+2 дауыс
4.0k көрілді
18 жаста тұрмыс құрған дұрыс па?

5 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Негізі  қазақта айтадығой  жеті қасиетте "Қызды ұзатуға асық" деп! Қыз баласы ана болуға жаратылған дейді! Бірақ қазіргі заманда оқып  жоғары білім алу керек! Өз-өзін  алдағы уақытта қамтамасыз ете аладыма? Соны ойлау керек! Қыз баласына 20-23 жаста тұрмысқа шықса да кеш емес! (Жігіттер қауымы 25 жастан кейін отау құрса да кеш емес). Кейбіреулер бұл пікірмен келіспейтін де шығар! Бірақ бұл менің ойым! Қазіргі уақытта  қазақ қыздарымыз  мектеп бітіре салысымен, 15-16 жасында тұрмысқа шығып, кейіннен опық жеп жатады! Жақсылап ойланып сосын шешім қабылдау керек деп ойлаймын!
Сіздің ойыңызға толық қосылам!!!
+1 дауыс
Меніңше тыым ертее.Қыз бала 20 жаста да тұрмысқа шығып үлгереді ғой.
0 дауыс
Бұл ойландыратын мәселе. Бірақ ерте  тұрмыс құрғандары да дұрыс. Қыздарға мансап, атақ куудың еш  қажеті жок. Кыздарға отбасынын анасы, асыл жар, ардақты ана боп отырғаны қандай жарасымды.
Сіз, ойлап қараңызшы, сонда қыздар 11 жыл босқа оқыған ба? Әр нәрсенің өз орны бар екенін ұмытпаңыз...
+2 дауыс
Жоқ, мүлде дұрыс емес...Алла сақтасын...Білім нәрімен әрі қарай сусындап, жетістіктерге  жетіп, соның жемісін көргені дұрыс... Бәрінің өз орны бар...
Мына айтқаныңа қарап күлкімді тия алмадым, 18 жаста тұрмысқа шығу жай қалды 15 жастан бастап жүр кейбір жандар жалпы айтқанда әркім өзі біледі
Сізбен толық келісем. Ал,  Ескендір мырза, я 18-ге жетпей ерте шығып жатқандар бар. Бірақ, олар  балалықпен, қызықпен шығып жатыр менің ойымша. Ол артын ойлап шыкты деп айта алмайм.
+1 дауыс
Меніңше екі жас бірін-бірі сүйіп, ата-аналары рұқсатын берсе ДҰРЫС деп ойлаймын. Қазіргі кезде көптеген қыздарымыз тұрмысқа кеш шығып, 1-2 баладан артық босанбайды. Ал біздер Қазақ елі санымызды көбейтеміз деп асығудамыз.
Қыз баланың 18 жаста тұрмыс құрғаны дұрыс. Қазақта мақал бар Байтал шауып бәйге алмас деген. Осыны есте ұстаңыздар. Келешегіміз көркейсін десеңіздер қыздарымыздың ардақты ана, асыл жар болып, өз орнын біліп , бала тәрбиесіне барын салып міндетін атқарса содан асқан бақыт бар ма десеңізші  Ол соның жемісі емес пе
...