*Қазіргі заманның белсенді адамы барлық жағынан жаңа белестерге ұмтылады. Олардың өмір сүру салты, киім киісі, өзін-өзі ұстау әдебі не болмаса өмірлік ұстанымдары да басқаша. Кейінгі кезде өркениетімізде «дресс код» ұғымы пайда болды. Саналы азамат бүгінгі күні сырт келбетіне үлкен мән береді. Олар киім таңдауда бірінші, бұл киіммен қай жерге қандай мақсатпен баратынын, және ауа райы мен жыл мезгіліне қарап, ойша саралап барып таңдайды. Бұл жерде «дресс-код» ұғымын дұрыс түсіну маңызды.*
Дресс код *(ағылшын сөзі dress code - киім кодексі) – арнайы іс-шара мен мекемеге арнап киілетін киім формасы.*
*Үлкен ұйымдар бүгінгі күні қызметкерлердің сыртқы образын қатаң қадағалайды. Әсіресе, маңызды кездесулер мен жиналыстарда оған қатысушылардың сыртқы түрі өте маңызды. Тіпті іскерлік сұхбатқа келген адамның, бірінші кезекте, сыртқы келбетіне қарайды. Қатаң сақталған дресс код, яғни киім үлгілерін банктер мен мейрамханалардан көруге болады. Кейбір беделді ұйымдар ұйым жарлығына немесе еңбек келісім-шартына дресс кодты арнайы бөлім ретінде енгізеді.*
Тарихы. *«Дресс код» терминін алғаш болып Ұлыбритания халқы қолданған. Аз уақыт ішінде-ақ бұл термин бүкіл әлемге жайылды. Бастапқыда адамның киіміне қарап, белгілі бір ортаға бағынышты екенін білдіру үшін осындай киімдер тігілген. Арнайы компанияға тән дресс код сол бірлескен ұйымның жалғасы іспеттес: лауазымы мен қызметіне қарай киінген қызметкер жұмыс орнының немен айналысатынын, сондай-ақ мәдениеті мен тазалығын, ұйымшылдығын бір киіммен көрсетуге септігін тигізеді. Мұндай ұйымдар дресс код тәртібін бұзған жағдайда арнайы жаза қолдануға дейін барады.*