0 дауыс
502 көрілді
Шымкенттегі Бекжан базарынан кейін енді міне Мега ойын-сауық сауда орталығынан өрт шықты дегенді естідім. Неге? Неден екендігін білетін адам бар ма?

1 жауап

0 дауыс
«Мега» ойын сауық орталығындағы тілсіз тажал толықтай ауыздықталды. Бұл сәтте өрттің неліктен шыққаны анықталып жатыр. Өрт қанша шаршы метр аумақты шарпығаны да хабарланбауда. Оқиғаға байланысты жабылған жолдар ашылды.Алдын-ала мәліметтерге сүйенсек, «Мега» орталықтың жылу сақтағыш изоляциясы өрттің шығуына себепші болыпты.
Еске сала кетейік, Шымкенттегі «Мега» сауда орталығынан сағат 16:00-де төтенше жағдай орын алған болатын.
Оқиға орнында төтенше жағдай департаментінің 4 өрт сөндіру машинасы мен 50 қызметкері жұмыс жасады. Өрт ірі сауда орталығынң үшінші қабатынан шыққан болатын. Сол мезетте-ақ, орталықтың сатушыларымен қонақтары, алушылары, барлығы жүзге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілген болатын. Бір қуантарлығы жапа шеккендер жоқ.
Мәлімет көзі: HTTP://WWW.OTYRAR-TV.KZ
...