл түнде қадірлі үмметке қадірлі Кітабымыз түскен. Үмметтің қадірлі болатындығы Пайғамбарымыз (с.а.с.) мәңгі сапарға аттанарда, Жәбірейіл періштеден өз үмметі туралы сұрағанда, ол Алла елшісін (с.а.с) екі нәрсемен сүйіншілеген болатын. Жәбірейіл періште: «Алла Тағаланың жәннатына Сен кірмейінше ешбір пайғамбар кірмейді және сенің үмметің кірмейінше ешбір үммет жұмаққа кірмейді» деп сүйіншілеген еді. Олай болса, бұл түнде қадірлі үмметтің қадірлі пайғамбарына қасиетті Құран түсті.

Құран Кәрім – мұсылмандар өміріне басшылық ететін, пайда мен зиянның, жақсы мен жаманның, тура жол мен адасудың ара жігін ажыратып беретін баға жетпес құнды кітап. Олай болса, мүминдер үшін бұл кітап түскен түннің қадірі аса жоғары екендігі сөзсіз. Әрине, ғалымдар арасында Құранның түскендігі анық, алайда оның жер бетіне немесе көктің соңғы қабатына түскендігі туралы әркелкі пікірлер бар. Бір топ ғалымдар: «Құран Қадір түнінде аспанның соңғы қабатына бүтіндей түскен, содан соң жиырма үш жыл бойында Пайғамбарымызға (с.а.с) жеке-жеке аят, сүре қалпында түсіп отырған» деген пікірді ұстанады. Бұл топ ғалымдардың арасын да Ибн Аббас, Саид ибн Жәбир т.б. ғалымдар бар. Ал екінші топ ғалымдар «бұл түнде Пайғамбарымызға (с.а.с.) Құран Кәрімнің «Алақ» сүресі түсе бастаған» деген тұжырымды дұрыс деп санайды.

Қадір түнінде Жәбрейіл мен бүкіл періштелер жер бетіне түседі. Бұл туралы Құран Кәрімде: «Періштелер мен Рух түсіріледі» деген аят келтірілген. Мұндағы «Рух» сөзіне байланысты ғалымдар арасында Жәбірейіл періште ме, әлде ол арқылы түскен Алланың мейірімі ме, немесе одан басқа бір періште ме деген әр қилы тұжырымдар жасаған. Бірақ көп ғалымдар оны Жәбірейіл періште екендігіне тоқтаған.

Қадір түнінің нақты уақыты анық белгілі емес. Бірақ Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хадис шәріптері Қадір түні Рамазан айының соңғы он күнінің бірі екендігіне әсіресе, тақ түндерін іздеу керектігін нұсқайды. Ғалымдардың көзқарастары бойынша, бұл түн Рамазан айының тақ түндерінің біріне, әсіресе, 27-ші түніне сәйкес келеді. (Қараңыз: Бұхари, Қадір, 3; Мүслим, Сиям, 216)

Бұл түннің шығу тарихы жөнінде мынадай мәлімет бар: Пайғамбарымыз (с.а.с.) Алла тағалаға: «Уа, Раббым, менің үмметімнің өмірлері қысқа, амалдары аз» – деп дұға еткен. Сонда Алла тағала Пайғамбарымызға Қадір түнін сыйлады және былай деді: «Қадір түні саған және сенің үмметіңе мың айдан артық» (Сафуату тәфасир, ІІІ т., 1525 бет).

Қадір түніне қатысты мынадай бірнеше маңызды деректер айтылып жүр:

1- Құран Кәрім толық күйінде «Ләухул Махфуздан» дүние көгіне, Бәйтул Иззәтқа Қадір түні түскен. Бұл – адамзат үшін өте маңызды оқиға.

2- Бұл түнгі ғибадат – құлшылық мың айда жасалған құлшылықтан артық.

3- Алла тағала адамдардың тағдырындағы келесі жылы болатын жазмыштарды періштелеріне бұйырады.

Абдуллах ибни Аббас (р.а.) және Имам Әбул-Хаттаб әл-Басридің айтуынша, бұл түні келесі жылға дейін болатын әр түрлі маңызды оқиғалар туралы Алла тағаланың тағдыры періштелеріне аян болады.»

