Дәл осы "Келін" киносына қатысты бір - біріне қарама - қайшы пікірлерлер бар. Мен енді екі тұрғыдада айта кетсем, аталмыш кинода анайы дүниелер көрсетілген, мен оны жоққа шығармаймын. Бірақ, мұнда қазақ киносы деген бірде - бір ақапарат жоқ. Басында шығады емес пе. Алтай б.з.б 2-3 эра ғой деймін қателеспесем, деп... яғни, бұл дәуірде қайдағы қазақтар?.. Бұл кім мықты, кімнің күші мол сол әлсіздерге зұлымдық көрсететін, әлі өркениет қанат жаймаған тағылық (варварлық ) кезең. Қазіргідей, дамыған қоғам емес. Біздің түсінбей жүргеніміз, осыда ғой. Негізі, бұл дыбыссыз түсірілген фильм. Әлемдік жүлдені жеңіп алған. Себебі, ондағы идея өте мықты. Киноны бүкіл әлемнің осы саладағы кәсіби мамндары кәсіби дәрежеде бағалады. Ал, біз?...Киноның соңында ана қыз тірі қалады да, басқасын бәрі де өледі. Мұндағы идея -зұлымдықты жеңу.Соларды өлтіру арқылы режиссер жер бетіндегі жамандықтың барлығын өлтіргісі келді...Ал, әйел тірі қалды. Себебі, ана - ол болашақтың бастауы, ол ұрпақтардың дәнекершісі. Мейірімділіктің символы. Сіз ойлап қалмаңыз, Назира бұл киноны жақтап отыр деп. Мен тек өзіндік көзқарасымды білдірдім. Біздің түсінгеніміз осы.