+1 дауыс
2.9k көрілді
![enter image description here][1]


  [1]:

2 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазір хакер-деп біреу айтса, ойына тез сайт сындыру немесе логин сындыру келеді. Заман сондай болып кеткен. Ал негізі хакер-дегенді дұрыс жағынан қарастырайық!
Сайт немесе логин, яғни интернетке зардабын тигізетін адамдарды "крэкер"-деп атайды!
Сіз қандай хакер болғыңыз келеді? Төмендегі хакерлердің түрін атап кетейін:
Ақ шляпалы хакер (The Whitehat Hacker) – кейде оларды “әдепті хакерлер” деп атайды, себебі олар рұқсатсыз жүйелерге кірмейді. Олар, керісінше, интернетте қауіпсіздікті сақтау туралы пайдалы мақалалар, блог жазып, кеңестер беріп отырады.
Сұр шляпалы хакер (The Greyhat Hacker) – ақ және қара шляпалы хакерлердің ортасында тұрады. Олар оңай олжа табу үшін немесе жаман пиғылда жүйені бұзбайды, дегенмен олар әдетте рұқсатсыз жүйені бұзып тұрады. Сүрлардың қара шляпалы хакерлерден ерекшелігі олар жеке ақпараттарды алу үшін жүйені бұзбайды. Көбінесе әкімшілерге жүйенің әлсіз, қате тұстарын білдіру үшін, жүйені әдейі бұзады және бұл туралы әкімшілерге ескертпе береді. Ал кейбіреулері әкімшілер өзі білсін деп ескертпеуі де мүмкін.
Қара шляпалы хакер (The Blackhat Hacker) – қара шляпалы хакерлер өз жеке мүдделері үшін жүйені бұзатын хакердің түрлері. Олардың мүдделері ақша тонап, пайда табу, саяси мүдде немесе ермек үшін уақыт өткізу болуы мүмкін. Заңды құрметтеу, әдептілік сақтау деген сияқты түсініктер қара шляпалылар үшін жат нәрсе.
Аруақ-хакер (The Ghost Hacker) – аруақ сияқты көрінбейді, сондықтан оларға осындай лақап қойған. Олар, негізінен, жоқ болып, көрінбей жүреді. Өз ісіне, яғни жүйені бұзуға кіріскенде лақап ат астында жүріп, өз ізін жасырып, ұсталып қалмай, қамырдан қыл суырғандай жұмыс жасайды. Оларды ұстай алмауының себебі, аруақ-хакерлер өз ісіне өте мықты мән береді, ең бастысы, олардың білімі жоғары, тәжірибесі мол, өз істерінің ұсталары болады. Олардың екі өмірі болады: бірі – шынай осы өмір, екіншісі – интернеттегі виртуальды өмір. Шынайы өмірде қарапайым маман сияқты өз жұмысын жасап білдірмей жүре береді, ал интернетте де шын ниетін жасырып, қарапайым қолданушы сияқты көрінеді. Хакерлік шараларды атқаратын компьютерлері де көпке белгісіз жерлерде сақталады.
Скрипт-кидди хакер (The Script Kiddy) – оларды ешкім хакер деп мойындамайды. Себебі хакер болатын дәрежеде компьютер, сервер, желі туралы білімдері жоқ. Негізі скрипт-киддилер бағдарлама кодтарын жаза алмайды, тек қана өздері сияқты хакерлер бас қосатын форумдарда бос әңгіме жазумен уақыт өткізеді. Қысқасы, олар өздерін хакер болуға әуес мақтаншақ хакерсымақтар.
Осының біреуін таңда! Ескертіп кетейін кейбір мәліметтер басқа сайттан алынған!
Бағдарламаның тілін жақсы білсен хакерсін!
(The Ghost Hacker)





(The Ghost Hacker)-4ші суреттегі!
Белгісіз
базар жоқ
енді түсіндім рахмет)!
+3 дауыс
Бағдарламалау тілдерін білу керексің... Онсыз ештеңе істей алмайсың... Оның үстіне хакерлер сауатты жазу керек... Ағылшынша білуің керексің, компьютер системасы ағылшын тілінде, бағдарламалау тілдері де ағылшынша істелген... Өз тіліңді құрметтеу керексің
...