+1 дауыс
668 көрілді
Қыялымның көктемі!!!

Қыялымның кезіп жүрмін көктемін,
Көңілімде қалар емес көп белгің
Менен жырақ жылап мейлі жүрсеңде,
Қатарына қоспаушы едім көптердің


Қызығамыз көп қараймыз көктемге,
Мұң артады шық боп тұрган көктерде
Саган деген сагынышым сәл алыс,
Ойдан емес жүрегімнен кетпеуде


Бұлыңғырдай бұлдырайсың көзіме,
Сезімімді сағынасың сезіне
Не жетеді айтшы гүлім екеуміз,
Бірге болган сол бір кештің кезіне


Елес құшып есіңді алған ертеден,
Сені ойлаған саттерімді ертемен
Таң атқанда түстерімнен оянып,
Сол қызыққа еріксізден ертер ем


Түнге ғашық түңілетін тағдырың,
Жанарыңнан жасқа малып тамды мұң
Сағынышым саған деген сұраусыз,
Махаббаттың бақтарында бар мұңым


Жаның жылы мамығындай жібектің,
Жүрегімді жұлмаладың жүдеттің
Ақылымның сұрағына ойланып,
Жауабына жүгінемін журектің автор АРМАН БИІМБЕТОВ пікірің болса айта бер

4 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
*Жақсы өлең!!! Әрқашан талантыңыз шыңдала түсуіне тілектеспін!))*
рахмет айтканыңыз келсін
+1 дауыс
Өте әдемі жазғансың маған қатты ұнады))))))))))))Жарайсың!!!!!!!!!
рахмет мен тек осылай жазам сенімді түрде
0 дауыс
Жалпы жақсы бастама,ақындығыңызға сөз жоқ!Сұрақ-жауапқа емес,өз өлеңдеріңізді Айтабер танымдық блогтұғырына жариялағаныңыз жөн деп есептеймін,сонда жақсы ұпайлармен шектелесіз!
Ия сиздики дурыс бирақ мен осындағы оқырманның пікірін білгім келд.Дұрыс түсініңіз
Дұрыс түсініп тұрмын,бірақ Айтаберде де жақсы пікірлер айтылады,сосын ол жақта сұрақ-жауап сайтының адамдары бар,шабытыңыз шыңдала берсін!!!
0 дауыс
Керемет нағыз махаббат деп соққан жүректен шыққан жыр екен маған ұнады.Айтаберге жариялауыңа кеңес беремін атам қазақ айтадығой "Сын түзелмей,мін түзелмес" деген өнерің өрге өрлесін,талабыңа нұр жаусын!
...