0 дауыс
1.4k көрілді
Ал мынаған ше?
Бұған не дейсіндер


Лондонда 6 алтын алғанменен көп ҚАЗАҚҚА болып тұр намыс қайғы
Біраздан бері жұрттар айтып жатыр меніңде намысымды жаныштайды
Шетелдерден спортшы сатып алып соларға ұлт намысын табыстайды
Оларды ақша үшін алдап-сұлдап намысыңды қорғауға  намыстайды
Қайдағы грузинмен шешен емес кілемде қазақ неге алыспайды
Винакуровқа мінгізбей велосипед өз ҚАЗАҒЫМ неліктен жарыспайды
Футболдын масқарасы белгілі ғой аяқтары доппенен қарыспайды
Алтынның қаңылтырдай құны барма қазақтарға сыйласа орыс бәйгі
ҚАЗАҒЫМ намысынды өзің қорға әліде ойланғайсың ол іс жайлы
Әйтпесе Саттарханов көрден тұрып қайтадан қазақ үшін болыспайды
Шетелден сатып алған спортшымен ешқашан қоржындарын толыспайды
Бауыржан бабам айтқан бір сөз бар ед ол қалай той үстінде тоғыспайды
"Жалдап алған солдаттар майдан болса ешқашан жанын салып соғыспайды"..................................

11 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазақстан халқының осындай "Лондон - 2012 " олимпиадасында  дәл қазіргі уақытта 6 алтын медальмен   толтырғандары  қандай жақсы, нұр үстіне  нұр!  Бейжің, Сидней олимпиадаларында жеңсіке жеткен халықтың жүрегінде  мәңгі орын алған Бекзат Саттарханов, Алия Юсупова, Мұқтархан Ділдәбеков, Бақтияр Артаев, осындай  мақтан тұтар жеңімпаздарымыздың   бары Қазақстан халқының мерейін үстемдетеді!  Қазіргі  болып жатқан "Лондон 2012" олимпиадасында қазақ жұртына қуаныш сыйлаған Мая Манеза, Зульфия Шиншанло, Александр Винокуров, осындай спортшыларымыздың саны көбейе берсін! Намысқа тиіп, бір қынжылтатыны, қазақ ұлтынан жарыс алаңына шықпағаны,  осындайда  ойланып қалады екенсің "Шетелдіктер ақшаға сатып алынған, неге ұлты қазақ спортшысы  жоқ" деген сынды ой келеді! Алдағы уақытта  өзіміздің қазақ жұртынан көк туымызды  көк аспанға желбірететін, мақтан ететін спортшыларымыздың саны арта берсін! Бұған сенімдімін! Барша қазақстандықтарды "Лондон-2012" олимпиадасындағы жеңістерімен құттықтаймын, қуанышты ұзағынан сүйіндірсін!!!
россияда да таза орыстар емес алып жаткан алтынды, аттары орыс болсада мардвансиакты улттар, ол жакта хакастардын озінін аттары орысша, кобіне кавказдыктар алады алтынды, шет елден Казахстанга спортшы келсе келсин, алемде тек Казахстанда гана деп ойламандар барлык елде бар бізге ол білінбейді, мысалы женіл атлетик Едіге Жаров деген жайында окындар казір канаданын женіл атлетин котерип жатыр , елде жагыдай жок кезде кетип калган, онын тол шакірті Люхин америкада актобелик орыс бала атакты бала, ол жайында да интернетте макала бар, Едіге жазган Казахстанна коп деген мыкты спортшылар елдегі ахуалга байланысты шет елдерге кеткен азір ол елдерден келу онайга сокпай жатыр, шет елден дым спортшы тартпаган корші елдер не утып жатыр? 7 алтыннын з алтынын лигионер алып берді калганы оз жеріміздін Казак орыстары,
0 дауыс
Ұлты Қазақтар бар,Бірақ 100 процент қазақ жоқ...Мен де осыған өкінемін,әрине...