4- Имам Сәһл ибн Абдуллах: «Алла тағала бұл түні мүмін құлдарына рахымын төгіп, кешірім сыйлайды,» – дейді.

5- Бұл түні Рух (Жәбірейіл періште) пен көптеген періштелер жер бетіне түседі. Имам Хамд ибн Ахмад: «Бұл түні жер бетіне түскен періштелердің көптігі сонша – жер беті періштелерге сыймай кетеді» деп көрсеткен.

Қадір түнін қалай өткізген жөн?

Алла тағала адам баласын тек қана Өзіне құлшылық етсін деп жаратқаны хақ. Сондықтан мұсылмандар күнделікті өмірлерін құлшылықпен өткізуге тырысады. Олай болса, мың түннен қайырлы бұл түнде түрлі құлшылықтар жасап, нәпіл және қаза намаздарын оқып, Құран оқып, тәубе етіп, кешірім тілеп, өзіміз және басқалар үшін дұға жасауға болады. Алла елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім Қадір түнін артықшылығына сеніп, Алла тағаладан сауап күтіп, құлшылықпен өткізсе, оның өткен күнәлары кешіріледі» (Бұхари, Қадір, 1);
Айша анамыз Пайғамбарымыздан (с.а.с.): «Уа, Алланың елшісі, Қадір түнінде қандай дұға жасайын» деп сұрағанда, Расулуллаһ (с.а.с.): «Алаһуммә иннәкә афуун, түхиббүл афуа, фағфу анни (Алла Тағалам, Сен кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің, менің күнәларымды кешіре гөр!)» деп дұға етуге кеңес берді.
Сондай-ақ бұл түнді рухани дүниемізді байытатын діни кітаптар оқып, діни сауаттылығымызды арттыруға бағытталатын бейнефильмдер мен бағдарламаларды көрумен өткізуге де болады.
Қадір түнін өткізуде түні бойы дастархан жайып қою шарт емес.
Түннің барлығын ғибадатпен өткізе алмайтын кісілер, тым болмаса, түннің бір бөлігін құлшылықпен, ізгі амалдармен өткізуіне болады.
Алла тағала бұл түнде жасалған бүкіл құлшылықтарды қабыл етсін. Әмин.

