+4 дауыс
716 көрілді

3 жауап

+3 дауыс
дамуға ешкім үлес қосып жүрген жоқ керісінше кино саласын өлтіріп жүр "келін"сияқты қазақ менталитетіне лайық емес фильмдермен
Дәл осы "Келін" киносына қатысты бір - біріне қарама - қайшы пікірлерлер бар. Мен енді екі тұрғыдада айта кетсем, аталмыш кинода анайы дүниелер көрсетілген, мен оны жоққа шығармаймын. Бірақ, мұнда қазақ киносы деген бірде - бір ақапарат жоқ. Басында шығады емес пе. Алтай б.з.б 2-3 эра ғой деймін қателеспесем, деп... яғни, бұл дәуірде қайдағы қазақтар?.. Бұл кім мықты, кімнің күші мол сол әлсіздерге зұлымдық көрсететін, әлі өркениет қанат жаймаған тағылық (варварлық ) кезең. Қазіргідей, дамыған қоғам емес. Біздің түсінбей жүргеніміз, осыда ғой. Негізі, бұл дыбыссыз түсірілген фильм. Әлемдік жүлдені жеңіп алған. Себебі, ондағы идея өте мықты. Киноны бүкіл әлемнің осы саладағы кәсіби мамндары кәсіби дәрежеде бағалады. Ал, біз?...Киноның соңында ана қыз тірі қалады да, басқасын бәрі де өледі. Мұндағы идея -зұлымдықты жеңу.Соларды өлтіру арқылы режиссер жер бетіндегі жамандықтың барлығын өлтіргісі келді...Ал, әйел тірі қалды. Себебі, ана - ол болашақтың бастауы, ол ұрпақтардың дәнекершісі. Мейірімділіктің символы. Сіз ойлап қалмаңыз, Назира бұл киноны жақтап отыр деп. Мен тек өзіндік көзқарасымды білдірдім. Біздің түсінгеніміз осы.
+3 дауыс

Бұл сұрақтың жауабын мен дөп басып айта алмаймын! неге десеңіз, тәуелсіздікке 20 жыл толғанына байланысты кино түсіріліпті! соны көргеннен кейін барлығымыз  осы сайтта талқылармыз, бұған дейінгі қазақ киноларының дамығанын көрген жоқпын! кемшіліктері өте көп.  бұған кінәлі әрине парақорлық пен қазақымайлық! елімізде кино жағынан өзіндік үлесі зор ешкім жоқ! болғанның өзінде бітіріп жатқан ештеңесі жоқ! 

Жақсы, Үміт ханым, сіздің ойыңызша, біздегі кино саласы кенжелеп қалуда. Жақсы. Сіз көрсете аласыз ба, қандай жолдар арқылы біз ҚАЗАҚ КИНОСЫН ДАМЫТА АЛАМЫЗ?

жастар жоғары білім иесі болуы керек,

мамандар өз жұмысын жүйелі түрде ретімен орындауы керек,яғни жұмысқа салғырт болмауы керек,

жастарда  елді дамыту үшін аз да болса патриоттық сезім керек, ол қазір азайып бара жатқан сияқты, меніңші осы  жағдайлар тұрақтанса,мұндай сұрақ енді сіз бен біздің көкейімізді теспес еді!

Үміт ханым, мен сіздің көрсетіп отырған тұжырымдарыңызбен келісісемін, алайда бұлардың барлығы да субъективизмге кетіп қалыпты. Ең бастысы, бізге техниканың мүмкіндіктері жетіспей жатыр, тамаша туындыларды түсіруге... Егер, басқа дамыған елдердегідей техникамыз болса, біз тың идеялы, мықты - мықты киноларды түсіре алатын едік.
ол да дұрыс!
+3 дауыс
маған ұнаған қазақ киносы "Менің атым қожа""Атаманның ақыры"Банданы қуған Хамит осы фильмдер көруге тұрарлық сіздер қытайдың Ип Мен деген фильм көрдіңіздерме отан сүйгіштік қандай үйлесім тапқан отанын сатпайды нағыз патриоттық  фильм
Әрине, біз салыстыра алмаймыз кезінде түсірілген "Менің атым Қожа" мен "Бандыны қуған Хамидті" қазіргі кездегі кинолармен. Әрбір киноның өзіне тән ерекшелігі, жеткізер идеясы болады...

Сіз көрсетіпсіз ғой, қытайдың "Ип Мен" киносын, ол киноны қалай табуға болады. Егер, сізде сілтемесі болса, жіберіңізші, көрейік...
...