Лондонда 6 алтын алғанменен көп ҚАЗАҚҚА болып тұр намыс қайғы
Біраздан бері жұрттар айтып жатыр меніңде намысымды жаныштайды
Шетелдерден спортшы сатып алып соларға ұлт намысын табыстайды
Оларды ақша үшін алдап-сұлдап намысыңды қорғауға  намыстайды
Қайдағы грузинмен шешен емес кілемде қазақ неге алыспайды
Винакуровқа мінгізбей велосипед өз ҚАЗАҒЫМ неліктен жарыспайды
Футболдын масқарасы белгілі ғой аяқтары доппенен қарыспайды
Алтынның қаңылтырдай құны барма қазақтарға сыйласа орыс бәйгі
ҚАЗАҒЫМ намысынды өзің қорға әліде ойланғайсың ол іс жайлы
Әйтпесе Саттарханов көрден тұрып қайтадан қазақ үшін болыспайды
Шетелден сатып алған спортшымен ешқашан қоржындарын толыспайды
Бауыржан бабам айтқан бір сөз бар ед ол қалай той үстінде тоғыспайды
"Жалдап алған солдаттар майдан болса ешқашан жанын салып соғыспайды".............
Бұған не дейсін????
Бұған  былай деймін: .Тап бір Олимпиядада қазақ алтын алып көрмегендей жазыпты ғой бұл өлеңді.Бекзат,Ермахан,Үшкемпіров...... сияқты қазақ ағаларымыз да алтын алған.Инш Алла жалғасы да болар сабыр сақтап күте білсек.Сосын сатып алған деп жоқ жерден дау шығарудын керегі жок.Мына өлеңді шығарған қайсысы   екен?
+1 дауыс
Мен үшін бәрібір! Қай ұлт болса да, Қазақстан атынан қатысып жатыр ғой!Жарқын жетістіктерге де жетуіміз сол кісілердің күш-жігерінің арқасы!)))
Тамаша жауап! Қазақстан үшін алтын алып беріп жатқанына рахмет. Ол батырларымыз болмағанда қазақ елін 10-дықта көрінбес еді.
+1 дауыс
6 алтынды қанжығамызға байлаған "ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР". Олар Көк туды желбіретіп , әнұранды шырқатып жатқанда Қазақ емес деп өкінудің қажеті жоқ.Әлі алдымызда 6 күн бар.Сонда бір қазақ бір алтынды алып берер деген тілек  бар.
Тілегің қабыл болсын ИНШАЛЛАХ ЖАНСАЯ
+2 дауыс
Әттең-ай осы 6-нда қазақтар алғанда ғой дейсің,  бірақ қазақ болмаса да, Қазақстанның атынан шығып отыр, елімнің жалауы көтеріліп, әнұранымыз орындалды....Алда 6 күн бар. Үмтімді үзгем жоқ, қазақтар алады деген сенімдемін! Одан кейін де олимпиадалар болады.
Талай қазақ шығады алтынды алып,
Бүкіл елді таң қалдырар тік тұрғызып
"Кім? Қай ел?" дегенде: "Қазақтар ғой Қазақстанның"
Дер әлі талай шет ел халықтары!
0 дауыс
Бауырлар!!! Ұлтшыл болмайық, елін сүйген патриот болайық!!! Орыс қазақ өзбек деп бөлінетін заман емес. Көк байрақтын астындағы көп ұлтты елміз және ҚАЗАҚСТАНдықтармыз!!! әлем орыс алды, сол үшін алтынды есептемейміз деп отырған жоқ қой. Кім алсада "Қазақстан" 16 млн халқымен көптеген державаларды басып кетті деп тағ қалып отыр. Сондықтан сабырлықпен ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ тағы алтын алуына тілек білдірейік.