А.Ноғаев
ҚМДБ уағыз-насихат бөлімінің қызметкері

+3 дауыс
Айлардың сұлтаны Рамазан айында Алла тағаланың пенделеріне нәсіп еткен шексіз мейірімінің бір айғағы. Бұл айда Аллаһқа мойынсұнған жұмыр басты пенделеріне сауап жинаудың өте көп мүмкіндіктері берілген. Бұл туралы пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) өзінің мүбарак хадистерінің бірінде   «Мұсылмандар үшін  бұл айдан қайырлы ай жоқ » , – дейді. Міне осы хадисте айтылғандай Рамазан айында шексіз мейірімді Жаратушы Алла тағалаға жасалған игі істердің сауабын еселеп беріп, Өзінің жомарттық сипатын айдай әлемге паш етеді. Айталық, осы Рамазан айындағы бір ғана Қадір түнінің өзі мұсылмандарға жайшылықтағы мың айдан көп сауап сыйлайды. Рамазан айының 26  – нан 27 – не қараған түні, яғни 2012 жылдың тамыз айының 14 – нен 15 – не қараған түн Қадір кеші болады.  Жалпы, мұсылман әлемінде қасиетті кештер мен айтулы күндер жетерлік. Соның ішіндегі ең маңыздысы, әрі бірегейі – қасиетті Рамазан айындағы Қадір кеші. Араб тіліндегі «қадр» сөзі «мән – маңыз», «өлшем» деген мағыналарды білдіреді. Сонымен қатар, «құдірет» мағынасын қамтиды.  Қадір кеші – адамзаттың ақ пен қараны айыратын түн және де барлық жақсылық атаулының бастау қайнары көзі болып саналатын қасиетті Құран Кәрім аяттары түсе бастаған түн. Қадір кеші жөнінде пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с):  «Басқа уақыттарда әрбір жақсылықтың сауабы он есе болса, Ережеп айында жүзден асады. Шағбанда үш жүзден асып, Рамазанда мың есеге артады, жұма түндері мың еседен асып, Қадір түнінде отыз мыңға дейін жетеді», – десе, тағы бір хадисінде:  «Кім қадір түнін сенімімен, артының қайырлы болатынынан үміт артып өткізсе, оның бұрынғы барлық күнәсі кешіріледі», – деген. Қадір түні Рамазан айының соңғы онкүндігінің бірінде өтеді. Ислам ғұламаларының пәтуасы бойынша, Қадір кеші рамазан айының 26 – сынан 27 – сіне қараған түні деп белгіленген. Осы кеште барлық періштелер жер бетіне ізгі амалдар үшін жіберіледі. Бұл кеш – жасаған әрбір ізгі амалдар мен құлшылықтардың, қайырымды істердің сауабы мың еселеп жазылатын түн. Және де мың айдың сауабын нәсіп етеді. Құранның «Қадір» сүресінде бұл айдың мың айдан қайырлы екендігі кеңінен айтылған.  Сондықтан оның қадір – қасиетін Жаратушымыздың өзі «Қадір» сүресінде:  «1.  Біз Оны (Құранды) қадір түні түсірдік. 2. Қадір түнінің не екенін білесің бе? (Аллаһ Тағала білдірмесе) қайдан білесің? 3. Қадір түні мың айдан да артық. 4. Ол түні Аллаһтың рұқсатымен кез  -  келген іс үшін Рух пен періштелер түседі. 5. (әсіресе ол түнді ғибадатпен өткізгендер үшін) таң атқанға дейін Аллаһтың рақымы мен есендігі жауады», – деп баяндайды.  Ал мың ай 83 жыл, 4 айға тең. Бұл бір адамның өмір бойы Алла – тағалаға құлшылық етуімен бара – бар мәселе.  Қадір түнінде мұсылмандар топ – топ болып, жамағатпен жергілікті мешіттерде имамдардың уағыздарын тыңдап, көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алып, көптеген ізгілікті амалдарды үйреніп, таң сәресіне дейін құлшылықпен өткізгені дұрыс.  Қадір кешін кейбір азаматтардың денсаулығына, тағы басқа да жайттарға байланысты өз үйлерінде қарсы алуларына да болады. Жалпы, бұл – адамзат баласын бірлікке, ба­уырмалдыққа, ата – ананы құрметтеуге, отбасы мүшелерімен жақсы қарым – қатынаста болуға шақыратын рухани кеш. Сондай – ақ, қадір кешінде мынадай орындайтын амалдар бар: Сол күні кешкі ауызашарда дұға – тілек ету, құптан намазында 20 ракағат тарауих намазын оқу, Құран, хадис кітаптарын оқу немесе пайғамбарымыздың (с.