+1 дауыс
1.1k көрілді
қалай құтылсам болад?сәл нәрсеге езіліп жылай берем.Қуанышты жаңалық естісем,біреу маған айналаиын күнім деген сияқты жылы сөз айтса немесе мен туралы жақсы пікір айтса,мақтаса,сәл ауыр сөз естісем, жүрегім елжіреп жылап қоя берем,өз-өзімді ұстағанның өзінде көзім мөлдіреп шыға келеді)))не істеймін?

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Көңілге қатты қабылдамау керек. Кез келген дүние көз жасына тұрма бермейді шындығында. Мейлі жақсы, мейлі жаман оқиға болсын. Барлығы да қарапайым. Адамдар қандай ниетпен айтып тұрғаны белгісіз, мал аласы - сыртында, адам аласы - ішінде деген. Әр нәрсені көңілге алмас бұрын, оны ой елнгінен өткізген дұрыс, бұның айтып тұрғаны шынымен шын нәрсе ме, өтірік пе, өтірік болса - демек мазақтап тұр!
Өз парызын орындап жүрген адамды мадақтау - оны мазақтаумен тең деген жақсы сөз бар, ағылшын фельдмаршалының. (с)?
+1 дауыс
Ия, бұндай жағдай менде де болады! Біреу мақтаса әлде біреуден ауыр сөз естісем  еріксіз көзімее жас келеді! Баз біреулер боладығой, мұндай жағдайды ешнарсе болмағандай қабылдап, жүре беретін...! Өмір болғасын бәрі болады! Сондықтан  жаңағыдай "біреу мақтаса, ауыр сөз естісе, біреу айналайын жаркыным" деген сиякты сөздерді  естігенде барінде  жай ғана жүрекке жақын алмауға, сабырлықпен жеңе білуге өзімді-өзім тәрбиеледім! Саған айтарым қандай жағдай болмасын жүрекке жақын алмауға тырысу керек! Болған жағдай сол жерде  қалу керек! Осы сияқты принциптерді ұстансаң "Бұл стресстен" құтыларсың деп ойлаймын!
0 дауыс
Менің ойымша жылауықтық күйзелістің әсерінен болады. Сондықтан күйзелістен құтылудың жолын қарастырыңыз. Психологпен кеңесіңіз.
Рия

Көзбояушылық, екі жүзділік, яғни өзін өз барынан басқаша етіп көрсету.
Аллаһу та’ала Құран кәрімде былай деген: «Намаздарын ғафлетпен оқыған адамдарға қатты азап болсын. Адамдардың жанында намаздарын риямен оқиды. (Жалғыз қалған кезде намаздарын тәрк етеді.) Зекет және қарыз беруді тоқтатады. (Мүмин сүресі 4-7)       
«Дүниеде ғибадаттарын риямен жасаған адамдарға қиямет күні; Ей жаман адам! Бүгін саған сауап жоқ. Дүниеде ғибадаттарыңды кімдер үшін жасаған болсаң, сауаптарыңды солардан сұра! -деп айтылады.» (Хадис шәриф – Тәбйин-ул-Мәхарим)
Рия жасайтын адамның үш белісі бар: Жалғыз қалған кезде жалқау болады. Адамдардың арасында өзін еңбекқор етіп көрсетеді. Мақталған кезде көп еңбек етіп, жамандалған кезде еңбегін азайтады. (Әли радиаллаһу анһ)
Ғибадаттың апаты – риямен жасау, басқа адамдардың есітуі немесе көруі үшін және Аллаһу та’аладан басқалар үшін жасау. (Абдуллаһ Исфахани)
0 дауыс

Жалқаулық – тәфрит, ал асығу – ифрат. Жалқаулық – қазір жасалуы керек болған істі кешіктіру, кейінге қалдыру деген сөз. Хадис шәрифте: «Тәсуиф еткен (қайырлы іс жасауды кейінге қалдырған) адам құриды»делінген. Асығып, ол істі ойланбай істеу ифрат. Асыққан адамда босаңдық және жабырқаңқылық пайда болады. Қайырлы істі орындау үшін асыққан адам, ол ісі кешігетін болса жабырқауға, үмітсіздікке түседі. Дұға етеді, дұғасының дереу қабыл болуын қалайды. Дұғасы кешіксе, дұға етуді тастап қояды, мақсатынан мақрұм қалады. Асыққан адамның ықыласы, тақуалығы бұзылуы мүмкін. Күмәнді нәрселерге, тіпті харамдарға кіруі мүмкін. Өйткені хадис шәрифтерде былай делінген:

«Асығу шайтаннан.» (Тирмизи)

«Асыққан адам қателеседі.» (Бәйһақи)

Кейбір нәрселердің ережеге бағынбайтын ерекшеліктері болатынындай, асығудың да ережеге бағынбайтын кездері болады. Кейбір кездерде асығу сүннет болады.

...