Афинада 1 алтын, жалғыз ҚАЗАҚ Бақтияр Артаев. 40 -ншы орында болдық.   2 Алтын Өзбекстан 34 орын, 3 млн халқы бар Жаңа Зеландия 24 орын!!! Ішің қалайша күймейді?
Ал қазір ше? 6 алтынмен 8 орында тұрмыз. Осы кезге дейін Ресейді де басып, абыройлы ел болып отырмыз. осыған қуанайық. Осыған дейін алтын алғандарға ҮЛКЕН АЛҒЫС білдіремін, және тағыда АЛТЫН алуға Аллам қолдауын салсын!!!
0 дауыс
Әрине қатты қынжыламын.Әсіресе, біздің үйде жұмыс жасап жатқан өзбектер бар еді солар көріп"біреуі де қазақ емес қо "деп айтқанда керемет намыстанып кетем..Мүмкін басқа елдер де солай аитатын шығар... Дегенмен Қазақстанның атынан шығып мерейімізді өсіріп жатыр ғой,рахметім көп оларға.Әрі бәрін де сатып алған жоқ қой,Илья Илин,Венакуров,Рыпаковалар жергілікті Қазақстандық орыстар емес пе?!)Жалпы, Ресейге жыным келетін eді солардың алдында тұрғанымыз үшін бақыттан басым айналып жүр.Алдағы уақытта да солай болсын деп тілеймін)
0 дауыс
Таңертең теледидарда Ильяға бір журналист қазақша сұрақ қойып жатса соны түсініп жауап беріп жатыр, сосын жаңағыы журналист ендігі олимпиадаға қатысасың ба деп қазақша сұрап еді... "Кудай каласа" деп қазақшалап жауап берді.
йәә.кеше сол сөзін естіп мәәз болдық қо..енді басқалары да қазақша үиренсе екен!
0 дауыс
Қазақ болмасада Қазақстанның атынан барып, Қазақстанның атын шығарып тұр ғой)))
–1 дауыс
КӨТРИОТтық,жалған намыс,нацист.

Біләә,енді солай айту қалып ед.Мысалға балаңды қазір күрес және боксқа қатыстырасың ғо.Басқа ештеңеге қатыстырмайсың.Басқа Қаззақтарда сондай бокс күрес,ал мен соларға :"Ее балам жеңіл атлетикаға беріп жатырмын десем,сол қазақтар күлетіні хақ.Еще менсінбейді айтатын:Жеңіл атлетикамен не табады.Ертең жігіт болғанда өзін-өзі қорғай алама деп.Сосын олар Қазақстанда туылды.Дайындалды.Енді жолын кеспейсің ғо,"ЖОҚ ҚАЗЗАҚТАР қатысады деп." Қазақтар ондай спорттарға жатырқайд.Бар кінә өзімізден.Кеше "Азиада 2011" бір тренер айтып ед.Қазіргі уақытта қысқы спорт түрлерімен айналысып жатқан қаззақтардың саны саусақпен санарлық деп.
0 дауыс
*Әне көреалмаушылық басталды. Олардың ұлты басқа болғанмен жүректері қазақ деп соғады. Мысалы: алдындағы Илья Илин мен Алмас Өтешов шыққанда Илья өзінің Алмастан күшті екенін дәлелдеді. Оған халықтың өзі куә болды.
Керісінше алтын алып жатқанымызға қуаңыз. Бұл патриоттық сезім емес, бұны өз к--тін өзі ашу деп --атайды. Оларды ешкім сатып алған жоқ. Қазақстанда тұратын Отандастарымыз.
Ал қазақтар мықты болса алтын алмай ма? Толтырып қазақтарды шығарайық ақшаны жойып. Қазақтарда мықты халық, оған шүбәм жоқ.*
Есіңізде болсын Олимпияда да тек жүзден жүйріктер келеді.
Қазақтарға алтын беріп жатса да жақпайды. Сонда осылай жылана берсек не болып кетеміз.
...