а.с) өмір тарихын оқу, Қадір кешінде таң атқанға дейін төрт рәкағат нәпіл намазы оқылады. Осы намазды оқып болған соң Алла – тағаладан кең байтақ еліміз Қазақстанның тыныштығын, барша адамзатқа, өзімізге, отбасымызға амандық, ризық несібе тілеп, бұл дүниенің және ахыреттің  барша жамандығынан аман болуды тілеу қажет.  Тәспі тарту Қадір кешінде түнгі сағат 2 мен 5 аралығында «Таһажуд», «Қажет» намаздарын оқуға болады. Бұл намаздар 4 ракағат  етіп оқылады. Қадір кешін мүмкіндігі болғанша ұйқысыз өткізу қажет. Алайда бұл ұйықтап қалған жағдайда күнә саналмайды. Қадыр кешінде ұйықтамау керек екен деп уақытты құмар ойындарын ойнап немесе жағымсыз фильмдер көріп, бос өткізу күнә болып саналады. Осындай мүбарак кеште ата – ананы, алыс – жақын ағайын бауырларды, дос – жарандарды құттықтап, арнайы сый – сияпат беріп, көңілдерін көтеру ең жақсы амалдардың қатарына жатады.  Пайғамбарымыз:  «Кімде  -  кім Қадір түнін иманымен және сауап үмітімен өткізсе, оның күнәлары ғапу болады», – деп айтқан. Бұл түні Алла –  тағаланың әмірімен барлық періштелер жер бетіне Алла – тағаланың рахметін жеткізу үшін жіберіледі. Демек, Қадір кешінде істелген құлшылық мың айдан да жақсырақ.  «Кім Рамазан айыны ң оразасын шын иман ж ә не ы қ ыласпен  ұ стаса,  ә рі  Қ адыр т ү нін шын имам ж ә не сауап  ү мітімен  ө ткізсе, оны ң б ұ рын  істелген  к ү н ә лары  кешіріледі»  Хадисті Әбә Һурайрадан (р.а.) Имам Насаи риуаят етті.  Сахабалардың бір тобына түстерінде Қадыр түні көрсетіліп, ол Рамазан айының соңғы жеті түннің бірінде болатыны аят етілгеннен кейін Расулуллаһ (с.а.с.):  Мен сендерді ң к ө ргендері ң Рамазан айыны ң со ңғ ы жеті т ү нінде  ұ штасатынын к ө ріп т ұ рмын. Сонды қ тан,  Қ адыр т ү нін іздеген адам, оны Рамазан айыны ң со ңғ ы жеті к ү нінен іздесін »,- деп айтты.» Хадисті Ибн Омардан (р.а.) Имам Бухари және Имам Муслим риуаят етті.  Расулуллаһ (с.а.с.) Рамазанның соңғы он күндігінде мешітте өткізіп:  « Қ адыр т ү нін Рамазан айыны ң со ңғ ы к ү ндігінен ізде ң дер» ,-деп айтатын. Хадисті Айша анамыздан (р.а.) Имам Бухари және Имам Муслим риуаят етті.  «Расулулла һ (с. а .с.) айларды ң ішінде Рамазан айында,  ә рі Рамазан айыны ң со ңғ ы он к ү ндіг інде  құ лшылы ққ а ерекше ыжда ғ аттылы қ  білдіретін.»  Хадисті Айша (р.а) анамыздан Имам Муслим риуаят етті.  Қадір түнінің нақты белгіленген уақыты жөнінде ғалымдар арасында келіспеушіліктер болған, алайда олардың барлығы Қадір түнінің Рамазанның соңғы он түндерінің бірінде екендігінде бір ауыздан келіскен. Ол туралы пайғамбарымыз (с.а.с) былай деп хабарлаған  «Қадір түнін Рамазанның соңғы он тақ  түндерінің бірінде күтіңдер»  Имам Әбу Иса әт -Тирмизи  «Қадір түні жиырма бірінші, жиырма үшінші, жиырма бесінші, жиырма жетінші және Рамазанның соңғы түніне сай келіп жүрген пайғамбардын (с.а.с) жеткен»  Қадір түнінің белгілері жайында Убада ибн Самиттен Аллаһтың Елшісі пайғамбарымыз (с.а.с) Қадір түнінің белгілері туралы былай деп айтқаны жеткен:  «Қадір түнінің белгісі оның таза әрі жарық, ал айдың ол түні бейне бір жарқырап тұрғандай болатыны. Бұл түні таң атпайынша жұлдыздардың лақтырылуына руһқа берілмейді. Оның тағы белгісі таңертең күн сәулесіз, толған ай секілді түзу болып шығады, әрі шайтандарға онымен бірге шығуға рұқсат етілмейді».  