Дәрілік қасиеті ерекше - дермене жусаны фармакология ғылымында –Artemisiacina Berq деп аталады. Ежелден халық дермене жусанының жапырақтарын, гүлдерін, тұқымдарын және сабақтарын дәрілік шикізат ретінде пайдалана білген. Алдын оның сабағының жоғары тұсындағы жапырақтарын гүлі ашылмай тұрған кезде жинап алады. Гүл жармай тұрғанда, жапырақтарында улы зат – сантонин пайда болады. Содан кейін гүлі мен сабақтарын жинайды. Сантонин ұнтағынан -ішек құрт ауруларын емдеуге қолданатын күшті дәрі-дәрмек дайындайды. Дермене жусанының атағын шығарған осы сантонин ұнтағы. Дермене жусанның бұтақшасы Шымкент қаласының таңбасында (герб), "Ордабасы" футбол командасының таңбасында бейнеленген.