0 дауыс
1.1k көрілді
Сәлеметсіздер ме! Менің қояр сұрағым: менің жасым 16-да, паспорт алдым. Менің жасымдағылар колледждің 1-ші курсын бітіріп, студент атанып жатыр. Мен поездға мінгенде, өзімнің жүруіме болады ма? Бұрын жүре беретін едім..енді поезда тексеру, түсіріп кетеді деп естіп жатырмын..жолға шығуға бір жағынан қорқып..немесе тума-туыстарыммен бірге мінсем, маған  сенімхат (доверенность) керек пе? Яғни, паспорт алған адамға, тумаларымен немесе таныстарымен жолға шыққанда сенімхаттың қажеті бар ма?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Салем!) Жеке куәлік алған азамат немесе азаматша сенімхатты алу міндетті емес. Бұрын туу туралы куәлікпен жүргенде сенімхат міндетті еді, және туған - туыс,  әкең - анаңмен бірге жүру тиіс болатын..... Ал енді қолыңда жеке куәлігің бар. Еш қорықпай поезға мініп жүре бер, сенімхаттың қажеті жоқ.
Көп рахмет!
+1 дауыс
Әрине нотариалды сенімхат болса ата-анаңыздан, ол қағазбен алыс шет елдергеде шыға аласыз. Қазақстан бойыншада ата-ана сенімхатымен жүру артық етпес. Сондықтан заң жүзінде болғаны дұрыс
мм, түсінікті, жауабыңызға рахмет!
+1 дауыс
*Өз басым поездбен жүргенде тек жеке куәлікпен жолға шықтым,жолсеріктер билет пен жеке куәлікті ғана тексерді.Сенімхат сұраған жоқ.Мүмкін сендер жақта тексеріс қатаң шығар,сол үшін сенімхатты алып жүру артық етпес..*
мүмкін)...жауабыңызға рахмет!
...