Бірақ  Рамазанның соңғы он түндерінде Алла тағалаға ықыласпен және дұрыс құлшылық еткен әрбір мұсылман Қадір түні жасалған құлшылық үшін уаде әріетілген ұлы сыйын алады, тіпті егер ол оның дәл қай түні өтіп кеткенін білмей қалған болса да.  Алла тағала баршамыздың тұтқан ораза, 5 – уақыт намаз және  тарауих намаздарымызды Қадір түнінде өткізілетін әр – бір  құлшылықтарымызды, Жаратушы иеден  тілеген барша дұға – тілектерімізді  қабыл етсін. (әмин)
+1 дауыс
Ия тілегің кабыл болады ...............................
+1 дауыс
Қадір түніне өз басым сенем.Шын ниетіңмен тілесең бар тілегің орындалады!
+3 дауыс
студент кезімде қадір түнін қарсы алуға мешітке бардық, сонда бір ақсақал көптеген әңгімелер, уағыздар айтты, біраз жастарды айналасына жинап алып, сонда менің есімде қалғаны мүмкін ол атаның қиялынан шыққан әңгіме болар бір ақ мен сендім, әлі де сенемін, сонда былайй деп еді "қадір түнінде періштелер жерге түседі, адам кейпінде, сол түні танысаңда танымасаңда кездескен адамның қолын алып амандасып жүр" деп содан бері әр қадір түнін қарсы алғанда солай етіп келемін.
+1 дауыс
Қадір түніне бар ниетімен сенемін!
+1 дауыс
Иә, солай дейді, демек рас.
–3 дауыс
Не тілейсіңдер сонда??? Тек ақша тілейсіңдер ғой. Байыдыңдар ма енді???
Қателесесіз.Мен бойымдағы имандылықты нығайтуды,денсаулықты,жәннәттан орын,татулық,рухани байлық,т.б. тіледім.Әрине материялдық жағынан да сұраймыз.Адам қадір түнін күткенде бір жылдық тағдыры шешіледі(келесі қадір түніне дейін).Кім айтты сізге?Бәрі ақша сұрайды деп?Ол күні жер бетіндегі барлық тастардан да көп періштелер түсіп аминь дейді.Тілектеріңіз қабыл болсын
Ол періштелерді көрдің ба???  Ақшаң жоқ болса  аштан өліп қаласың ғой, не қайыршы болып қаңғып қаласың. Маған сол перішталер келсе ақша алар едім да, бірінші қиналып жүрген, ауырып жатқан туыстарыма ақшалай көмек беріп, үйленбегендерін үйлендіріп, тойына үй силап, одан артылған ақшаны балалар үйіндегі тастанды, жетім қалған балаларға,  жағдайы жоқ мұсылмандарға бөліп берер едім, олар да бір қуанып қалар еді періштелерге сеніп. Мен айтар едім ғой бұл ақшаны періштелер берген деп түсіндіріп.
Тілегіңіз орындалмай құдайдан қатты көңіліңіз қалған адамдай жаздыңыз ғой.Сайтқа енді кіріп жатқан қолданушылар болса дінсіз біреу екен деп қалар
Дәлелмен жазыңдар құрғақ сөздерге ермей. Мен мұсылманмын, сондықтан истинный шындыққа көз жеткізуім керек, сондықтан да, шындықты дәлелмен ашық айтамын. Сендердің көздерің ашылсын деп. Баке сен де тасадан аяғымды шалғың келіп тұрады не ол ???  қойса сондайыңды шайтани пиғылыңды.  Аллаға қапа болғанымды қашан көрдің!
Осы уақытқа дейін нығаймаған бойыңдағы имандылық енді нығая қала ма екен. Жұмысқа тұру үшін таныс іздеймін деп қойса тағы да.
Кейбір сұрақ-пікірлеріңіздің ұнамайтынын жасырмаймын.Кейде эмоцияға ерік беріп артықтау жазып қойсам кешіріңіз.Бірақ дін мәселесіне келгенде бәріміздің сиынатымыз бір Алла.Сондықтан ақиқатқа көз жеткізгенін қаласаңыз Алла сақтасын сіздің аяғыңыздан шалуды.Періштелерді көрдіңбе депсіз Қадыр түні періштелердің жерге түсетіні қасиетті Құранда жазылған.Оларды адамның көруі міндетті нәрсе емес қой.
Ей,қысқасы,өзің не ойлайсың,соны ойлап жүре бер.Қыстырылыспай!
0 дауыс
Қадыр намазы туралы Құранның қай жерінде айтылған?

Ұқсас сұрақтар

...